Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Күй құдіреті» мәтін мазмұнын баяндау.




Қай ұлтқа, қай халыққа болса да сол ұлтпен, халықпен бірге жасасып келе жатқан киелі мұралары қымбат. Қазақ халқы үшін сондай құнды, бағалы мұралардың бірі – күй. Қазақ сахарасындағы күй өнері – өте ертеден келе жатқан халқымыздың көне тарихын бойына сіңірген кемел өнер. Жерінің кеңдігіне қарай қазақ халқының күй орындаушылық мектептері де көптеп саналады. Атап айтсақ: Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Қазанғап, Абыл, Адай, Байсерке және Қаратау өңірі, Сыр өңірі, Алтай-Тарбағатай күйшілік орындаушылық мектептері дер едік. Осы бай музыкалық мұраларымыз бүгінгі таңда күйші-орындаушыларымыздың арқасында жетіп отыр. Біз «Күй атасы – Қорқыт» дегенімізбен өнер зерттеушілері Қорқытқа дейін де күйдің «өмір сүргендігін» дәлелдейді. Көне күйлердің әуен-сарыны ертедегі Сақ, Ғұн, Үйсін, Қаңлы, Көк түріктер және басқа да тайпалар өмірінен бастау алатынын алға тартады. Бұған мысал ретінде халық күйлері аталып жүрген «Аққу», «Кеңес», «Боз айғыр», «Сары өзен», «Шұбар ат» және басқа да туындыларды келтіреді. Күйді ел тарихынан бөліп қарау мүмкін емес. Кешегі замандарда күйлерде халықтың қайғы-қасіреті, азат өмірге ұмтылысы, әділетсіздікке күресі өрнек тапты. Негізі, күй жайдан-жай шығарыла салмайды. Күй – қазақтың жансерігі, мұңдасы, сырласы. Күйдің ғажаптығы сол – ол өзің бастан кешіріп отырған өмірдің мән-маңызын ұқтырады. Күй ойға жетелейді. Адам боп өмір сүруге, жақсылыққа, ізгілікке ұмтылдырады. Күй тыңдап, күйді түсінген пенде жамандыққа, арамдыққа бара алмайды. Күй құдыреті деген осы. Ұлттық сана, ұлтты сүю, қадірлеу бабаларымыз аманат етіп кеткен дәстүрден, өнерден бастау алатынын ұмытпағанымыз абзал. Сол қасиетті өнеріміздің бір тармағы, құдыреттісі – күй өнері. Қазақтың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов кезінде «Жалпы музыка атаулы нәрсе елдің сезім байлығы мен ішкі жаратылыс қалпын білдіретін болса, солардың ішіндегі ең толғаулы, ең терең сырлысы – күй» деген. Күйге бұдан артық баға беру де қиын. Міне, қазақ күйі дегеніңіз осындай. Ол бір өзінше әлем. Нағыз қазақ күйсіз өмір сүре алмайды.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных