Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






М.Әуезов суреткер» мәтін мазмұнын баяндау.




 

Мұхтар Әуезов - бірден танылған тума талант. Болашақ ұлы суреткерді әріптестері мен замандастары ертеден-ақ болжай білген. 18-20 жастардағы Мұхтарды құрбы-құрдастары әзіл-оспаққа, әжуаға айналдыра бастаса, Міржақып Дулатов: "Тиіспеңдерші. Осы қара баладан түбінде бірдеңе шығады" - дейді екен. Алдында өзінің Би-ағасымен, бәріміздің де Би-ағамызбен, Бейімбет Майлинмен бірге талай қыңыр пікір айтушыларға батыл төтеп беріп, бар шындығымен дәлелдеп, "Қилы заманды" ең таңдаулы шығармалардың қатарында санаған Ғабит Мүсірепов повесть авторыменҚызылордада 1929 жылы алғаш кездескен. Кездескенде де, парасатына да, талантына да, тұлғасына да сол күнібас иіпті. 30-жылдардың басында Ахмет Байтұрсыновөзімен бірге түрмеде жатқан інісіне: "Мұхтар, сен кешірім сұ рап, кең дүниеге шық. Бізді де сына. Сенің болашағың өте зор,» - деп а ғалық, ұстаздық акыл-кеңес беріп, жүрекжарды сөзін айтыпты деген әңгіме бар. Ақаңдай халқы үшін жаралған адамның ол сөзіне сенбеске болмайды. Осының барлығын ұ -.лылардың көрегендігі, елінің болашағын ойлаған, оның өнері мен әдебиетін құлай сүйген таланттар мен дарындарға жан ашырлығы деп білуіміз керек. Бұл күнде сол көребіздің бақытымызға айналып. Мұхтар Әуезовтің казақ тілін байытуға қосқан орасан еңбегі мен оның нәтижелерін үлкен екі арнада, екі бағытта, екі тарапта қарастыру қисынды. Олардың бірі және негізгісі - оның жазушы ретіндегі лексика мен фразеологиядағы,грамматика мен стилистикадағы табыстары жайлы; екіншісі сөзқолданымға байланысты жазушының теориялықолжамдары мен тұжырымдары, ұсыныстары туралы зерттеулер болмақ. Екінші мәселеге қатысты азын-аулак ойларымызды қайталауды ретсіз санап, бірінші мәселе төңірегіндегі қысқаша ой өрбітпекпіз.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных