Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Пирамида мен клинді салу




AutoCAD-та клин деп аталатын сына тәрізді, пішімі дигоналімен бөлінген параллелепипедтің жартысы болып келетін призмалық денелерді салуға болады. Бұл үшөлшемдік қаттыденелі объект күрделі пішімді геометриялық денелерді құрастыру үшін жиі қолданылады. Бұл команданы шақыру жолдары: 1. Моделирование аспаптар панелі Þ батырмасы; 2. Рисование мәзірі Þ Моделирование Þ Клин; 3. Командалық жолда Клин немесе Wedge сөзін енгізу; 4. Басқару пульті Þ 3D Make (3D построения) Þ Клин. Клин командасын шақырғанда командалық жолда келесі жазу шығады: Команда: _wedge Клин параллелепипедтің жартысы болғандықтан, клинды салу үшін де алдымен призма табанының бірінші бұрышын сұрайды. Первый угол или [Орталық]: Бұл жерде сына табанының бірінші бұрышын көрсету керек. Другой угол или [Куб/Длина]: Сына табанының екінші бұрышын енгізу керек. Высота или [2Точки]: Сына биіктігін енгізу керек. Биіктіктің оң мәнін енгізгенде, биіктік ағымдық ПСК-ның Z осінің оң бағытымен бағыттас етіп салынады. 4.13-суретте өлшемі 300×100×200мм сынаның каркастық моделі көрсетілген. 4.14-суретте Визуалды стильдің Концептуальный түрінің көмегімен сынаның боялған кескіні көрсетілген. Орталық опциясын қабылдаған кезде клин нұсқалған орталық нүктенің көмегімен салынады (4.15-сурет). Команда: _wedge Первый угол или [Центр]: Ц Центр ретінде 1 нүктесін нұсқаймыз. Другой угол или [Куб/Длина]: Табанының екінші бұрышын көрсетеміз. Высота или [2Точки]: Биіктікті енгіземіз. Куб опциясын қабылдаған кезде сынаның ұзындығы, ені, биіктігі бірдей болады. Длина опциясын қабылдаған кезде сынаның ұзындығын, енін, биіктігін енгізу керек (4.13-сурет).

4.1.6. Пирамида (Pyramid) AutCAD программасында пирамиданы Пирамида (pyramid) командасының көмегімен тұрғызуға болады. Бұл команданы шақыру жолдары: 1. Моделирование аспаптар панелі Þ батырмасы; 2. Рисование мәзірі Þ Моделирование Þ Пирамида; 3. Командалық жолда Пирамида немесе Pyramid сөзін енгізу; 4. Басқару пульті Þ 3D Make (3D построения) Þ Пирамида. Команданы шақырғанда командалық жолда келесі жазу шығады: Команда: _pyramid 4 сторон Описанный Центральная точка основания или [Кромка/Стороны]: Бұл жазу пирамиданың 4 бүйір жағы болатынын хабарлайды. Егер осымен келісетін болсаңыз, онда пирамида табанының ортасын нұсқайсыз. Радиус основания или [Вписанный]: Пирамида табанына іштей сызылған шеңбердің радиусын енгізу керек (4.16, а-сурет). Егер пирамида табаны берілген шеңбердің ішіне іштей сызылсын (4.16, ә-сурет) десеңіз В әрпін енгізесіз. Немесе тышқанның оң батырмасын басып, контекстік мәзірді шақырасыз. Контекстік мәзірдің ішінде Вписанный пунктін таңдайсыз. Высота или [2Точки/Конечная точка оси/Радиус верхнего основания]: Пирамиданың биіктігін енгізесіз. Егер команданы шақырғаннан кейін Кромка опциясын таңдасаңыз, пирамида табанының бір қабырғасының ұзындығын енгізесіз. Егер Стороны опциясын таңдасаңыз, пирамида бүйір жақтарының санын өзгерте аласыз. Бұл жерде 3-тен 32-ге дейінгі санды енгізе аласыз. Программада бастапқыда орнатылған саны 4 болады. Жұмысты орындау барысында пирамиданы тұрғызу кезінде бұл сан алдында енгізілген санға тең болады. 4.17-суретте пирамиданың бүйір жағының саны 8 болған кездегі каркастық моделі мен Концептуальный стиліндегі кескіні көрсетілген. Пирамиданың биіктігін енгізетін кезде 2Точки опциясын таңдасаңыз, пирамиданың биіктігін екі нүктемен бересіз. Программа биіктік ретінде екі нүктенің арасындағы қашықтықты қабылдайды. Конечная точка оси опциясын таңдасаңыз, пирамида осінің шеткі нүктесін енгізесіз. Бұл нүкте пирамиданың төбесі болып табылады. Осьтің шеткі нүктесі 3D кеңістіктің кез келген жерінде орналасуы мүмкін. Бұл нүкте пирамиданың ұзындығын және оның кеңістікте орналасуын анықтайды. Қиық пирамиданы салу үшін Радиус верхнего основания опциясын таңдайсыз. Әрі қарай пирамиданың үстіңгі табанының радиусын енгізу керек болады. Содан соң биіктігінің мәнін енгізесіз (4.18-сурет).






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных