ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Жастар және қоғамдық ұйымдар.Әр адам, әр азамат - ұлттың, қоғамның бөлшегі. Мықты ұлттың, мықты қоғамның мемлекеті де мықты. Халқымыздың интеллектуалдық деңгейі, білімі, мәдениеті өскен сайын мемлекетіміз нығая түспек. Адам қоғамнан тыс бола алмайды. Қоғам – адамзат өмірімен тікелей қатысты дамиды. Біздің бүгінгі тәуелсіз қоғамымыз бен егемен еліміздің негізгі үміт артары – жастар. Жастарға сенім артып, жастардан үміт күту – бар қоғамда болатын құбылыс. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы 2004 жылғы 7 шілдедегі №581 тұжырымдамасы» бойынша, жастар дегеніміз – Қазақстан Республикасының он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейiнгi азаматтары. Халықтың үштен бірін құрайтын жастар – қоғамның жарқын болашағын қалыптастыратын капиталы, бүгінгі стартегиялық мақсатардың ертеңге жүзеге асырушысы. Сондықтан да жастардың білімді, дәстүрмен қатар заманнның озық құндылықтарын меңгерген, бәсекеге қабілетті болғаны дұрыс. Бүгінгі күнде Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында осы жастардың алты жүз мыңнан астамы білім алып жатыр. Бүгінгі жастарға, оның ішінде жоғарғы оқу орнында білім алушы жастарға мемлекет тарапынан (материалдық, әлеуметтік, т.б.) көмек көрсетіледі. Мәселен, бүгінде елімізде Қазақстанның ғылыми-техникалық дамуының ұзақ мерзімді ұлттық әлеуетін анықтау бойынша алдын ала зерттеулер жүргізілуде. ҚР Бірінші Президентінің Қоры жанынан ғылыммен айналысатын жас мамандардың басын қосатын жас ғалымдар кеңесі құрылды. Білім бағдарламаларын жақсы меңгеріп, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысып жүрген, оқу орнының қоғамдық, мәдени және спорттық өміріне белсене араласқан ЖОО студенттері мен магистранттарын қолдау үшін әл-Фараби, Қ.Сәтбаев, А.Жұбанов, Абай, Шәкәрім және басқа да қоғам қайраткерлері атындағы атаулы стипендиялар бар.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|