Кредиттік оқыту жүйесі.
Кредиттік – сағаттық жүйе алғаш рет Америка Құрамы Штатында пайда болды. 1870 жылдан бастап Гарвард университетінің Президенті, белгілі американдық білім қайраткері Чарльз Элиот «кредит- сағат» ұғымын енгізген. 1892 жылдан «кредиттік- сағаттық» жүйесінің екінші кезеңі басталды.
Қазақстанда кредиттік оқу жүйесі 19 ғасырдың 90-ыншы жылдарының ортасынан қалыптаса бастады. 15 тамызда 2007 жылы «Білім туралы» жаңа заң қабылданды. Осы заңда «кредиттік оқыту технологиясы» ұғымы заңнамада анықталған.
Кредиттік оқыту технологиясы – бұл білім беру технологиясы. Кредиттік оқыту жүйесі бойынша бір академиялық сағат ұғымы барабарлық өзгерістерге ұшырайды. Мысалы, барлық оқу практикаларының түрлері 1 байланыс сағатқа (50 минутқа), барлық педагогикалық практикалар түрлері 2 байланыс сағатқа (минутқа), барлық өндірістік практикалар түрлері 5 байланыс сағатқа (250 минутқа) тең.
Оқуды ақтау үшін студент міндетті түрде белгілі мөлшерде кредит алуы керек:
- міндетті түрде;
- таңдау бойынша.
Білім алушы (студент) өзінің білім беру бағдарламасын тәлімгер – кеңесші (эдвайзер) – көп тәжірибесі бар оқытушы арқылы жасайды (5-10 студент). Оқу пәндерін меңгеруге көмек көрсету үшін тьютерлер (оқытушылар) ұсынылады.
Оқу сабақтарын оқыту белсенді шығармашылық формаларда (кейс — сатылар, тренингтер, пікірталастар, дөнгелек үстелдер, семинарлар және т.т.) өткізу керек. Оқу пәні бойынша білімді бақылау формасы — емтихан болады. Білімдері көп балды әріптік жүйе бойынша бағаланады. Қорытынды аттестаттауды өткізу формасы дипломдық жұмысты қорғау немесе мемлекеттік емтихандарды тапсыру болады.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|