ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Азақстан Республикасындағы демографиялық мәселелер» мәтін мазмұнын баяндауОтбасы – шағын мемлекет» мәтін мазмұнын баяндау. Қазақтар амандасқанда, «мал-жаның, отбасың аман ба?», - деп жатады. Неге солай? Ол – өз отбасың, мал-жаның үшін сен жауап бересің деген сөз. Қазіргі кезде біз оны жай әдет шығар деп ойлаймыз. Ілкіде олай болмаған. Ол – басқалардың алдында сенің өз отбасыңды қалай басқарып отырғаның туралы есеп беруің болып есептелген. Отбасы дегеніміз – тұрмыс құрған екі адамнан өрбіген ұрпақ. Отбасын бұзбау керек. Мал да, жан да сол ұяда қалса абзал. Бүкіл дүние жүзінің түсінігі басқаша болса да, қазақтың өз ұясына түсінігі – ата-баба түсінігінде, солардың заңдары мен жарғыларына бағындырылуы шарт. Адамзат баласы үшін басын қатерге тігеді, қолын отқа салады. Егер біздің заңымыз бойынша отбасы бұзылған жағдайда «мал-жанын» ата шаңырақ меншігіне қалдырып жатса, «бауыр еті - баласын» тастап кетушілердің табыла қоюы да екіталай болар еді. Соның арқасында кездейсоқ болып қалған сәл реніш үшін баласын қолтығына қыстырып алып, «төркіншілейтіндердің» де саны азаяр еді. Мұндай заң әйелдің тең құқықтығын әлсіретпейді, қайта бақытты болуына, бесіктен бастап, отбасының тұрақты болуына әсер ететін тәрбие алып шығуына, өзіне өмірлік жар таңдауда ұшқалақтық жасамауына итермелейді.Біздердің бұрынғы аналарымыздың «ері өлгенде де елден кетпеуі» сол «бауыр етіне» деген сүйіспеншіліктен туындайтын инабаттылық болса керек. азақстан Республикасындағы демографиялық мәселелер» мәтін мазмұнын баяндау Халықтың демографиялық өсуінің екі жолы бар: оның бірі – табиғи өсу болса, екіншісі-жасанды, яғни сырттан келушілердің есебінен өсу. Қазақстанда қазір халық санының өсуіне осы екі жол да оң ықпал етіп отыр. Қазіргі уақытта қазақ халқының демографиялық даму мүмкіндігі зор. Тәуелсіздік алған елімізде халықтың табиғи өсуіне оң ықпал тигізетін әлеуметтік іс-шаралар мысалы, жас отбасыларына материалдық көмек беру, оларды үймен, жұмыс орындарымен қамтамасыз ету, әлеуметтік қолдаулар көрсету және т.б. жүргізілуде. Қазіргі уақытта елімізге шет елдерден ағылған ұлы көштің ата мекенге ат басын тіреп жатқаны да жақсы нышан. Жыл сайын оларға бөлінетін квота көлемі де артып келеді. Соңғы жылдары демографиялық ахуалдың жақсаруына еліміздің экономикалық тұрғыдан дамуы, Қазақстан Республикасының «Көші-қон саясаты туралы» Заңы қабылданып, жүзеге асырыла бастауы да оң ықпал етіп отыр.Алайда, осындай жүргізіліп жатқан игі істер оң нәтиже беруі үшін біз қазіргі кездегі демографиялық мәселелердің ең басты бағыттарын дәл анықтап, оны шешудің тиімді жолдарын таба білуіміз керек. Бұл ретте әлемде өтіп жатқан индустриализация мен урбанизацияның жоғары қарқынды жүруінен туындап жатқан ғаламдық сипатқа ие мәселелер бар екені ескерілуі тиіс. Ондай мәселелр қатарына «өркениет ауруы» атанып отырған туудың азаюы, өлімнің өсуі, жанұялардың көп ажырасуы, қазіргі экологиямызға байланысты ауру балалардың туылуы немесе әйелдердің мүлде туа алмауы, айықпас дерттердің көбеюі және олардан айығудың тұйыққа тірелуі секілді жағдайлар жатады. Осындай әлемдік мәселелердің Қазақстан демографиясына әсерін, оның шешімін табудың жолдарын Үкіметтік деңгейде қарастырған дұрыс. Өз елінде азшылыққа ұрынып, тепкі көрген ұлт шамшыл келеді. Ендеше, біз, жалған достық пен бауырмалдыққа бас ие бермей, шындыққа тіке қарап, Қазақстанның иесі - қазақ, тілі - ұлттық, діні - мұсылмандық екенін болашақ ұрпақтың санасына орнықтыруға тиіспіз. Қазақтың саны Қазақстанда азайып, қазақтың тууы төмендесе, бұл Қазақстан үшін жақсы нышан емес. Шет елдік «отбасын жоспарлау» саясаты да Қазақстан үшін аса қажет нәрсе емес.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|