Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






азақстандағы демографиялық мәселелер




Қазақстандағы демографиялық мәселелердің сипаты айрықша. Ең алдымен, қазіргі кезде экономиканың дамуы адам мүмкіндігімен сәйкес келмей отыр. Бүгінгі күні экономикалық даму қосымша жұмысшы күшін қажет етеді, ал, қосымша жұмысшы күші дегеніміз - шетелдік жұмысшылардың келуі, бала туудың көбеюі т.б.

Елбасы Н.Назарбаев өзінің ақпандағы халыққа Жолдауында «ауылда ғана емес, қалада да бала тууды көбейту керек, мемлекеттің өзі жұмыс беруші болып, тұрғындардың қызығушылығын оятатындай жағдай жасалу керек» деп айтқан. Елбасы, сонымен қатар, қазақ жерінде заңды, заңсыз мигранттар қаптап жүргендіктен, өзіміздің санымызды көбейту керек екенін айтады.

Қазір Қазақстанда кез келген адам, егер басқа мемлекетте өмір сүру жақсы болса, сол жаққа кетіп қала алады. Ал, оларды елден жібермес үшін мемлекет адамдармен жақсы экономикалық, әлеуметтік саясат жүргізуге тиіс және бала тууды молайту үшін жағдай жасау керек. Тіпті 2015 жылға дейін қазақстандық азаматтардың санын 20 миллионға дейін жеткізу керек деп те айтылған. Алайда, Қазақстанда экономикалық-демографиялық мәселе әзірге өзгеріп отырған жоқ. Елбасы айтқандай, Қазақстан «саны жағынан тым кішкентай ел» болып отыр.

Біздің қуанышымызға орай Қазақстанның халқының саны жылдан жылға артып келеді.

ЭКСПО-2017

Халықаралық көрмелер бюросының 152-ші Бас Ассамблеясында жабық дауыс берудің нәтижесінде Қазақстанның елордасы көп дауыс иеленіп, Бельгияның Льеж қаласын басып озды және «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі өтетін қала болып жарияланды.

Мемлекет басшысы өз сөзінде «ЭКСПО-2017» көрмесін Астанада өткізу туралы шешім тарихи оқиға болып саналатынын атап көрсетті.

- «ЭКСПО» көрмелерінде әлемнің барлық мемлекеті өздерінің ең үздік технологиялық, ғылыми, мәдени жетістіктерін көрсетеді. Олар жаһандық дамудың жаңа күн тәртібін қалыптастырады.

Осыған байланысты Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтарды жеңіспен құттықтады.- Енді біздің алдымызда «ЭКСПО-2017» көрмесін лайықты деңгейде өткізу міндеті тұр. Қазақстан Президенті еліміз осы жауапты миссияны атқарып шығатынына сенім білдірді. Көп жылғы тарихы бар «ЭКСПО» көрмесі техникалық және технологиялық жетістіктерді, сондай-ақ оған мүше елдердің тарихын, дәстүрі мен мәдениетін көрсету үшін өткізіледі.

Бұл көрме бүкіл әлемдік қоғамдастықтың және оны тамашалаушы миллиондаған адамның назарын өзіне аударатын ірі оқиға болып саналады. Сонымен қатар, «ЭКСПО» көрмесі экономикалық, әлеуметтік, мәдени дамудың жаңа үрдістерін қалыптастыру алаңы қызметін атқарады.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных