Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Фаскаларды, түйіндесулерді орындау




Фаска (chamfer) командасын РЕДАКТИРОВАНИЕ (Modify) құлама мәзірінен немесе аспаптар тақтасындағы пиктограммасын басу арқылы шақыруға болады. 3.14-суретте команданың қандай геометриялық параметрлермен жұмыс істейтіні көрсетілген. Фасканы екі жолмен салуға болады: 1. Бірінші және екінші кесінділердегі фаскалардың ұзындығын анықтау арқылы; 2. Бірінші кесіндідегі фасканың ұзындығын және фасканың осы кесіндімен жасайтын бұрыштың шамасын анықтау арқылы. Фаска командасы тек қана түзу сызықты объектілер: кесінділер, сәулелер, түзулер, тік төртбұрыштар, көпбұрыштар мен полисызықтар үшін ғана қолданылады. Фасканы жасау процесі әдетте екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде команданың параметрлері қойылады. Екінші кезеңде фаска жасалатын объектілерді нұсқау арқылы фасканы жасау орындалады. Егер ағымдық параметрлер фасканы жасау үшін жарайтын болса, бірден фасканы салуға кірісе беруге болады. Фаска (chamfer) командасын таңдаған кезде командалық жолда келесі хабар шығады: Command: _chamfer (команда: Фаска) (TRIM mode) Current chamfer Dist1 = 10.0000, Dist2 = 10.0000 (Режим с обрезкой) Параметры фаски Длина1=10.0000, Длина2=10.0000 Бұл фасканың артындағы сызықтарды кесіп алып тастау режимі ағымдық болып тұрғанын және фасканың бірінші және екінші кесінділердегі ұзындықтарын көрсетеді. Содан соң фаска жасауға немесе опцияларды өзгертуге ұсыныс жасалады. Select first line or [Polyline/Distance/Angle/Trim/Method]: (Выберите первый отрезок или [Полилиния/ Длина/Угол/Обрезка/Метод]: d Егер фасканың ұзындығын өзгерту керек болса, Distance опциясын енгіземіз (d әрпін енгізсе жеткілікті). Бұл опцияны таңдағаннан кейін AutoCAD бірінші фасканың, содан кейін екінші фасканың ұзындығын сұрайды. Фасканың бірінші ұзындығын 60, екінші ұзындығын 20 деп қабылдайық. Specify first chamfer distance: 60 Specify second chamfer distance: 20 Бұл деректерді енгізгеннен кейін AutoCAD команданы аяқтайды. Әрі қарай қалған опцияларды қарастырайық: Polyline, Angle, Trim, Method (Полилиния, угол, обрезка, метод). Polyline (Полилиния). Бұл опция полисызықтың барлық төбелерінде бірден фаскалар жасауға арналған. Бұл опцияны таңдағаннан кейін AutoCAD 2М полисызықты нұсқауды сұрайды. Осы кезде полисызықтың кез келген сегментін нұсқаса, фаска оның барлық төбелерінде жасалады. Осылан кейін AutoCAD фаскалармен қосылған кесінділердің санын хабарлайды да, команданы аяқтайды. Angle (Угол). Бұл опция фасканы бірінші кесіндінің ұзындығы мен бірінші кесіндінің фаскамен жасайтын бұрышы арқылы анықтау үшін арналған. Trim (Обрезка). Бұл опция позволяет фасканың артындағы кесінділерді кесуді орнатуға немесе алып тастауға арналған. Method (Метод). Бұл опция команданың орындалуы барысында фасканы салу әдісін өзгертуге мүмкіндік береді. Distance (Длина) әдісін таңдаған кезде фасканы салу үшін бірінші мен екінші кесінділердегі ұзындықтарын енгізу керек болады. Angle (Угол) әдісін таңдаған кезде фасканы салу кезінде бірінші кесіндінің ұзындығы мен бірінші кесіндінің фаскамен жасайтын бұрышының шамасын енгізу керек болады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных