ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Отан отбасынан басталады«Отан отбасынан басталады» деп айтып кеткен ата-баба сөзінде терең мән-мағына жатыр. Шын мәнінде, әрбір отбасы өзінше бір Отан. Отбасы деген сөздің өзіне терең үңіліп көрейікші. Ол біздің жанымыз жабырқағанда, қаунышқа бөленгенде ішкі тебіреністерімізді бөлісетін және өзімізді ең еркін, жайлы сезінетін баспана, жылы ұямыз. Отбасы шағын Отан. Оның басшысы отбасының қамқоршысы мен тіреуі – әке. Әке отбасына қатысты бар мәселелерді шешіп, өз отбасының намысын қорғау жолында бар күш-жігерін салады. Сондай-ақ, отбасы мүшелерінің де өзіндік атқаратын міндеттері бар. Баршамыздың осы ұядан ұшып шығатынымыз шындық. Отбасына деген сағыныштың жүрек түкпірінде мәңгілік сақталатыны, оның бізді ақ үрпек балапан шағымыз-дан жылы бауырына басатыны, бізді мәпелеп, өмірдің қатал заңына тәрбиелейтіні. Сондықтан отбасы мүшелері бір-бірі үшін жанын қиюға да даяр тұрады. Сол сияқты Отанды қорғау да әр азаматтың азаматтық парызы. Отанымыз алдындағы азаматтық борышымызды орындау мақсатында бар күш-жігерімізді салып аянбай еңбек етсек, бір-бірімізбен етене жақын болсақ, біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін дейтін тамаша бірлікті сақтай алсақ, онда біз бағындармайтын биік жоқ.
Отбасы - сыйластық, жарастық орнаған орта, кішкентай Отан.
Денсаулық – зор байлық Денсаулық — табиғаттың ең қымбат сыйы. Күнделікті жұмыста жүргенде, деніміз сау болғанда, денсаулықтың қадірін біле бермейміз. Аздап ауырсақ, өзіміз білетін дәрі-дәрмектерді ішіп жазылып кетуге тырысамыз. Дәрігерге бара қоймаймыз. Шын мәнінде кез келген аурудың алдын алуға болады. Ол үшін не істеу керек? Ең алдымен, спиртті ішімдіктер мен темекі шегудің зиянын білген дүрыс. Темекі түтінінің құрамында 30-дан астам зиянды заттар бар. Әсіресе жас балалар мен қарттарға темекі тартуға болмайды. Бұл заттар - қатерлі ісіктің пайда болуына тікелей себептер. Ішімдікке салынып кетуге болмайды. Ішімдікті жақсы көретін адамнан бақытсыздықтан басқа ештеңе күтуге болмайды. Лев Толстой: «Спиртті ішімдік адамның денсаулығын құртады, ең қорқыныштысы — адамның рухы мен ұрпағын жояды», -деген болатын. Денсаулық сақтаудың алдын алуға болады. Ол үшін дұрыс тамақтануға, уақытында демалуға, дене қимылымен айналысуға көп көңіл бөлу қажет. Әсіресе жасы ұлғайған адамдарға майлы тамақтарды көп жеуге болмайды. Оның орнына сүт, көкөніс тамақтарын пайдаланған дүрыс. Денсаулық сақтауда дұрыс тамақтаудың маңызы зор. Ал спортпен айналысу — денсаулықты жақсартады. Спорттың ең қарапайым түрі — жүгіру. Күн сайын таңертең үйдің маңайында, саябақта жарты сағаттай жүгіруе болады. Егер жүгіруге дәрігер рұқсат етпесе, таңғы таза ауада серуендеуге болады. Әр түрлі жаттығулар жасауға болады. Қазақстан Республикасының азаматтарының денсаулығы мықты, рухы биік болса ғана біз болашақта елімізді өркениете аламыз.
