Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тақырып: Халықты жер сілкінісі қаупімен және ол болған уақытта қорғану




 

 

Жер сілкінісі – бұл жер қыртысында немесе мантияның үстіңгі бөлігінде кенеттен болған қозғалыс пен жарылыс нәтижесінде пайда болған және елеулі ауытқу түрінде үлкен қашықтыққа таралатын жер асты дүмпуі мен жер астының қозғаласы.

Жер сілкінісі – дүлей зілзаланың ең жойқындағыш түрі. Ол экономикалық шығын бойынша, сондай-ақ жарақаттанып және қаза тапқандар саны бойынша бірінші орныды алады.

Жыл сайын дүние жүзінде 100 мың жер сілкінісі болады, олардың көбісі әлсіз, оларды тек сейсмограф құралы арқылы ғана байқауға болады.

Алматы қаласы мен алматы облысында жыл сайын сейсмографтар 400 жер үсті дүмпуін байқайды.

Жер сілкінісі жер қыртысында немесе жер мантиясында болады.

Жер сілкінісінің төрт түрі бар:

Тиктоникалық жер сілкінісі – жер қабаты мен литосфера тақтасының қозғалуынан болады.

Жанартаулық жер сілкінісі – жанартаулардың басталу кезінде, оларға жақын жерде, жанартау каналымен магманың қозғалуынан болады.

Опырылма жер сілкінісі – жердің опырылуынан, қопырылуынан болады.

Техногендік жер сілкінісі – адамдардың су қоймаларын тасуынан, мұнайды, газды, жер асты суларын шығаруынан, күшті жарылыстардан болады.

Орталық нүкте – жердің астында жер сілкінісі басталған (болған) орын.

Кіндік орталық – бұл орталық нүктенің тура үстінде орналасқан жер бетіндегі нүкте.

Ошақтың тереңдігі – орталық нүкте мен орталығының аралығы. Терең емес жер сілкінісі болған жағдайда ошақтың тереңдігі 5-40 км құрайды, ал терең болған жағдайда 500км-ға дейін болады.

Жарықтың айырылған бөлігінің көлемі (ұзындығы) – сезілмейтін жер сілкіністерінде бірнеше мерт және ірі жер сілкіністерніде бірнеше км дейін жетеді. Айырылған жарық жер асты қабатының терең бөліктерінде тоқтап қалуы мүмкін, сондай-ақ Жер бетіне де жетуі мүмкін.

Қатты дүмпудің ұзақтығы – орташа жер сілкіністерінде секундтан 5 секундқа дейін, ал күшті жер сілкіністерінде 100-ден 90 секундқа дейін болуы мүмкін.

Жер сілкіну ауданының радиусы – орташа жер сілкіністерінің 5-15 км, ал күшті жер сілкіністерінде 50-160 км болады.

Сейсмикалық толқындардың жылдамдығы – көлемді толқындардың екі түрі бар. Бұл Р толқана (латын тілінде PRIMAE - бірінші) және S (SECONDAE - екінші) толқындары 3-8 км/сек, S толқындары 2-5 км/сек жылдамдығымен таралады. Сондай-ақ жер қабатының бетімен оның астындағы аздаған тереңдікте таралатын жер бетінде толқындардан болады.

Жер сілкінісінің қарқындылығы – белгілі бір орындағы жер сілкінісінен болған шығындардың дәрежесі. Балл түрінде арналған шкалалардың көмегі арқылы анықталады:

- 12 баллдық шкала ММ (1902 жылы Италия вулканологы Меркалли әзірлеген, түрлендіріп АҚШ-та қабылданған).

- 12 баллдық MSK шкаласы – 64 (1964 жылы С.В. Медведев (КСРО), В. Шпонхойер (ГФР) және В. Карник (ЧСС) әзірлеген), еуропаның кейбір елдері мен ТМД-да қабылданған.

Жер сілкінісінің қарқындылығы салыстырмалы мөлшері болып саналады және ол мыналарға байланысты:

- жер сілкінісі кіндігінің ара-қашықтығынан - жер сілкініс кіндігіне жақындаған сайын қарқындылығы жоғары;

- жер сілкінісі ошағының тереңдігінен – терңдігі аз болған сайын қарқындылығы көбірек бола түседі;

- топырақ жағдайына байланысты – кеуепті жыныстар және жер асты суларының жоғары жату, жер сілкініс қарқындылығының бір баллға көбеюіне әсер етеді.

Магнитуда – жер сілкінісі дүмпулерінің сейсмикалық қуатын сипаттайтын мөлшер (жер сілкінісі кіндігінен 100 км қашықтықта сейсмограф жасаған жер дүмпудің микрон түрін белгілеген ең жоғарғы амплитудасы логарифм түрінде анықталады).

Магнитуда идеясын әзерлеуге көптеген ғалымдар үлес қосты, бірақ оны тек Калифорния технологиялық институтының профессоры Чарлз Ф. Рихтер ғана іске асырды (1935 ж).

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных