Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Оқу орыс тілінде жүргізілетін мектептердің 9-сыныптарына арналған қазақ тілі пәні бойынша мемлекеттік емтиханының материалдары

1 – билет 1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз. Бірде қария немересіне: «Балам, өмір сүру үшін су, от, тұз, қыз, ақыл қажет. Су – тіршіліктің нәрін береді; от – өмірге жалын береді; тұз – астың дәмін келтіреді; қыз – өмірдің сәнін келтіреді; ақыл – өмірдің мәнін келтіреді. Адамға ақыл беретін – ата-ана, ұстаз, досың. Ата-ана ақылын баласы мен қызына айтады, ұстаз шәкіртіне айтады» деген екен. 2. «Отбасындағы асыл адамдар» тақырыбы бойынша әңгімелеңіз. 3. Берілген тұрақты тіркестің мәнін ашып, фонетикалық талдау жасаңыз: көзінің ағы мен қарасындай
2 – билет 1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз. Отбасы бақытының негізгі кілті – сыйластықта. Сыйластық болған отбасында береке де, бірлік те болады. Сыйластық тек отбасында ғана емес, адамдар арасында да, достар арасында да өте маңызды. Барлық адамдардың ойын, пікірін, іс-әрекетін түсінуге тырысу керек. Басқа адамдарды түсінуге тырысу – сыйластық кілті. 2. Ө.Тұрманжановтың «Сіз», «біз» деген жылы сөз» өлеңін жатқа айтыңыз. 3. Берілген сөздегі кейінді ықпалды түсіндіріп, фонетикалық талдау жасаңыз: халқымыз
3 – билет 1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз. Сөз – бүкіл адамзат тарихындағы құдіретті күш. Қазақ халқы осы құдіретті ежелден-ақ білген. Сондықтан әрбір жаңа іс алдында жақсы сөздер айтып, тілегін білдірген. Қазақта батаны ер адам береді. Ақ бата – әр адам үшін асыл қазына. Бата- жаңа бастамалардың бойтұмары. 2. «Менің отбасым тату тұрады» тақырыбына әңгіме құрастырып айтыңыз. 3. Берілген тұрақты тіркестің мәнін ашып, фонетикалық талдау жасаңыз: бетінен оты шығу
4 – билет 1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз. Әке мен ана ұл-қыздарын «әдепті бол» деп тәрбиелейді. Қазақ отбасында балаларын мейірімділікке, имандылыққа баулыған. Отбасында үнемі осындай тәрбие алған бала өздігінен тіл алғыш, адал, ұқыпты, тиянақты болып өседі. Әке мен ананың балаларына қоятын ең басты талап-тілектері – баласының әдепті, мәдениетті болып өсуі. 2. «Қазақ отбасы» тақырыбы бойынша әңгімелеңіз. 3. Берілген сөзге толық фонетикалық талдау жасаңыз: отбасында
5 – билет 1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз. Киіз үйдің алдына құдайы қонақ келді. «Үйдің ішінде біреулер бар ма екен?» деп ойлады. Үйдің төбесінен шыққан түтінді көріп, ағаштың жанындағы қазыққа атын байлады. Үй иесі есіктің алдына шықты да, «Ассалаумағалейкүм! Төрге шығыңыз! Құдайы қонақ болыңыз!» деп қуанып қалды. 2. «Қазақтар – қонақжай халық» тақырыбы бойынша әңгімелеңіз. 3. 1-тапсырмада берілген мәтіннен асты сызылған сөздерді көшіріп жазыңыз. Олармен сөйлемдер құрастырыңыз. Көмекші есімдер туралы айтыңыз.
6 – билет 1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз. Менің отбасымда қолөнермен айналысатын адамдар бар. Олар – әжем мен әкем. Әжем 70 жасқа келсе де, ине мен жібін қолынан тастамайды. Ол қошқармүйіз, түйетабан, өркеш сияқты ою-өрнектерді әдемі етіп жасайды. Біздің үйдегі көрпелер мен жастықтар әжемнің қолымен жасалған. Ал әкем зергерлік бұйымдар жасайды. Ұлттық өнерді дамытып жатқан өз отбасымды мақтан етемін. 2. М.Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңін жатқа айтыңыз. 3. 1-тапсырмада берілген мәтіннен асты сызылған сөздерді көшіріп жазыңыз. Оларды құрамына қарай талдаңыз.
7 – билет 1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз. Қазақ халқы танымаса да, «құдайы қонақпын» деген адамды қарсы алады. Жолаушы адам кез-келген үйге келіп, қонақ бола берген. Қазақтар «қонақпен бірге құт, береке келеді, қонақты қусаң, отбасынан құт, береке қашады» деп есептейді. Қонақ күту – қазақ халқының ең жауапты ісі. Қонақтарға қымыз, шұбат береді. Содан кейін арнайы мал сойып, ет асады. Бесбармақ, қуырдақ, бауырсақ пісіріп, әнші-күйшілерді шақырып, көңілін көтереді. «Қазақ халқы – қонақжай халық» деп бекер айтылмаған. 2. «Қазақ отбасында» тақырыбына әңгіме құрап айтыңыз. 3. Көмекші есімдерге мысал келтіріп, олармен сөйлемдер құрастырыңыз.
8 – билет 1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз. Сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен той жасалады. Ол үшін арнайы ала жіп, көк шөп және тоқ ішек немесе сүрленген қазы дайындалады. «Біреуге жамандық жасамасын» деген тілекпен баланың аяғын ала жіппен орап, сосын жіпті кеседі. «Көк шөптей өсіп, ұрпағы көп, өзі сымбатты болсын» деген тілекпен көк шөппен кеседі. «Бай, қуатты болсын» деген тілекпен тоқ ішекпен немесе қазымен кеседі. 2. «Менің отбасым» тақырыбы бойынша әңгімелеңіз. 3. Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз: Біздің Ә.Қастеевтің өнер мұражайына барғымыз келеді.
9 – билет 1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз. Қазақстанда бейнелеу өнерінің кәсіби шеберлігін дайындайтын студия 1920 жылы ұйымдастырылды. Онда Н.Г. Хлудов, Н.Антонов және мүсінші А.С.Пономарев сабақ берді. ХХ ғасырдың 20 – 30 жылдары қазақ бейнелеу өнері шеберлері алғашқы туындыларын көрсетті. Жас суретшілер кескіндеме мен графиканың кәсіптік шеберлігін меңгерді. 1928 жылы Семей қаласында бейнелеу өнері шығармаларының алғашқы көрмесі ұйымдастырылды. 2. «Сурет галереясында» тақырыбы бойынша әңгімелеңіз. 3. Берілген сөздерге морфологиялық талдау жасаңыз: суретшілер, көрме
10 – билет 1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз. Әбілхан Қастеев 1904 жылы қазіргі Алматы облысы, Панфилов ауданы, Шежін ауылында дүниеге келген. Бала кезінде тау бөктерінде қой жайып жүріп, саздан, ағаштан түрлі мүсіндер жасаумен әуестенген. 1929 жылы Алматыдағы Н.Г. Хлудовтың көркемсурет студиясында оқиды. Көптеген халықаралық, бүкілодақтық, республикалық және қалалық көрмелерге қатыысып, өз туындыларымен таныстырады. Бүгінде ҚР-ның ұлттық өнер мұражайы Ә.Қастеевтің есімімен аталады. 2. «Әбілхан Қастеевтің туындылары» тақырыбы бойынша әңгімелеңіз. 3. Қалау райдың жұрнақтарын пайдаланып, берілген етістіктермен сөйлемдер құрастырыңыз: үлес қосу, сурет салу, көрмеге қатысу
11 – билет 1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтінде кімнің картинасы туралы айтылғанын анықтаңыз. Бұл картинада қазақтың кең даласы бейнеленген. Қызылды-жасылды гүлдерге толы биік таулардың арасына салынған шойын жолдың жанында адамдар көп. Ақ жаулықты аналар балаларымен бірге ғажайып отарбаға таңданып қарайды. Атқа мінген ер адамдар шойын жолдың бойында отарбаны тамашалап тұр. Бұл – қазақ даласынан өтетін Түрксіб темір жолы мен алғашқы пойыздың келуі бейнеленген тамаша картина. 2. «Менің Қазақстаным» тақырыбы бойынша әңгімелеңіз. 3. Қалау райдың жасалуын түсіндіріңіз. Мысал келтіріп, сөйлем құрастырыңыз.