Елордасы – Астана Астана қаласы – 1998 жылдан бастап мемлекетіміздің әкімшілік-саяси орталығы. Сонымен қатар мәдениет пен өнер, білім мен ғылым, озық технологиясы уақыт талабына сай дамыған қала. Бас қаламыздың тарихы ертеден басталады. Қазіргі зерттеулерде қала маңында ортағасырлық Бозоқ қаласының орны табылды. Ал жаңа дәуірге келсек, 1832 жылы Есіл өзенінің жағалауына Ақмола сыртқы округінің негізі қаланды. Содан 1961 жылға дейін қала Ақмола, одан кейін – Целиноград деп аталды. Ал 1992 жылы Ақмола атауы қалпына келтірілді. Президент Н.Ә.Назарбаевтың 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Астана қаласы деген атауға ие болды. Бүгінгі өркендеген жаңа Астанамызда көптеген зәулім ғимараттар мен ескерткіштер, даңғылдар мен көшелер бой түзеуде. Астана қаласы үш ауданға бөлінеді. Олар: Алматы, Сарыарқа, Есіл аудандары. Астанада көптеген мәдени орындар мен театрлар: К.Байсейітова атындағы ұлттық опера және балет театры, Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театры, М.Горький атындағы орыс драма театры,Тәуелсіздік сарайы, Бейбітшілік және келісім сарайы, Президенттік мәдени орталық, Конгресс-холл, «Жастар» сарайы, «Қазақстан» концерт залы, қалалық филармония бар. Елордамызда көптеген жоғары оқу орындары мен колледждер, мектептер мен балабақшалар, балалар қалашықтары бар. Солардың ішінде Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, С.Сейфуллин атындағы агротехникалық университетін, Астана медицина академиясын, Қазақ ұлттық өнер университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін, Еуразия гуманитарлық институтын айрықша атауға болады. Еліміздің бас қаласында спорттың дамуына да үлкен мән берілуде. «Қазақстан», «Алатау», «Астана» сияқты спорт кешендері, велотрек, мұз айдыны мен «Астана-Арена», Қ.Мұңайтпасов атындағы стадиондар соның куәсі. Қаламыздың көрікті жерлерінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайы, С.Сейфуллин мұражайы мен Қазіргі заман өнер мұражайлары орналасқан. Сонымен қатар қаламызда «Мега», «Керуен», «Хан шатыр», «Думан» ойын-сауық орындары, «Еуразия», «Рамстор», «Астаналық», «Әлем», «Түркістан» секілді үлкен сауда орталықтары ашылған. Ел мақтанышы Астана – ХХІ ғасыр қаласы ретінде әлемдік өркениеттен лайықты орынға ие болып келеді. Астананың үш ерекшелігі Бүгінгі таңда Астана әлемдегі үздік астаналардың отызының қатарынан орын алады. Қазақстан астанасы әлемге аты танымал архитекторлардың қызығушылығын тудырып отыр. Мұнда сәулетшілердің ең батыл идеялары іс жүзіне асуда. Қала картасында күн сайын жаңа нысандар пайда болуда, олардың арасында қайталанбас, бірегей нысандар да бар. Жас астананың ерекшелігі - Астана қонақтарын шаттандырар үш нысананы атауға болады. Олар: Бәйтерек, Бейбітшілік және келісім сарайы, Думан ойын-сауық орталығы. «Бәйтерек» жұмыртқасын әлем ағашының ұшына салған Самұрық құсы туралы туралы көне аңызды білдіреді. Ол 97 метр биіктегі «ағаштың ұшар басымен» аяқталатын салмағы үш жүз тонналық күн сәулесімен жарқыраған шар түрінде. «Бәйтеректің» тамаша дәстүрі бар: келушілер еліміздің тұңғыш Президентінің алақанының бедерлі ізіне қолдарын қойып, қалауын айта алады. «Бәйтеректің» етегі мен оны қоршаған алаңға гүл шоқтарынан «кілем» төселген.
«Мінез және келбет» Мінездің мәні мен мағынасының ұғымы кең. Ол – адамның бар болмысын, сезімін, көзқарасын қаз қалпында елестетеді. Адамның мінезі өзгере ме? Ел ішінде «мінез өзгермейді» деген ұғым бар. Мінез сәбилік пен кәмелеттік жас аралығында отбасының қасиеттеріне сәйкес, ата-ананың үлгісімен, отбасының мәдени-тұрмыстық, әлеуметтік жағдайларында негізін қалайды. Одан соңғы кезеңде адамдармен қарым-қатынас, қоғам мен орта, еңбек, тіршілік, ізденіс пен талпыныс, сәттілік пен сәтсіздіктің әсерімен тұрақты мінез қалыптасады. Кейде, әсіресе жастық шақта, үлгі тұтқан азаматтарға еліктеп немесе тағдыр тәлкегімен тектілік мінезде жасандылықтың пайда болуы мүмкін. Бірақ ол табиғи бітімге терең сіңбейді. Мінез бұрынғы қалпына тез түседі. Мінездің көрінісі өте көп. Адамды әр қырынан танытатын мінез екі бағытты: ақылмен астарлас келісті мінез және қым-қиғаш қылықты теріс мінез. Көңіл шалқытар жадыралық, шабыт шақырар жарқындық, адами ажарды ашу, асаулықты басу – келісті мінез. Ал, тұрлаусыз ауытқымалы, ала көңілді, шиелі.
«Қазіргі тұрғын үй» 1995 жылғы 30 тамызда қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясында азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін барлық жағдайдың жасалуы қаралған. Тұрғын үй мәселесі өмірдегі ең басты мәселе болған және бола да береді. Ф.Энгельс: «Бір нәрсені өндіру үшін адамдардың тамағы, киімі және баспанасы болу керек...»,-деген. 1993 жылғы 6 қыркүйекте ҚР Президентінің Жарлығымен «Жаңа тұрғын үй саясатының мемлекеттік бағдарламасы және оны жүзеге асырудың механизмдері» бекітілді. Қазақстан Республикасындағы жаңа тұрғын үй заңдылығы. 1992 жылғы 1 маусымда Қазақстан Республикасының тұрғын үй кодексі қабылданды. Қазіргі кезде негізгі заңшығарушы актілердің қатарында ҚР-ның 1997 жылғы 16 сәуірде қабылданған «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңы жатады. Тұрғын үй заңдылығы жатақханалар мен қызметкерлерге берілетін мекемелердегі мекенжайларды бөлу мәселесімен де шұғылданады. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан әр адамға 15-18 шаршы метр, ең кемі бір бөлмелі пәтер беріледі. Мемлекеттік немесе әскери, бюджеттік ұйымдарда қызмет істемейтін азаматтар табысы аз, мемлекет тарапынан әлеуметтік қорғалатын азаматтар болып есептеледі. Оларға тұрғын үй ҚР Үкіметі белгілегендей көлемде, ең кемі бір бөлме беріледі. Табысы аз әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтар «Тұрғын үй туралы» Заңның 68 бабымен белгіленген. Оларға І-ІІІ топтағы мүгедектер мен ҰОС-на қатысушылар, көп балалы азаматтар, зейнеткерлер, оралмандар, толымсыз отбасылар, мүгедек-балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар жатады.
«Уақыт және адам» Адам баласына берілген ең баға жетпес құндылықтардың бірі – уақыт. Өркениетті елдерге барсаңыз, осы уақыт мәселесіне аса ұқыпты қарайтынын аңғаруға болады. Себебі олар уақыттан ұтылса, көп нәрсе жоғалтатынын біледі. Көлік аялдамаларында тұрғанда, жүру мезгілдерінің «12.01»; «16.03»; «17.08» секілді әрбір минутқа дейін есептеулі екендігіне таң қаласыз. Автокөлік сол белгіленген уақыт ережесінен бір минут кешігіп, я бір минут озбайды. Небәрі бір-екі минутқа кешіге қалса, жүргізуші әжептәуір сөгіс алып жатады. Ал бізде ше? Сағат сұрағанда «Жетіден он минут кетті» десең, «Е, жеті жарым десеңші» дей саламыз. Демек біз уақытқа аса ұқыпты емеспіз. Бүгінгі күні уақытты өлтіретін «жаулар» көбейген тәрізді. Солардың бірі теледидар деуге болады. Жасыратыны жоқ, «көк сандығы» жоқ үйді елестету қиын-ақ. Алайда осы теледидардың уақыттың нағыз жауы екеніне екінің бірі көңіл бөле бермейді. Бірде Эйнштейн қызметшісіне «Мені жарты сағаттан кейін оятыңызшы» деп, демалыпты. Бірақ қызметшісі оны біраз тынықсыншы деп бір сағаттан кейін барып оятса керек. Тұра сала ғалым жарты сағаттан кейін оятпаған қызметкеріне қатты ренжіп: «Ал, жарты сағатымды қайтарып беріңіз»,- деген екен. Уақыттың жауларының қатарына көп сөз бен көп қыдыруды да жатқыза аламыз. Уақыт – ол мүмкіндік. Мүмкіндікті дер шағында пайдаланып қалмаса, адамның көп нәрседен айырылатыны анық.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|