Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Халықтық қолөнер» мәтін мазмұнын баяндау.




Бүгінде халқымыздың қолөнері қарқынды дамып келеді. Ұлттық қолөнер, салт - дәстүрімізді жетілдіріп, мәдениетіміздің озық жетістігін көрсетуде. Осы жағынан алғанда ұлттық қолөнердің тәрбиелік, тағылымдық мүмкіндіктері жоғары. Қолөнер - біздің рухани байлығымыз, мәдениетіміз, салт-дәстүріміз. Ол-бірнеше ғылымдардың дамуы-нан пайда болған өнер туындылары. Қолөнер кәсібі еліміздің экономи-касын көтеруге ықпал етеді. Қазақ халқының қолөнері - әлем халықтарына мақтаныш-пен көрсететін көрме. Оған дәлел, біздің киіз үйіміз бен оның ішіндегі көз жауын алатын сәндік қолөнер бұйымдарын тамаша-лаған шетелдіктер "Киіз үй - қазақ халқының шағын мұражайы" деп бағалаған. Қазіргі кезде қазақ қолөнері қарқынды дамып, ұрпақтан - ұрпаққа жалғасуда. Ғасырлар бойы қалыптасқан пішіндер мен тәсілдердің бай мұрасы негізінде шеберлер қазіргі заманғы сюжетті композиция элементтерін көрсететін ағаш, металл, керамика, киізден жасалған ерекше шығармаларды дүниеге әкелуде. Қазіргі заманғы суретшілер мен қолөнер шеберлері тері, ағаш сүйек өңдеуде ескі технологияларды меңгеріп, қайта заңдастыруда. Солардың арқасында халық қолөнерінің көптеген сырлары белгілі болды. Осылайша көне бұйымдар көркемдігі мен әсерлілігін жоғалтпай, қазіргі заманғы шеберлердің қолынан қайта жаңғыртылып отыр. Соның бірі домбыра - қазақ халқының кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Ол - қазақтар өмірінде маңызды орын алатын өзіндік музыкалық сипаты бар аспап. Алғаш эпикалық дәстүр шеңберінде жыр, толғау, термелерді сүйемелдеуге қолданылған домбыра кейін аспаптық шығарма - күй жанрының қалыптасуына ықпал етті. Қазіргі кезде домбыра жеке әнді сүйемелдеуге, күй тартуға, халықтық фольклорлық музыкада, классикалық шығармаларды орындауға қолданылатын, мүмкіндігі кең музыкалық аспап болып табылады. А.Байқыдыров атындағы саз мектебінің түлегі, менің алғашқы шәкірттерімнің бірі Ерасыл Уәлиев - Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, көркемсурет факультеті, "Сәндік қолданбалы өнер" кафедрасының магистранты. Қазақстанға танымал домбыра шебері. 2011 жылы Халықаралық "Шабыт" фестивалінің дипломанты, 2012 жылы студенттер арасындағы қолөнер байқауының жүлдегері. 2013 жылы Халықаралық "Шабыт" фестивалінің лауреаты атанды. Осындай өз жолымды қуған шәкірттерім баршылық.

 

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных