ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Мемлекетіміздің тіліТіл – қандай халықтың болсын тарихымен бірге өмір сүреді. Себебі тіл халықпен бірге жаралған. Халықтың тілінде – оның әдебиеті мен мәдениеті, мінезі мен дәстүрі сақталған. Өйткені, тіл – халықтың жаны, ертеңі, болашағы. Ол әрбір адамның бойына ана сүтімен беріледі. Сондықтан да, тілді кім де болса құрметтеуге тиіс. Адамды жақсылыққа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі. Тілдің көмегімен өнер-білімді, ғылымды игереміз. Тіл арқылы рухани байлығымызды меңгереміз, өзіміз танимыз, өзіміз танып қана қоймай, сол қымбат қазынамызды әлемге танытамыз. Сондықтан әр елдің мақтанышы – сол елдің ана тілі. Бірақ бүгінде кейбір отандастарымыз өздерінің ана тілін білмейді. Қазіргі кезде «ана тілі», «жұмыс тілі», «мемлекеттік немесе ресми тіл» деген ұғымдар қалыптасқан. Ана тілі – әрбір халықтың тілі. Жұмыс тілі- белгілі бір ұйымдардың, бірлестіктердің немесе халықаралық конференциялардың, жиындардың тілі. Мәселен, Біріккен Ұлттар Ұйымының алты жұмыс тілі бар: ағылшын, араб, испан, қытай, орыс, француз тілдері. Мемлекеттік немесе ресми тіл – белгілі бір мемлекеттің арнайы бекітілген тілі. Әлемде екі жүзге жуық мемлекет бар. Ал мемлекеттік тілдердің саны жүз жиырмаға жуық екен. Қазақ тілі осындай мәртебелі тілдердің қатарындағы тіл. Қазақ тілі - мемлекеттік тіл ретінде Қазақстанның тәуелсіздігі қарсаңында 1989 жылы бекітілді. Мемлекеттік тіл дегеніміз – қоғамның барлық саласында қолданылуға тиіс міндетті тіл. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың мемлекеттік тіл туралы: «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» дегені тілдің жарқын келешегін көрсетеді. Мемлекеттік тіл – мемлекеттік ту, мемлекеттік әнұран, мемлекеттік елтаңба секілді мемлекеттік маңызы ерекше рәміз. Сондықтан ол елдің барша азаматтарын біріктіруі тиіс. Халықтың сақталуы тіліне байланысты. Яғни, тіл – әрбір елдің қуатты күші, сонымен бірге мәдениеті, байлығы. Ал мәдени, рухани байлық деген халықтың ақыл-ойының көрінісі. Қазақ тілі – дүниежүзіндегі ең бай, көркем тілдердің бірі. Ол өзінің лексикалық байлығымен, қалыптасқан жазу нормаларымен танылған тіл. Көрнекті ғалым В. Радлов: «Қазақ тілі – түрік тілдерінің ішіндегі бай, бейнелі тіл» - деп жазған болатын. Бұл тілімізге берілген әділ баға. Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін көтеретін жан-жақты ұйымдық- насихаттық жұмыс аса қажет. Қоғамда мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілік пен құрметтеу отаншылдық қасиеттің бөлінбес компоненті деген ұғымды қалыптастыру, мемлекеттік тілді білгісі келгендердің ықыласын бағалап, көтермелеп отыру да маңызды. Сондықтан тілімізді шұбарламай, оның көркемдігін сақтау – әрбір азаматтың міндеті. Мемлекеттік тілімізде сөйлеу – баршамыздың басты парызымыз. Мемлекеттік тіл арқылы Қазақстан халықтарының бірлігі мен ынтымағы берік болмақ. Ұлттық тіл Қазақ тілі –қазақ халқының ұлттық тілі. Халқымыздың өткен тарихы, әдет ғұрыптары, салт-дәстүрлері бізге тіл арқылы жетіп, ұрпақтан- ұрпаққа тарайды. Қазақ тілі түркі тілдерінің қыпшақ тобына жатады. Ұлттық тіліміздің негізі – көне түркі тілі болып табылады. Қазақ тілінің жеке ұлттық тіл ретінде қалыптасуы ХҮ ғасырдан жеке мемлекет болып шығуынан басталады.Одан бергі уақытта ұлттық тіл ретінде бірнеше даму кезеңдерден өтті. Ұлттық тіліміздің дамуына билер, шешендер, ақын-жыраулар шығармалары әсер етті. ХХ ғасырда ғылым мен техниканың дамуы – тілімізді жаңа атаулармен байыта түсті. Қазақ тілі 1989 жылы мемлекеттік мәртебе алды. Ол енді толық мағынасында республикада білім, техниканы үйрену тілі, мәдениет пен ғылымды дамыту тілі болып отыр. Қазақ тілін өркендетудің мемлекеттік бағдарламасы жасалған. Біздің елімізде қазақ тілін оқып-үйрену, білу – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының борышы. Қазақ тілі –қазақ халқының ұлттық тілі. Халқымыздың өткен тарихы, әдет ғұрыптары, салт-дәстүрлері бізге тіл арқылы жетіп, ұрпақтан- ұрпаққа тарайды. Қазақ тілі түркі тілдерінің қыпшақ тобына жатады. Ұлттық тіліміздің негізі – көне түркі тілі болып табылады. Қазақ тілінің жеке ұлттық тіл ретінде қалыптасуы ХҮ ғасырдан жеке мемлекет болып шығуынан басталады.Одан бергі уақытта ұлттық тіл ретінде бірнеше даму кезеңдерден өтті. Ұлттық тіліміздің дамуына билер, шешендер, ақын-жыраулар шығармалары әсер етті. ХХ ғасырда ғылым мен техниканың дамуы – тілімізді жаңа атаулармен байыта түсті.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|