12 – билет 1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз. Қазақ жері – кең өлке. Ұлыбритания, Франция, Германия, Испания, Австрия, Голландия, Дания сияқты елдердің бәрі қазақ жеріне сыйып кетеді. Қазақстан солтүстікте және солтүстік-шығысында Ресеймен, оңтүстік-шығысында Қытай Халық Республикасымен, Монғол Халық Республикасымен, оңтүстігінде Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстанмен, ал батысында Каспий теңізі арқылы Әзірбайжанмен шектеседі. 2. Отан туралы бес мақалды жатқа айтыңыз. 3. Мәтіндегі (1-сұрақ) асты сызылған сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз.
13 – билет 1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз. Қазақстандағы үлкен орталықтардың бірі – Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайы. Мұнда Қазақстан, Ресей, Еуропа, Америка, Шығыс және басқа да елдердің кескіндеме, графика, мүсін және сәндік қолөнер туындылары бар. Мұражайда 22 000-ға жуық экспонаттар бар. Мұнда Қазақстан Республикасының Халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің туындыларына арналған жеке зал бар. 2. Ә.Қастеевтің «Абай жайлауда» картинасын сипаттап айтыңыз. 3. 1-тапсырмада берілген мәтіннен асты сызылған сөйлемді көшіріп жазып, синтаксистік талдау жасаңыз.
14 – билет 1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз. Қазақстанда мұражай тарихы 1830 жылдан баталады. Орынборда жергілікті халықтың тарихы мен этографиясын сипаттайтын мұралар негізінде 1831 жылы губерниялық мұражай ашылды. Ол Неплюев әскери училищесі жанынан құрылған. Қазақстанда 1913 жылдары үш мұражай болса, қазір 154-тен астам мұражай бар. 2. «М.Әуезовтің мұражай-үйі» тақырыбы бойынша әңгімелеңіз. 3. Неологизмдерге мысалдар келтіріп, сөйлемдер құрастырыңыз.
15 – билет 1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз. «Алтын адам» - Алматы облысы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің жағалауынан табылған. Бұл 5-ғасырда өмір сүрген сақ жауынгерінің мүрдесі. Оны 1969-1970 жылдары археолог Кемел Ақышев тапқан. Алтын адам киімі 4000-ға жуық алтын әшекейлермен безендірілген. Бүгінде «Алтын адам» Қазақстанның азаттық символына айналған. Оның тұлғасы Алматының бас алаңында орнатылған, ал бөркіндегі қанатты тұлпарлар бейнесі Елтаңбамызда да бейнеленген. 2. «Менің сүйікті телебағдарламам» тақырыбы бойынша әңгімелеңіз. 3. 1-тапсырмада берілген мәтіндегі асты сызылған сөздерге морфологиялық талдау жасаңыз.
16 – билет 1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз. Радиохабар – радио арқылы берілетін ақпараттық, қоғамдық-саяси, көркем және музыкалық хабарлар, шұғыл ақпарат, бұқаралық үгіт пен насихат, жұртшылықты оқыту-ағару құралдарының бірі. Радионың негізгі жанрлары: ақпараттық, қоғамдық-саяси жанрлар, көркем-публицистикалық жанрлар. Сондай-ақ радио арқылы әдеби және музыкалық шығармалардың трансляциясы, драмалық және опералық спектакльдер де беріледі. 2. «Хабар» телеагенттігі» тақырыбы бойынша әңгімелеңіз. 3. Лепті сөйлемдердің жасалуы мен жазылуы туралы айтыңыз. Мысалдар келтіріңіз.
17 – билет 1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз. Мемлекеттерге бейбітшілік, қауіпсіздік, экономикалық және әлеуметтік даму, мәдени алмасулардың кеңейтілуі сияқты мәселелерге арналған теледидар бағдарламаларын қолдай отырып, «Бүкіл дүниежүзілік теледидар күнін» атап өтуге ұсыныс жасалды. 1996 жылы 17 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 21 қарашаны «Бүкіл дүниежүзілік теледидар күні» деп жариялады. 2. «Менің сүйікті телебағдарламам» тақырыбы бойынша әңгімелеңіз. 3. Өздік етістің жасалуы туралы айтыңыз. Мысалдар келтіріңіз.
18 – билет 1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз. «Қазақстан» телеарнасы эфирге алғаш рет 1958 жылы 8 наурызда шықты. Ал «КТК» арнасы өз жұмысын 1991 жылдан бастады. «Хабар» агенттігінің алматылық филиалы 1995 жылы «Қазақстан» ұлттық арасының ақпараттық қызмет базасының негізінде құрылды. Қазақстандық «31 арна» 1998 жылдың 12 сәуірінен бастап хабарлар тарата бастады. 2. «Қазақстан Республикасының телеаралары» тақырыбы бойынша әңгімелеңіз. 3. Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз: Елде талантты балалар көп болғанымен, «ХХІ ғасыр көшбасшысы» телесайысына барлығы бірдей қатыса алмайды.
19 – билет 1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз. Республиканың білім беру жүйесі балабақша, жалпы білім беретін мектеп, кәсіби-техникалық колледждер, араулы орта және жоғары оқу орындары, мектептен тыс мекемелер сияқты бірнеше баспалдақтан тұрады. Олар өзара тығыз байланыста. Жалпы білім беру үш кезеңнен тұрады. Олар: бастауыш сыныптар (1-4-сыныптар), толық емес орта (5-9-сыныптар), толық орта (10-11-сыныптар). Бұл Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңында көрсетілген. 2. «Менің сүйікті пәнім» тақырыбы бойынша әңгімелеңіз. 3. Зат есімнен сын есім тудырушы жұрнақтар туралы айтыңыз. Мысалдар келтіріп, олармен сөйлемдер құрастырыңыз.
20 – билет 1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз. Емтихан – оқушылардың білімін тексерудің бір тәсілі. Алғаш рет орта ғасырларда Еуропа университеттерінде емтихан ала бастаған. Ресейде тұңғыш рет Мәскеудегі Глюктің мектебінде 1703 жылы емтихан алынған. Содан кейін 1726 жылы Санкт-Петербургтегі гимназияда оқушылардан емтихан қабылданған. 1837 жылы емтихан алудың тәртібі енгізілген. Ал Қазақстанда 1966-1967 жылдары емтихан қабылдау тәсілі енгізілді. Қазір оқушы білімі бес балдық жүйемен бағаланады. 2. «Кісінің көркі киім емес - білім» деген мақалдың мәнін қалай түсінесіз? 3. Берілген сөздерге морфологиялық талдау жасаңыз: қалалық, атақты
21 – билет 1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз. Білім – біздің басты қазынамыз. Ақын Нұрпейіс Байғанин: «Білімнен қымбат нәрсе жоқ, Көңілде жатса баспай тот» деген екен. Білімді адам болашаққа батыл аяқ басады. Оқу-білім үздіксіз еңбектің арқасында ғана келеді. Білім адамды жақсы нәтижелерге, жоғары жетістіктерге, мол табысқа жеткізеді. 2. Ы.Алтынсариннің «Өнер, білім бар жұрттар» өлеңін жатқа айтыңыз. 3. Берілген жұрнақтардың түрін, қолданысын, сөзге үстейтін мағынасын түсіндіріп, сөйлемдер құрастырыңыз: -сыз/-сіз, -шыл/-шіл, -қы/-кі
22 – билет 1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз. Өмірде мамандықтың түрлері көп. Бірі заңгер, бірі ұста, бірі ұшқыш, енді бірі дизайнер. Әр мамаандықтың өз ерекшелігі болады. Алайда барлық мамандықтарға үйрететін мамандар болады. Олар – ұстаздар. Ұстаз – сол заңгердің де, ұшқыштың да, ғалымның да тәрбиешісі, ақылшысы. Мұғалім тек мектептің ғана тірегі емес, ол адамзат өркениетінің көшбасшысы. 2. «Менің алғашқы ұстазым» тақырыбы бойынша әңгімелеңіз. 3. Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз: Бір жігіт өзінің мұғалімін көріп, оған қазір өзінің кедей екенін айтыпты.
