Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Азақстанның тарихи орындары




Түркістан – Қазақстанның тарихи орындарының бірі. Түркістан – қазақ хандығының алғашқы астанасы болып саналатын ежелгі, бабалардың көне қаласы. Ол Қаратау мен Сырдария өзендерінің ортасында, Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан. Ежелгі қалаға керуендер батыстан да, шығыстан да келіп жататын болған. Түркістанның тарихы әріден басталады. Ол кезде қала Шабғар (Шойтөбе) деп аталған. Мұсылман діні келгеннен бастап, қала Ясы деп аталған. Ақын Қожа Ахметтің Яссауи деп аталатыны да осыдан.

Монғол жаугершілігінен кейін қала Түркістан атанды. Түркістан «түріктер мекені» деген мағынада. Түркістан өзінің Қожа Ахмет Яссауи кесенесімен танымал. XIV-XV ғасырларда тұрғызылған сарайлар мен шіркеулердің тұтас кешені кесене деп аталады. Олардың бәрі Шығыстың қадірлі адамы, шейх, сопы, ойшыл, түркі халықтарының рухани ұстазы – Қожа Ахмет Яссауиға ғана арналып салынған.

Мұсылман әлемінде Қожа Ахмет Яссауи кесенесі Меккемен қатар басты қасиетті орындардың бірі болып саналады, түркілердің екінші Меккесі деп аталады. Жыл сайын мыңдаған қажылыққа барушылар кесенені көру үшін Түркістанға келеді.

Ертеде сақ дәуірінен бастап бабаларымыз түрік тайпасының бір бұтағы болған. Отырар, Тараз, Түркістан сияқты қалалар салған. Қалаларда шәкірттер оқитын медреселер ашқан. Сондай бір ғажайып медресе-мектеп Түркістанда болды. Медресенің бас мұғалімі ақын Қожа Ахмет Яссауи еді. Ол діни ғұлама және түрік халықтарының рухани көсемі болды. Бала оқытып жүріп, «Даналық сөздер» деген кітап жазады. Кітапқа тәрбиелік мәні зор – кісінің таза жүруі өтірік айтпауы, адал болуы туралы ақыл сөздері енді.

Әмір Темірдің әмірі жүріп, айтқаны боалып тұрған заман болатын. Ол дүние жүзінен ұста, зергер, сәулетші өнерпаздарды жинап, баяғыда қаза болған ақын зиратының басына ғажайып ғимарат орнатуға жарлық береді.

Қожа Ахмет Яссауидың басына ғимаратты тұрғызу үшін, мыңдаған адам қатар тұрып күйген қышты (кирпич) бір-біріне қолмен беріп, алыстан жеткізген. Ғимарат түрлі бөлмелерден тұрады. Солардың бірі – «қазандық» деп аталатын бөлме. Осы бөлмеде салмағы екі тонна келетін үлкен қола қазан орнатылған. Оған жеті жылқының еті сияды. Ернеуінде қазанды құйған ұстаның есімі араб тілінде жазылған. Ол ғимарат он жыл көлемінде салынды.

16. Қазақстандағы білім беру жүйесі.

Білім беру — тиісті оқу орны арқылы ғылыми мағлұмат беріп, адамның танымын, білімін, дағдысын, дүниеге көзқарасын жетілдіру процесі. Білім беру «Қазақстан – 2030» ұзақ мерзімді Стратегиясының маңызды басымдықтарының бірі болып танылды.

Білім беру оқыту мен өз бетінше іздену негізінде жүзеге асырылады. Оқу-ағарту жұмысы Қазақстанда ерте заманнан басталған.

Жалпы және кәсіби орта мектептерді бітірген жастар университеттерде, институттарда, академияларда және соларға теңестірілген оқу орындарында білім алады. Жоғары оқу орнынан кейін азаматтар аспирантураларда, докторантураларда оқып, ғылым кандидаттары мен докторлары дәрежелерін, доцент пен профессор атақтарын алуға мүмкіндіктері бар.

Елімізде Жоғарғы білім берудің бес жылдық, жеті жылдық (медицина) үлгілерімен қатар, төрт жылдық бакалавриат және екі жылдық магистратуралық оқу мерзімі енгізілді.

Бакалавр дәрежесіндегі Жоғарғы білімді маман кәсіби тұрғыдан даяр кадр есебінде әр түрлі салаларда еңбек ете алатын болса, жекелеген ғылым салаларын тереңдетіп оқытатын магистратураны бітірушілер аспирантураның екінші жылына қабылданады.

Қазіргі уақытта қазақстандық Жоғарғы білім беру жүйесі қарқынды дамып келеді. Болон процесі мен халық­ара­лық Лиссабон ынтымақтастығына қосылуға қол жеткіздік. Бұл ел өмі­ріндегі елеулі оқиға деуге тұ­ра­ды. Соның нәтижесінде жоғары білім берудің еуропалық үлгісіне енетін боламыз.үмкіндігіне ие болады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных