ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Шәкәрім өлеңдеріндегі имандылық концепциясы» мәтін мазмұнын баяндау.Имандылық – адамның қоғамдағы, күнделікті өмірдегі іс-әрекеттерін белгілі бір қалыпқа түсіретін ішкі рухани реттеуіш, қадір-қасиет, адам бойындағы адамгершілік, ізгілік, кісілік белгісі. Дәстүрлі қазақ қоғамында адамның имандылығына – мінез-құлық жүйесіндегі ерекшеліктеріне көп көңіл бөлінген. Адамның жарық дүниеге келуі, өсуі, ержетуі, тіршілік етуі, қартаюы, ата мен баланың қарым-қатынасы, үлкендік пен кішілік, сыйластық, әдептілік пен арлылық, инабаттылық тәрізді маңызды мәселелер имандылықтың маңызды құрамдас бөлігі ретінде ешқашан да назардантысқалмаған. Жастардың үлкендерге құрмет көрсетуі, үлкендердің кішілерге ізет білдіруі өмір сүру салтына айналған. Қоғамда берік қалыптасқан осындай көрегенділікпен өмір кешу дағдылары жинала келіп, барша адамгершілік қағидалардың, Имандылықтың жазылмаған кодекстерінің қалыптасуына негіз болған. Шәкәрім Құдайбердіұлының Иманым атты жинағында жаратылыс жұмбағы, Алла мен адам қарым-қатынасы, иман жайлы жазған туындылары қамтылған. Ой бастауы Құран Кәрімнен құйылар Шәкәрімнің сыр сөздері бүгінгі қоғамның тынысымен үндес екендігі даусыз. Қазақ қауымының ғана емес, жалпы адамзат баласының рухани қазынасы үшінөлмес өсиет қалдырған Шәкәрімнің асыл мағыналы сыр сөздерінің жылдар өткен сайын жаңғыратыны шындыққа айналып отыр. Шәкәрім - әдебиеттің әр алуан жанрларына қалам тербеген қаламгер. Шәкәрім лирикасындағы тақырыптық мазмұн-қоғам қайшылықтарын азаматтық талғамда терең мән беріп, сын тезіне салуы, сол қоғамның шындығы мен сұранымынан туындаған ағартушылық–демократтық мақсаттағы сыншылдық идея. Ақынның қоғам өмірін суреттеген сыншылдығы да, шыншылдығы да, наразылығы да, лирикалық жанр үлгісінде тоғысады. Оның реалистік сипаттағы лирикалық туындыларында әдеп, мінез-құлық, имандылық, ар ілімі сынды категориялары бірден көзге түседі. Бұл Шәкәрім лирикасындағы авторлық ерекшелік болып табыладыҚорыта келгенде, ХХ ғасыр басындағы тарихи - әдеби процеске ерекше ықпал еткен таза ұлттық таным тұрғысынан айнымаған Шәкәрім лирикасына теориялық тұрғыдан талдау жасағанда оның қазақ поэтикалық өлең үлгісіне жаңа көркемдік түр мен сапалық мазмұн енгізгенде көз жеткіземіз. Азаматтық ар үні, әлеуметтік әуен басым жататын Шәкәрім лирикасы оқу-білім, ғылымды, адал еңбекті, талапшылдықты, адамгершілікті насихаттаған философиялық ойшыл ақындық тұлғасымен, әлеуметтік өмір қайшылықтарын, өз заманының шындығын нақты түрде, үлкен сыншылдықпен ашық көрсетуі арқылы ерекшеленеді. Автордың лирикалық шығармаларын зерттеу арқылы, туындыларының идеялық-көркемдік ізденістері сан алуан, лирикалық сезім табиғаты әлде қайда күрделі, пәлсапалық дүниетаным өресі терең, ақындық шеберлігі мен қуаты ешкімге ұқсамайтын дара екендігіне көз жеткіземіз.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|