23 – билет 1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз. Алты жасар Сәкен бүгін ерекше көңілді. Анасы әперген костюмін киіп, сөмкесіне қалам-қағаздарын салып жүр. Сөмкесіне салған заттарды жиі-жиі тексеріп қояды. Үйге бір кіріп, бір шығып жүр. Сағатты танымаса да, қайта-қайта қарайды. Кешігуге болмайды. Өзін жауапты сезінеді. Сәлден кйін анасы мен әкесінің қолынан ұстап, гүл шоғын құшақтап мектепке қарай асығып барады. 2. «Менің мектебім» тақырыбы бойынша әңгімелеңіз. 3. Берілген жұрнақтардың түрін, қолданысын, сөздерге үстейтін мағынасын түсіндіріп, олармен сөйлемдер құрастырыңыз: -мақ/-мек, -бақ/-бек, -пақ/-пек
24 – билет 1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз. Бір жігіт өзін оқытқан ұстазын көріп, оған өзінің кедей екенін айтады. Ұстазы оған таңданады: «Сен маған қолыңды мың сомға сатшы» - дейді. Жігіт он мың сомға да сатпайтынын айтады. Ұстазы одан көзін, құлақтарын, аяқтарын қанша сомға сататынын сұрайды. Жігіт оларды да сатпайтынын айтады. Ұстазы оған осынша байлық иесі екенін, яғни бай екенін айтып, жұмыс істеу керек деп кеңес беріпті. 2. «Әрбір істі жақсы істеу үшін оны жақсы көру қажет» деген М.Горькийдің пікіріне өз көзқарасыңызды айтыңыз. 3. Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз: Егер сіз еңбекке өзіңіздің барлық жан-тәніңізді салсаңыз, онда бақыт сізді өзі-ақ іздеп табады.
25 – билет 1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз. Ахмет таңертең ерте тұрды. Жуынып, киініп, мектепке келді. Бірінші сабақтан кейін асханаға барып, таңғы асын ішті. Өзінің сүйікті пәні химиядан лабороториялық жұмыстарды өткізді. Түстен кейін әдеттегідей спортзалға барды. Үйге келген соң үй шаруасына көмектесті.Осыдан кейін Ахмет қанша шаршап тұрса да, үй тапсырмаларын орындауға отырды. Кешке ерте жатты. 2. «Менің арман мектебім» тақырыбы бойынша әңгімелеңіз. 3. Берілген сөйлемдегі асты сызылған сөздерге морфологиялық талдау жасаңыз: Үнемі өз білімініңкемшілігін сезінетіндей әрі білімін жоғалтып алудан қорқатын адамша оқыңыздар. (Конфуций)

 

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Контроль и диагностика технического состояния подвижного состава | Конкретні цілі: уміти. Тема 14. «Анаеробне окислення вуглеводів: гліколіз,


Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных