Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Айналу денелерін салу.




Айналу денелері – тұйық контурдың белгілі бір осьтің төңірегінде айналуынан пайда болатын қаттыденелі объект. Айналу объектісі ретінде тұйық сызықтар: полисызықтар, көпбұрыштар, тік төртбұрыштар, эллипстер және облыстар болуы мүмкін. Ұштарымен жалғасқан бөлек кесінділер мен доғаларды облысқа немесе тұйық полисызыққа түрлендіру керек, содан соң алынған объектіні айналу денесін жасау үшін қолдануға болады. Айналу осі ретінде (axis of revolution) X немесе Y осьтерін алуға болады. Сонымен қатар, айналу осі ретінде кесінділер мен полисызықтарды да алуға болады. 4.19-суретте айналу осі ретінде үзілмелі нүктелі сызықпен сызылған қызыл түсті кесінді қолданылған. Айналу бұрышы (angle of revolution) – қатты денені жасау кезінде бастапқы объектіні айналу осі төңірегінде айналу бұрышы. Ол бұрышы 360° немесе толық бұрыштың бір бөлігі болуы мүмкін. 4.20-суретте айналу бұрышы 270° айналу денесін жасау мысалы көрсетілген. AutoCAD-та айналу денесін салу үшін арнайы Вращать (Revolve) командасы бар. Бұл команданы шақыру жолдары: 1. Моделирование аспаптар панелі Þ батырмасы; 2. Рисование мәзірі Þ Моделирование Þ Вращать; 3. Командалық жолда Вращать немесе Revolve сөзін енгізу; 4. Басқару пульті Þ 3D Make (3D построения) Þ Вращать. Вращать командасын шақырғанда командалық жолда келесі жазу шығады: Команда: _revolve Текущая плотность каркаса: ISOLINES=4 Выберите объекты для вращения: Айналдырылатын объектіні нұсқайсыз. Егер денелердің бір жақтарын айналдыру керек болса, CTRL пернесін басып тұрып, қажетті объектілерді белгілейсіз. Блоктардың ішіндегі объектілерді айналдыруға болмайды. Сол сияқты өзін-өзі қиятын полисызықтарды да айналдыруға болмайды. Айналдыру командасы полисызықтың енін ескермейді және оны орта сызығымен айналдырады. Начальная точка оси вращения или [Объект/X/Y/Z]: Айналдыру осінің бірінші шеткі нүктесін көрсету керек. Конечная точка оси: Айналдыру осінің екінші шеткі нүктесін көрсетесіз. Угол вращения или [Начальный угол]: Объектінің айналу осі төңірегінде айналу бұрышын енгізу керек. Объект опциясын таңдасаңыз, айналдыру осі ретінде алдын ала сызылған объектілерді таңдауға болады. Осьтің оң бағыты ретінде объектінің ең жақын нүктесінен ең шеткі нүктесіне қарай бағыты есептеледі. Ось ретінде келесі объектілерді қолдануға болады: кесінділер; полисызықтың түзу сегменттері; денелер мен беттердің түзу жиектері. Х (ось) опциясын таңдасаңыз, ағымды ПСК-ның Х осін айналдыру осі ретінде қолданасыз. Y (ось) опциясын таңдасаңыз, ағымды ПСК-ның Y осін айналдыру осі ретінде қолданасыз. Z (ось) опциясын таңдасаңыз, ағымды ПСК-ның Z осін айналдыру осі ретінде қолданасыз. Егер изосызықтардың санын көбейткіңіз келсе, командалық жолда isolines командасын жазыңыз, командалық жолда келесі жазу шығады: Новое значение ISOLINES: Осы жерде қажетті санды енгізесіз.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных