ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Азақ стилистикасының А. Байтұрсынұлы, Қ. Жұбанұлы еңбектерінде зерттелуі.Қазақ тіл білімінде стилистикаға қарасты мәселелердің зерттелуі А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов еңбектерінен басталады. А.Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқышында» көркем сөз бен көсем сөзге қатысты ой толғамдары, Қ.Жұбановтың Абай поэтикасының қыр-сырын ашқан мақаласы мен басқа да еңбектері бұл саладағы алғашқы қарлығаштар болды. А. Байтұрсынұлы сөз өнерінің бір парасы болып табылатын «әдебиет» сөзінің ауқымын кең шеңберде ашып береді: «Сөз өнерінен жасалып шығатын нәрсенің жалпы аты шығарма сөз, ол аты қысқартылып көбінесе шығарма деп айтылады. Ауыз шығарған сөз болсын, жазып шығарған сөз болсын, бәрі шығарма болады. Шығарманың түрлері толып жатыр. Оның бәрін шумақтап бір-ақ атағанда арабша әдебиет, қазақша асыл сөз дейміз». Яғни, «Ауыз шығарған сөз болсын, жазып шығарған сөз болсын, бәрі шығарма болады» дейді. Ал біз білетін көп қолданыстағы әдебиет түсінігінің «ақындық өнер», «поэзия» түсініктерінің орнын алмастырып келгені белгілі. Байтұрсынұлының бұл жерде асыл сөздің баламасы ретінде айтқан «арабша әдебиет, қазақша асыл сөз дейміз» деуі де жай емес. Себебі, бұл терминдердің таза мағыналық өлшемін таразылағанда, асыл сөзге жақын болып шығатыны латын тілінен келгенінен гөрі араб тілінен келгені. «Өлең шығару» атты тараушалардың барлығы да «Әдебиет танытқыштың» - ХХ ғасыр басындағы теориялық еңбектермен қаншалықты методологиялық әрі прагматикалы-функциональдық ұқсастығы, кемшілігі, артықшылығы бар деген зерттеу міндеті басшылыққа алына отырып қарастырылды. Мәселен, әуезділікке қатысты Байтұрсынұлы жаңаша тұжырымдар жасайды. Егер сұрақтың методологиялық жағын алатын болсақ, А.Байтұрсынұлының көзқарасы Б.Томашевскийдің пайымдауына жақын. Ғалымдардың көзқарастары «көркем сөйлеудің үйлесімділігіне» жақындықтан туындайды. Біріншіден екі зерттеушіде де поэтикалық сөйлеудің дыбыстық құрылымы стилистика тарауына аясында қарастырылады. Екіншіден екі жағдайда да шығарманың дыбыстық жүйесінде, жалпылай алғанда, эвфония қызметінің анықтамасы негізгі болып табылады. А.Байтұрсынұлының ерекшеленетін тұсы эвфонияны екі тарауға бөліп қарастырылғандығында. Яғни, бұл жерде біз «Әдебиет танытқышта» ғылыми айналымға «сөз әуезділігі» мен «сөйлеу әуезділігі» деген түсініктердің енгендігі турасында айта аламыз. Жұбанов тіл білімі мәселелерімен 1920 жылдан бастап шұғылдана бастады. Ол қазақ мектептері мен жоғары оқу орындары үшін қазақ тілін оқыту бағдарламаларын жасап, оқулықтар мен әдістемелік құралдар жазды. 20 ғасырдың 20 – 30-жылдарында Жұбанов қазақ халқының рухани-мәдени өмірінде саяси-әлеуметтік, халықтық мәні зор проблемалардың бірі – жазу, емле, термин мәселелерімен де шұғылданды. 1929 жылы Қызылордада өткізілген тұңғыш ғылыми-терминологиялық конференцияда Жұбанов қазақ тілінің емлесі жөнінде ғылыми негізделген ұсыныстар жасады.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|