Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Объектілерді ұзарту,кесу, үзу.




AutCAD жүйесінде объектілерді бір шекара сызығына дейін ұзартуға болады. Ол Удлинить (Еxtend) командасының көмегімен жүзеге асады. Объектілерді шекара сызығына дейін де (3.17-сурет), оның шартты жалғасына дейін де ұзартуға болады (3.18-сурет). Ұзартуға болатын объектілер: кесінділер, доғалар, эллипстік доғалар, тұйықталмаған екіөлшемді немесе үшөлшемді полисызықтар, сәулелер. Удлинить (Extend) командасын РЕДАКТИРОВАНИЕ (Modify) құлама мәзірінен немесе аспаптар тақтасындағы пиктограммасын басу арқылы шақыруға болады. Командалық жолда келесі хабар шығады: Command: _extend Әрі қарай компьютер екі жүйелік айнымалының мәнін көрсетеді, содан соң шекара сызықтарын көрсетуді сұрайды. Current settings: Projection=UCS Edge=None Select boundary edges... Select objects: Шекара сызығы ретінде кесінділер, сәулелер, түзулер, доғалар, шеңберлер, эллипстер, полисызықтар, сплайндар, мәтіндер қолданылуы мүмкін. Шекара сызығы ретінде екі өлшемді полисызық қабылданса, оның ені есептелмейді және объект оның осьтік сызығына дейін ұзартылады. Егер тұрғызулар парақ кеңістігінде орындалып жатса, шекара сызықтары ретінде жүзбелі көрініс экрандары да қабылдана алады. Компьютерлік графика 119 Шекара сызықтарын нұсқағаннан кейін AutoCAD келесі сұрауды қояды: Select object to extend or [Project/Edge/Undo]: (Выберите удлиняемый объект или [Проекция/Кромка/Отменить]:) Бұл жерде ұзартылатын объектілерді нұсқау керек. Егер шекара сызығы қысқа болса, ал объектіні оның жорамал жалғасына дейін ұзарту керек болса, онда Кромка (Edge) опциясын таңдап, (Extend) шекара сызығының жалғасы режимін қою керек. Содан соң ұзартылатын объектіні нұсқау керек. Соңғы орнатылған опция команданы келесі шақырғанда ағымдық болып қалады.

3.12. Объектілерді кесу Обрезать (Trim) командасы берілген сызық бойынша объектінің бөлігін кесіп тастауға мүмкіндік береді (3.19-сурет). Обрезать (Trim) командасын құлама мәзірдің РЕДАКТИРОВАНИЕ (Modify) бөлімінен немесе аспаптар панеліндегі пиктограммасын басу арқылы шақыруға болады. Командалық жолда келесі хабар пайда болады: Command: _trim Әрі қарай компьютер кесу процесін жүргізетін екі айнымалыны еске салады: Current settings: Projection=UCS Edge=None Projection жүйелік айнымалысы үш өлшемді модельдер үшін арналған. Edge жүйелік айнымалысы ойша қиылысу үшін керек. Select cutting edges...(Кесу сызығын нұсқаңыз) Select objects: (Объектілерді таңдаңыз:) 1 found Select objects: 1 found, 2 total Select object to trim or [Project/Edge/Undo]: (Кесілетін объектіні таңдаңыз немесе [Проекция/Кромка/Отменить]:) Таңдауды аяқтау үшін ENTER пернесін басу керек.

3.13. Объектіні үзу Разорвать (break) командасы объектінің бір бөлігін өшіруге мүмкіндік береді. Үзуге болатын объектілер: кесінділер, түзулер, сәулелер, шеңберлер, доғалар, полисызықтар, эллипстер, сплайндар. Разорвать (break) командасын РЕДАКТИРОВАНИЕ (Modify) құлама мәзірінен немесе аспаптар тақтасындағы пиктограммасын басу арқылы шақыруға болады. Командалық жолда келесі жазу шығады: Command: break Select object: (Команда:_разорвать Выберите объект) Тышқанның сол батырмасын басу арқылы объектіні белгілейміз. Бұдан кейін командалық жолда келесі жазу болады: Specify second break point or [First point]: (Укажите вторую точку разрыва или [Первая точка] Егер объектіні таңдаған жердегі нүкте үзудің бірінші нүктесіне сәйкес болса, онда үзудің екінші нүктесін нұсқау жеткілікті. Егер үзудің бірінші нүктесінен бөлек болса, онда First point (Первая точка) опциясын таңдап, үзудің бірінші нүктесін нұсқау керек. Бұл кезде курсормен объектіні дәлдеудің қажеті жоқ. Графикалық жүйе көрсетілген нүктеден үзілетін объектіге ойша нормаль жүргізіп, үзу нүктесін анықтайды. 3.20- суретте команданың орындалу мысалы көрсетілген. Ескерте кететін жағдай: AutoCAD жүйесі объектіні үзуді сағат тіліне қарсы бағытта орындайды.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных