ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Тәуелсіз Қазақстанның жарқын бейнесі» мәтін мазмұнын баяндау.Қазақстанның тәуелсіздік алуы ел өмірінде тарихи түбірлі өзгерістердің жүзеге аса бастауына негіз болды.Еуразия қос құрылығының жапсарына қанатын кере жайып, жүздеген ұлттың еркін дамуына төрт-бес ғасыр бойы тосқауыл болып келген алып империя ХХ ғасырдың соңғы онжылдығы басталар-басталмастан күйреп түсті. Тәуелсіздік жолына бет бұрған халықтар бірінші кезекте өздерінің саяси жүйелерін анықтап алуға ден қоя бастады. Бұл үрдіс барысында “Қазақ КСР Президенті қызметін дайындау және Қазақ КСР Конституциясына (Негізгі заңына) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Заңына сәйкес 1990 жылы 24 сәуірде Республика Жоғарғы Кеңесі Қазақстанның тұңғыш Президенті етіп Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты сайлаған соң, Қазақстанда саяси және экономикалық дербестігін түбегейлі нығайтуға бағытталған белсенді қадамдар басталды. Кешікпей-ақ, сол жылдың 25 қазанында мемлекет басшысының бастамасымен елдің жоғарғы заң шығарушы органы Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы декларацияны қабылдады. Декларацияның алғашқы баптарының өзінде-ақ Кеңестік Одақтан Қазақстанның еркін шығу хақы (правосы) өзінде сақталып қалатыны, сондай-ақ Қазақстанның ұлттық мемлекеттігін сақтау, қорғау және нығайту жөнінде шаралар қолданатыны тайға таңба басқандай, нық сеніммен жазылған. Декларациядағы осы ұстанымдар 1991 жылы 16 желтоқсанда ҚР Жоғарғы Кеңесі қабылдаған “Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” Конституциялық заңында толығымен сақталынады.Тәуелсіз Қазақстанның ең жаңа тарихындағы аса маңызды қадам болып табылатын осынау тарихи шаралардан кейін демокра-тиялық ұстанымдарға және адам хақы мен еркіндігін сыйлауға негізделген тегеурінді президенттік билік мемлекеттің саяси жүйесінің тұғыры бола бастады.Кешікпей-ақ, Қазақстан халықаралық аренаға шыға бастады. 1992 жылы 3 наурызда Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды. Елтаңба, ту, елұран сияқты мемлекеттік нышандар белгіленді. Тәуелсіздіктің әр күні, әр айы тарихи мән-маңызы айрықша жауапты шешімдерге толы болды. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасу мен дамуын айқындау, президенттік басқару нысанына тән мемлекет құрылысын саралау, заң шығару және сот билігін реформалау, әлеуметтік және экономикалық жүйені жаңғырту, ол үшін нормативтік базаны айқындайтын стратегиялық міндеттерді жүзеге асыру сияқты тарихи толымды істер ерекше құлшыныспен және тәуекелі мол табандылықпен қолға алынады.
16) «Уақыт алтыннан да қымбат» мәтініне қатысты өз ойыңызды білдіріңіз. Мыңдаған жылдар бұрын адамдарға уақытты дәл білу онша қажет болмады. Олар күн шыға оянып, күн бата ұйықтаған. Біртіндеп өмір күрделене бастағанда, сағаттың қажеттілігі туып, оның күнделікті өмірдегі рөлі артты. Уақыттты санаудың ең алғашқы қарапайым құралы күн сағаты болған. Ол бұдан үш мың бес жүз жыл бұрын пайда болды. Бірақ күн бұлтты күні бұл сағат қолайсыз болды. Сондықтан адамдар су сағатын ойлап тапты. Ол сағат бойынша су бір ыдыстан екінші ыдысқа тамшылап тұрады. Бірінші ыдыстың суы біртіндеп азайып, уақыттың дәл мезгілін білдіреді. Құм сағаты да осылай жұмыс істейді. Механикалық сағаттар жөніндегі деректер УІ ғасырдың аяғында-ақ белгілі болған. Ол туралы мәліметтерді ғалымдар Византиялық қолжазбалардан тапқан. ХХ ғасырдың 70 жылдары электрондық сағаттар кеңінен таралды. Соңғы кезде өздігінен жүретін сағаттар да пайда бола бастады. Сағаттың күнделікті өмірде аса қажеттілігі әр адамға түсінікті. Жұмысқа, көлікке, кездесуге кешікпеу үшін сағатқа еріксіз қарайсыз, өйткені бүгінгі іскер адамның бәріне де сағат қажет. Ең алғашқыда қалта сағаттары болған. Оларды киімнің қалтасына салып жүреді екен. Қалта сағатының күміс не алтын шынжыр бауы болған, оның екінші ұшында сағатты бұрап тұратын кілті бекітілген. Ол сағатты көбіне сәнқой адамдар таққан, алайда қазіргі кезде қалта сағаты сәннен шыға бастады. Кейіннен қол сағаты пайда болды. Ең алғашқы қол сағатын 1910 жылы «Роллекс» компаниясы жасап шығарды. Сағаттың өмірде алатын орны ерекше: жүректің соғуы, теңіз суының көтерілуі мен қайтуы, күннің шығуы мен батуы, жыл мезгілдерінің алмасуы – бәрі белгілі бір уақытпен өлшеніп, анықталып, тіркеліп отырады.
17) «ҚР отбасын әлеуметтік қорғау жүйесі» Қазақстандағы Әлеуметтік қорғау жүйесін дамытудың басты бағыттары халықаларық тәжірибе мен қазіргі жағдайды талдауға негізделуі тиіс. Нарықтың талаптарға сай келетін және минималді шығындармен тұрғындарды көп қаптап қызмет етуде төленетін тұрақты стимулдарды қалыптастыра. Жаңа жүйе аралас болуы керек, оған ынтымақтастық элементтерімен қатар тұрғындарды негізгі қауіптен әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету үшін еректі және міндетті сақтандыру жүйесі енеді. Әлеуметтік қорғаудың жаңа жүйесінің басты міндеттері мен мақсаттары экономикалық өсуге ықпал ететін элементтерден тұруы керек.
Әлеуметтік қорғау жүйесін мыналар жүзеге асыруы қажет: әлеуметтік қорғау құқығы әрбір адамның қолы оңай жететіндей болуы керек.тын жүйесін құру ұсынылады. әрбір азаматтың мемлекетіне тәуелділігін емес және жауапкершілігін арттырады. төлемақы оны қажет ететіндерге және оған құқығы бар жандарға берілуы керек. жүйенің негізгі кампоненттері тез реттелуі керек. Сонымен қатар әлеуметтік қауіп төнген жағдайды ерікті сақтандыруды жүзеге асыратын азаматтар марапатталады. Барлық әлеуметтік төлемді басқару мен бақылау үшін жеке теңестірудің жалпы мемлекеттік жүйесі және әрбір азаматқа жеке теңестіру кодын беретін мәліметтердің ұлттық базасы құрылуы тиіс. Әлеуметтік қорғау жүйесіне жас азаматтарды ғана емес, сонымен қатар еңбекшілердің кәсіби одағын, Үкіметтің әлеуметтік қызметкерлерін жұмыс берушілер ұйымын қатыстырылуы тиіс.. Себебі, әлеуметтік қорғау жүйесі жұмысшылар мен жұмыс берушілер есебінен қаржыланады.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|