Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Азақстан - әлемдік кеңістікте.




Бүгінде Қазақстан әлемдік кеңістікке мықты енген ел, оның егемендігін әлемнің 120 елі танып отыр.

Бұл ел негізгі халықаралық жүйе құрушы барлық ұйымдарға БҰҰ-ға, ЕҚЫҰ-ға, Ислам Конференциясы ұйымына, НАТО Ынтымақтастық Кеңесіне, Дүниежүзілік Банкке, Халықаралық валюта қорына, Еуропаның Қайта құру және Даму Банкіне, Экономикалық ынтымақтастық ұйымына және басқа да халықаралық құрылымдарға мүше болды.

Дүниежүзілік қоғамдастық мүшелерінің көпшілігімен дипломатиялық қатынастар орнатты және өзара тиімді ынтымақтастық қалыптастырды. Қазақстанда тіркелген 50-ден астам шет ел елшіліктері мен халықаралық ұйымдардың өкілдері жұмыс істейді. Қазақстанның елшіліктері мен дипломатиялық миссиялары 40 елде құрылған.

Қазақстан жаһандық бастамаларды, ең алдымен ядролық қарусыздандыру және жаппай қырып-жоятын қаруларды таратпау жөніндегі бастамашы әрі тілекші болып табылады.

Қазақстанның сыртқы саясаты Батыс пен Шығыс арасындағы жан-жақты байланыстарды дамытуға, интеграциялық процестерді тереңдетуге бағытталған.

Еуразиялық мемлекет болғандықтан, ол Азия мен Еуропа арасындағы байланыстырушы буын рөлін атқарады.

Тәуелсіздік алған жылдарынан бастап Қазақстан барлық көрші мемлекеттермен тұрақты тату көршілік және достық қарым-қатынастар жүйесін орнатты.

Қазақстан салиқалы сыртқы саясат ұстай отырып, әлемдік аренада бейбітшілік пен қауіпсіздік жолындағы дәйекті жұмысы үшін тану мен құрметтеуге лайықты мемлекет ретінде өз іргесін бекіте білді. Әлемдік кездесулер:

1. Энтони Чарльз Линтон Блэр, Ұлыбританияның премьер-министрі (2002 жылғы 2 желтоқсан): «Саясат саласында біз Қазақстанмен аймақтық қауіпсіздік және тұрақтылық, демократияландыру және адам құқығы, есірткілерді жасырын тасымалдаумен күрес мәселелері бойынша сындарлы саясат жүргізіп келеміз.

Ұлыбритания Қазақстан үшін маңызды әрі ұзақ мерзімді серіктес болғысы келеді.»

2. Владимир Путин, Ресей Федерациясының президенті (2003 жылғы 3 шілде): «Қазақстан интеграциялық мәселелер бойынша алғашқы орындардың біріне ие болады және ТМД және Еуразиялық достақтық шеңберінде осы процестердің қозғаушы күші болып есептеледі»

3. Ху Цзиньтао, ҚХР төрағасы (2003 жылғы 2 маусым):. Қазақстан табиғи ресурстарға бай ел ғана емес, сонымен қоса экономикалық негізі берік ең жақсы көршіміз.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных