Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Сейсмика жағрафиясы, аса күшті жер сілкінісі




Жердің бетінде рекше екі аса белсенді жер сілкінісі бар:

1. Тынық мұхит белдеуі – Тынық мұхитын қоршаған жер сілкінісінің аймағы, бұл жерде дүние жузі бойынша жер сілкінісінің 90% болады.

2. Жерорта теңізі - Азия белдеуі - бұл Жерорта теңізінен Түркия, Иран, Солтүстік Үнді арқылы өтеді, барлық жер сілкінісінің 5-6 % осында болады.

Қалған жер сілкінісінің 4-5 % мұхит ортасы жотасында немесе тақталардың ішінде болады.

Қазақстан Республикасында сейсмикалық қауіпті аймақта мына облыстар орналасқан:

1. Шығыс Қазақстан облысы

2. Алматы облысы

3. Жамбыл облысы

4. Оңтүстік Қазақстан облысы

5. Қызылорда облысы

6. Маңғыстау облысы

Қазақстан Республикасында болған күшті жер сілкіністеріне мыналар жатады: 1887 жылы 9 маусымда болған Верненск жер сілкінісі. Жер сілкінісінің кіндігі – Верный қаласының оңтүстігінен15 шақырымда болды. Магнитудасы-7,3 (9-10балл). Қала түгелімен қираған болатын. 329 адам қаза тапты. Шығын – 2,6 млн. сом (сол кездегі бағамен).

1889 жылы 12 шілдеде – Шелекте жер сілкінісі болды. Магнитудасы-8,3 (жер сілкінісінің кіндігінде – 10 балл). 24адам қаза тапты. 3мыңға жуық құрылыс қирап қалды.

1911 жылы 4 қаңтардағы Қазақстан мен Орта Азиядағы күшті жер сілкінісінің бірі – Кемин жер сілкінісі. Магнитудасы-8,2 (11-12 балл). Верный қаласы мен Иссык көлінің солтүстік жағалауы күшті зақымданды. 540 адам қаза тапты. Шығын- 1,4 млн. сом (сол кездегі бағамен). Мамандардың айтуынша жер қойнауынан шыққан энергия Днепрогэстің 326 жыл тоқтаусыз жұмыс жасағанда шығаратын энергиясына тең болды.

1990 жылы 14 маусымда 12 сағат 47 минут Зайсан жер сілкінісі болды. Магнитудасы-7,0 (8 балл). 8874 үй қирап қалды. 36 мың адам баспанасыз қалды. 1 адам қаза тапты. Шығын – 300 мың. сом.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных