Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Объектілерді қасиеттер терезесінде редакциялау. Объектілерді масштабтау.




Свойства (properties) диалогтық терезесі AutoCAD объектілерінің қасиеттерін көру мен өзгертудің негізгі құралы болып табылады. Бұл терезенің көмегімен редакциялауға жататын кез келген қасиеттерді өзгертуге болады, оның ішінде: · барлық объектілерге тән жалпы қасиеттерді (түс, қабат, сызықтың түрі, сызық түрінің масштабы, баспа стилі, сызықтың қалыңдығы, гиперсілтеме, биіктік) өзгерту; · объектілердің, оның ішінде парақ кеңістігіндегі көрініс экрандарының да, геометриялық қасиеттерін редакциялау; · мәтін мазмұнын және қасиетін өзгерту; · өлшем блоктарының барлық параметрлерін өзгерту; · гипербайланыстарды өзгерту. Бұл диалогтық терезені келесі жолдармен шақыруға болады: 1. Стандартный аспаптар тақтасы Þ пиктограммасы; 2. Редактировать құлама мәзірі Þ Свойства пункті; 3. Контекстік мәзір арқылы: объектіні таңдағаннан кейін, тышқанның оң батырмасын басып, контекстік мәзірден Свойства бөлімін (ол тізімнің соңында болады) таңдау; 4. Объектілердің ішінде көбісінің қасиеттері терезесін тышқанның сол батырмасымен объектіні екі рет шертіп қалып, шақыруға болады. 5. Пернетақтадан Окносв командасын енгізу арқылы Диалогтық терезедегі параметрлерді шақыру батырмаларының көмегімен жаңа параметрлерді қосымша диалогтық терезелерден таңдау арқылы енгізуге болады. Диалогтық терезеде сұр түспен берілген қасиеттер өзгертуге келмейді және тек көрсету үшін ғана арналған. Диалогтық терезедегі қасиеттер тізімі белгіленген объектіге немесе объектілер тобына байланысты. Егер бірде-бір объект таңдалмаса, терезеде объект қасиеттерінің ағымдық күйі туралы, баспа стилі туралы, көрініс экрандары мен қолданбалы координаталар жүйесі туралы мәліметтер көрсетіледі. 3.27-суретте объект таңдалмаған кездегі терезенің күйі көрсетілген. Егер бір объект таңдалса, терезеде бұл объектінің жалпы және геометриялық қасиеттері көрсетіледі. 3.28-суретте шеңбер таңдалған кездегі терезенің күйі көрсетілген. Егер бір типті бірнеше объектілер таңдалатын болса, терезеде осы объектілерге ортақ жалпы және геометриялық қасиеттері көрсетіледі. Егер әртүрлі типтерге жататын объектілер таңдалатын болса, терезеде тек жалпы қасиеттер көрсетіледі. Кез келген қасиетті өзгерту үшін келесілерді орындау керек: • Объектіні немесе объектілер тобын таңдау керек. • Свойства терезесінде қажетті қасиеттің алаңына кіріп, қажетті мәнді енгізу керек немесе тізімнің ішінен таңдап алу керек. AutoCAD сызбада өзгерісті бірден енгізеді. Егер қасиеттер жаңа мәнді енгізу арқылы жүзеге асатын болса, осы жерде пернесін басу керек. • Редакциялауды аяқтау үшін курсорды сызба алаңына алып барып, екі рет пернесін басу керек немесе кез келген басқа команданы шақыру керек.

3.17. Объектілерді масштабтау Объектілерді үлкейту немесе кішірейту Масштаб (Scale) командасының көмегімен жүзеге асырылады. Масштаб (Scale) командасын РЕДАКТИРОВАНИЕ (Modify) құлама мәзірінен немесе аспаптар тақтасындағы пиктограммасын басу арқылы шақыруға болады. Команданы шақырғанда командалық жолда келесі хабар шығады: Command: _scale (Команда: Масштаб) Әрі қарай жүйе кішірейтілетін немесе үлкейтілетін объектіні таңдауды сұрайды: Select objects: (Выберите объекты:) Тышқанның сол батырмасын басу арқылы қажетті объектіні таңдаймыз. 3.29-суретте Масштаб (Scale). командасын қолдану арқылы объектіні екі есе үлкейткен мысалы көрсетілген. Бұл жерде объектілерді (шеңбер, төртбұрыш, екі осьтік сызық – барлығы төрт объект) таңдаған кезде рамканы қолданған. Объектілерді таңдауды ENTER пернесін басу арқылы аяқтаймыз. Бұдан кейін AutoCAD базалық нүктені сұрайды. Бұл нүкте объектілер тобындағы қозғалмайтын жалғыз нүкте болады. Базалық нүктені координаталарын пернетақтадан енгізу арқылы немесе экранда курсордың көмегімен нұсқау арқылы енгізуге болады. Берілген мысалда базалық нүкте ретінде шеңбер центрін қабылдаймыз. Specify base point: _cen of Базалық нүктені анықтағаннан кейін, командалық жолда масштаб коэффициентінің сан мәнін енгізу керек. Объектіні үлкейту үшін коэффициент 1-ден үлкен болуы керек, ал кішірейту үшін – 1-ден кіші болу керек. Біздің мысалымызда 2 санын енгіземіз. Specify scale factor or [Reference]: 2 AutoCAD таңдалған объектілерді үлкейтеді де, команданы аяқтайды.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных