Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Нер жұлдыздары» мәтіні туралы баяндаңыз.




Тыңдармандарына әсем әндер сыйлап жүрген «МузАрт» тобының өнер сүйер қауым үшін алатын орны ерекше. Аталмыш топ өнер әлемінде өз орнын тауып, халықтың үлкен қошеметіне бөленіп, көпшіліктің қуанышына айналып үлгерді. Дегенмен, қазіргі таңда, қазақ эстрадасындағы әншілердің көпшілігі өздерінің әндерін ертеңгі ұрпаққа асыл мұра болып қалу үшін көп еңбекті қажет ететіндігін жақсы біледі. Осы мақсатта, өзге топтардың арасынан аталмыш топтың суырылып алға шығып, үнемі ізденіс үстінде жүретіндігін айтпай кету мүмкін емес. «МузАрт» тобы 2001 жылы сәуір айында құрылған болатын. «МузАрт» - көне түркі тілінен шыққан, «УЗ» – сал, сері, тағы сол сияқты ер азаматқа тән қасиеттерді, ал «АРТ» - биік, шың, тау деген мағынаны білдіреді екен. Құрылғанына биыл он жылдың жүзі болған топтың бүгінде Қазақстанды ғана емес, алыс - жақын шет елдерде де өз тыңдаушыларын тапқан әншілер. Топ мүшелерінің айтуына қарағанда алғашқы құрылған кездері «МузАрт»-тың жетістігі бүгінгідей болады деп ойламаған сыңайлы. Ең алғашқы орындаған әндері Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған Қанат Ибраимовтың «Сенің көзің» деген әні. Құрамына Сәкен Майғазиев, Мейрамбек Беспаев және Мақсат Базарбаев кірген топ барша Қазақстанға танымал болғаннан кейін, 2004 жылы алғашқы шет елдік сапарларын бастап кеткен. Өнер ордасы, үлкен «Орман» тәрізді. Өйткені, орманда сан мыңдаған ағаштар өсіп, жетіледі. Кейбір ағаштар әлсіз, өз-өзіне сенімсіз, алға ұмтылуға қауқарсыз болады. Әрине, оларға шамалы жел тиіп, самал өпсе болғаны бұтағы сынып, соңында қурап қалады. Ал, мәңгі жайқалып, өз реңін бермей тұратын жасыл шыршаны алып қарасақ, күннің ыстығында да, суығында да жап-жасыл түске боялып, адамның көңіліне қуаныш ұялатады. «МузАрт» тобы да, сол жасыл шырша іспеттес. Қайда жүрсе де, жан біткенді әсем әуендерімен тербетіп, тыңдарманның жүрегінен жол табуда. Осылай үнемі биіктің шыңында жүрген топ, он жылды артқа тастап, енді есеп беру концерттерін бастап кетті. Ең бірінші Елордамыз Астана қаласында 27 сәуір күні «Қазақстан» орталық концерт залында мерейтойлық концертерін дүрілдетіп өткізді. Халықтың ықыласында шек болған жоқ десе де болады. Әрине, бұл тек бір қаламен шектелмейтін шығар. Астанадағы мерекелік күндердің жалғасы басқа өңірлерде де болады деп үміттенеміз. Себебі, өзге өңірлерде олардың өнеріне сусап, сағынып жүрген тыңдармандарда есеп жоқ. Дәл қазiргiдей уақытта жас ұрпақтың бойындағы қазақылық пен ұлттық рухты жоғалтпай ұстап қалатын мағыналы да, мәнді әндер. Жас буын өкілдерінің барлығы дерлік махаббаттың мың соқпағын жол қылған түрлі әндерді тыңдап, алдамшы сезіммен ғана алданып жүрген уақытта «Муз Арт» тобының терең мағыналы әндерін тыңдауды әдетке айналдырып келеді. Мысалы, «Үш қоңыр» сынды әнді жас буын өкілдері де, орта буын өкілдері де тіпті еңкейген қариямызға дейін тыңдап қана қоймай, сөздерін жаттап ыңылдап айтып жүреді. «Әннің де естісі бар, есері бар» деген осы болар, есті әндер халық есінде мәңгі сақталады. Сондықтан да «МузАрт» тобы халық сүйіспеншілігіне бөлене бермек.







Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных