Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Дара стиль, жазушы стильі ұғымын ашыңыз. 3 страница




Сонан бері рақымсыз көп жыл өтті,

Орақ келді, орылар мезгіл жетті.

Жылы менен суықтың бэрін көріп,

Қайран көңіл қайыспай қайрат етті (Абай).

… Өзен тоқтап, көп мақпал қара ағып бара жатқандай сезіледі

(Ғ. Мүсірепов). Дегенмен, сын есім атаулының бәрі бірдей заттанып, зат есім мәнін алуға бейім бола бермейді. Сапалық сын есімдердің көпшілігі-ақ сондай мәнде жұмсалуға бейім болса, кейбір қатыстық сын есімдердің мұндай қасиеті жоқ. Ауызекі тілде әр кез кездесетш “әлгі құлықсыз келді”, “құнтсызбен жолдас болма” тәрізді конструкциялар жазба- тізде кездесе қоймайды. Жазба тіл мұндай реттерде сын есімді зат есімдермен тіркестіріп қолдануға (құнтсыз адам, құлықсыз бала) ұмтылады.

Ауызекі сөйлеуде де, жазба тілде де адам мағынасында заттануға бейім қатыстық сын есімдер мыналар: -ғыр (-гір), -ғыш (-гіш) аффикстері арқылы жасалған сөздер: білгір, білгіш, айтқыш, сөйлегіш. Сондай-ақ, екі зат есімнің, не зат есім мен сын есімнің бірігуінен жасалған сын есімдер де көбіне бейнелі ойдық көрінісі ретінде ауызекі сөйлеуде де, жазба тілде де жиі кездеседі: тас бауыр, су жүрек, өр көкірек, есалаң, ашқарақ, қан құйлы, жансе-біл, көкжал т. б.Қатыстық сын есімдердің мағынасы өздерінің арғы төркіндерінің мәніне орайлас келіп жатады. Мысалы: мақтаншақ (мақтануды сүйетін адам), ашушаң (тез ашуланатын адам), білгіш (көп білетін кісі немесе көп білемін деп ойлайтын кісі) т. б. Бұл ерекшелік кейбір қатыстық сын есімдерді реті келген жерінде мәндес конструкциялармен ауыстырып қолдануға мүмкіндік. береді: Бала жаңа туған кезінде ұйқышыл болады. Бала^ жаңа туған кезінде_ көп ұйықтайтын болады.Екі сөйлемде де айтылатын ой — біреу.тәсілі өзгеше: бірінде сын есім, бірінде синтаксистік конструкция қолданылған. Дегенмен, бұлардың әрқай-сысы әр түрлі стильдік жүйедеқолданылуға бейім. Егер публицистне жазушы өз шығарма-сында қатыстық сын есімді қолданса,ғылыми еңбектің авторы он-ның орнына есімшелі сөз тіркесін лайық көрер еді.

Билет

Стилистика өзіне тән ұғымдар мен категорияларға ие. Мысалы, стиль, функционалды стиль, стилистикалық бояу, стилистикалық құрал, стилистикалық белгі, стилистикалық мағына, стилистикалық норма, стиль құраушы факторлар, стильдің тілдік жүйелілігі. Бұлардың ішінде стилистикалық бояу, стилистикалық құралдар, стилистикалық мағына бір-бірімен тығыз байланысты ұғымдар.

Тілдік қабаттардың бірліктері (әсіресе, лексикалық қабаттың) өздерінің негізгі мағыналарынан тысқары, әрқилы реңктерге ие болып келеді. Стилистикалық табиғаты жағынан олар бірдей емес. Тілдік құралдар, осындай ерекшелігіне орай, алдымен бейтарап және стилистикалық бояулы болып бөлінеді.

Тіл жүйесіндегі стилистикалық бейтарап, яғни ешқандай қосымша реңксіз құралдар қатынас жасаудың барлық саласында кеңінен қолданылады. Олар стилистикалық бояуға ие болмайды. Мысалы, лексикада үй, қол, адам, тау, оқу, т.б. сөздер. Стилистикалық бояуға ие құралдар осындай стилистикалық бейтарап құралдардың аясында ғана айрықша көзге түсіп тұрады. Сондықтан олар стилистикалық нөлдік деңгейді құрайды.

Стилистикалық бояудың екі түрі ажыратылады: эмоционалды — экспрессивті және функционалды. Бұл жағдайда, стилистикалық бояуға ие тілдік құралдарға өздерінің негізгі атаулық, заттық-логикалық, грамматикалық мағыналарына үстемелей, белгілі бір экспрессивті немесе функционалды мағыналарды қоса білдіретін тілдік құралдар жатады. Тілдің ондай қосымша сапа — қасиеттері әлгі құралдардың қолданылу өрісін шектеп, қарым -қатынастың белгілі бір саласында ғана жұмсауға мәжбүр етеді. Мысалы, жалмауыз, шошқа, сүмелек, шаһар, сөлектеу, желкебай, тыраштану т.б. Бұлар эмоционалды-экпрессивті бояуға ие тілдік құралдарға жатады.

Функционалды бояуға ие тілдік құралдар да болады. Бірақ олардың ара-жігі экспрессивті бояуға қарағанда ондай айқын емес. Экспрессивті-эмоционалды бояу тілдік тұлғаның табиғи қасиеті болса, функционалды бояу тілдік тұлғаны қарым-қатынас жасаудың белгілі бір саласында көп қолданудан барып пайда болды. Соңғы жағдайда тілдік дәстүрдің де рөлі бар. Тілдің тұлға — бірліктерінің мағыналық-стилистикалық жағы мен оларды белгілі салада көбірек қолдану дәстүрі арасында қатаң тәуелділік бар. Белгілі салада тұрақты қолданудың нәтижесінде тілдік құралдың мағынасы белгілі стилистикалық мәнге, бояуға ие бола бастайды да, кейін тұрақты бекітіледі.

Мысалы, ресми стильде қалыптасатын штамптар («жоғары жетістікке жетті», «қаулы қабылдады» т.б.) осындай қолданыстың нәтижесі.

Демек, даму барысында функционалды стилистикалық бояу да бірте-бірте тілдік тұлға-бірліктердің олардың мағыналарына о бастан тән, табиғи қасиетіне айнала береді. Сондықтан функционалды стилистикалық бояу тілдік құралдың мағынасынан бөлініп қаралмайды.

Ескерер бір жай: стилистикалық бояулардың ара-жігі қолдану барысында тұрақты болмай, жылжымалы болып келеді. Стилистикалық бейтарап құралдардың өзі кей кезде белгілі бір контексте стилистикалық өң алады. Ал кейде тілдік құралдың бұрын әбден қалыптасқан стилистикалық бояуы мүлдем басқаша сипат алуы мүмкін. Мысалы, еркелету немесе құптау мағынасы (бояуы) керісінше мысқылды мағынаға (бояуға) айналуы мүмкін, т.б. (Осы жерде «қатын» сөзінің бояуының тарихи өзгеруін еске алуға болады). Сонымен қатар, бір тілдік құрал өзінде әрі эмоционалды-экпрессивті, әрі функционалды бояу сақтауы мүмкін. Мысалы, тілдің публицистикалық (функционалды бояу) құралдары салтанаттылық, поэтикалық, риторикалық немесе ирониялық мазақтау реңктеріне ие болып келеді. Көпшілік жағдайда экспрессивті бояу мен функционалды бояу осылай бірлікте келеді. Енді кей жағдайда тілдік құралда экспрессивті бояу болмағанымен, функционалды бояу бар болып келеді. Мысалы, терминдерде (ғылыми стиль) экспрессивті бояу жоқ, функционалды бояу бар.

Қазақ тілінің стилистикалық құралдары дегенде тілдің стилистикалық бояуға ие тұлға-бірліктерінің жиынтығы негізге алынады. Бірақ стиль тілдің стилистикалық бояуға ие емес, бейтарап элементтері арқылы да жасалатын ескерсек, бұл мәселенің әлдеқайда күрделі екенін түсінеміз. Сондықтан кез келген тілдік тұлға-бірлік (әсіресе, көп мағыналы түрлері) стилистикалық құрал болуы мүмкін.

Белгілі бір тілдік тұлға-бірлікті белгілі сөйлеу жағдайында қолдану дәстүрі, оның белгілі бір қарым-қатынас саласына тәндігі сол тұлға-бірліктегі стилистикалық бояудың көрінісі болады. Тілдік тұлға-бірліктің мағыналық

жағы, ол мағынаның бір қыры функционалдық жағынан белгілі бір салада қолдануға бейім болып келеді. Тілдік тұлға-бірліктердің стилистикалық мүмкіндіктері қызмет ету процесінде ашылады және оның көрінісі белгілі тілдік құралды нақтылы тілдік жағдайда қолдану ерекшелігімен анықталады. Тілдің құрылымдық және функционалдық жақтарының диалектикалық бірлігі мен байланысы осыдан көрінеді.

Стилистикалық бояуының сипатына орай, тілдік құралдар функционалды бояулы және экспрессивті бояулы болып бөлінеді.

Функционалды бояулы құралдар функционалды стильдердің түр-түріне сәйкес өзіндік ерекшеліктерге ие болып келеді. Мысалы, ғылыми стильдегі терминдер, көркем әдебиет стиліндегі троптар мен фигуралардың түрлері, ауызекі сөйлеу стиліндегі қарапайым сөздер мен диалектизмдер функционалды бояулы құралдарға жатады.

Экспрессивті құралдарға тілдің эмоционалды-экспрессивті бояуға ие құралдары жатады. Мысалы, эмоционалды реңкі жағынан олар көтеріңкі салтанаттылықты білдіретін, немесе мысқылды білдіретін, немесе әшкерелеуші реңге ие т.б. құралдар болып қеледі: Бұлар, әсіресе, жекелеген сөздерге тән. Ол бояулар сөздердің контекстен тыс жағдайына да табиғи түрде тән болып келеді. Бұдан грамматикалық тұлға-бірліктерге қарағанда лексиканың эмоционалды-экспрессивті бояуы кең екенін көреміз. Оның үстіне грамматикада лексикадағыдай стилистикалық бояулардың белгілі бір тұлға-бірліктерге тәндігі, айқындығы жоқ. Алайда, бұл грамматикалық құралдардың экспрессивтік мүмкіндігі әлдеқайда шектеулі дегенді білдірмейді. Мысалы, синтаксис бейнелеудің әртүрлі эмоциональды — экспрессивті бояулы мүмкіндіктеріне кеңінен ие. Бірақ онда эмоционалды- экспессивті бояу бір ғана тілдік тәсілге бекітілмеген. Ол көптеген тәсілдердің

жиынтығынан барып құралуы мүмкін (мысалы, сөздердің орын тәртібі, бірыңғай мүшелер, синтаксистік паралельділік).

Стильдік құралдар туралы мәселе синонимия мәселесімен тығыз байланысты. Көптеген зерттеушілердің көзқарасы бойынша, «тілдік құралдардың синонимикасы — стилистиканың орталық мәселесі». Стильдердің өмір сүруінің өзі белгілі мөлшерде синонимдердің бар болуымен белгіленеді. Бірақ стилистиканың ресурстары синонимдермен ғана шектелмейді.

Жалпы, тілдің синонимикалық құралдары мен функционалды стильдердің ара-қатынасы мәселесі — әлі толық зерттелмеген іргелі мәселе. Функционалды стильдерде тілдің синонимикалық байлығы әртүрлі дәрежеде пайдаланылады. Мысалы, көркем стильде синонимдер кең пайдаланылса, ғылыми, ресми стильдерде керісінше аз жұмсалады, тіпті мүлде қолданылмайды десе болады.

Стилистикалық мағынаға келетін болсақ, ол стилистиканың негізгі ұғымдарының бірі.

Сөздің мағынасы оның тек заттық ұғымын ғана белгілеп қоймайды. Онда сонымен қатар сөздің стилистикалық қызметіне қатысты мағыналық реңктері де болады.

Стилистикалық мағына мен стилистикалық бояу ұғымдары бір-біріне жақын. Стилистикалық мағына стилистикалық бояуға қарағанда тұрақты да жалпы.

Стилистикалық мағына — тілдік тұлға-бірліктің мағыналық құрылымындағы оның лексикалық, заттық, грамматикалық мағыналарынан тысқары қосымша белгісі. Бұл қосымша мағына тұрақты болып, тілдік қолданымның белгілі жағдайларында туындап отырады. Сөздің стилистикалық мағынасы оның ұғымдық мағынасына әсер етіп, сөз мағынасын белгілі бір бояуларымен қоса қабылдауға көмектеседі.

Сөйтіп, стилистикалық мағына тілдік тұлға-бірліктің мағыналық құрылымының белгілі бір бөлігін құрайды. Бірақ ол тілдік тұлға-бірліктердің әрқайсысында әртүрлі дәрежеде көрінеді. Экспрессивті бояуға ие құралдарда айқын байқалса, кейбіреулерінде тереңде жатады, тек белгілі контекстік

 

 

Билет

Тіл мәдениеті – әдеби тілдің нормасы мен оның дамуын, сөйлеу тілімен қарым-қатынасын зерттейтін тіл білімінің саласы. Тіл мәдениетінің тіл білімінің басқа салаларынан айырмашылығы – оның күнделікті өмірде тілді қолдану, жазу, сөйлеу мәдениетімен тығыз байланыста болатындығында. Тіл мәдениеті дегеніміз – коммуникативтік қарым-қатынас кезінде тілдік тәсілдерді дұрыс ұйымдастырып, белгілі бір тәртіппен жүйелі қолдану.

Тіл мәдениеті тілдік норманың 3 түрін қамтиды:

тілдік норма (лексикалық, сөзжасамдық, грамматикалық, дыбысталу нормасы);

этика – сөз нормалары (сөйлеу этикасының ережелері);

коммуникативті норма (сөйлеу қарым-қатынасының тиімділік қағидалары).

Сөйлеу мәдениеті орфоэпиялық нормаға негізделеді. Орфоэпиялық норма – сөздерді дұрыс айту, лексикалық норма – сөздерді іріктеп, сұрыптап, талғаммен қолдану болса, грамматикалық норма сөйлеу мәдениетінде біршама тұрақталып, қалыптасқан норма саналады. Сөйлеу мәдениетінде ойдың дәлдігі, сөздің анықтығы, тазалығы, көңіл күйге әсер ететін шынайылығы (ол қарапайым сөзден немесе бейнелі образды сөздерден құралуына қарамастан), көркемдігі маңызды рөл атқарады.

Сөз мәдениетін қалыптастыруға қажетті лингвистикалық орталықтар қатарына лингвистикалық болжау орталығы жатады. Лингвистикалық алдын ала болжау орталығы дәстүрлі тіл жүйесінің сапалық және сандық бағыттарын кешенді түрде зерттеу міндеттерін, сөз, сөйлеу қызметінің дәстүрін қалыптастыру мәселесін қарастырады. Сөз мәдениетіне қатысты лингвистикалық экология тіл және сөз мәдениетінің экологиясы деп аталады. Сөз мәдениетінің экологиясына тілдік ситуация, тілдік сана, тілдік орта, тілдік ортаның тазалығы, сөз қызметіндегі стилистикалық қатынастардың бұзылуы, сөйлеу этикасы мәселелері, сөз мәдениеті және мониторинг, т.б. мәселелер жатады.

Тіл мәдениетіне тілдің құрылымдық жүйесіндегі орфоэпикалық, пунктуациялық, лексикалық-грамматикалық, синтаксистік нормалар қамтылып, олардың коммуникативтік эстетикалық қызметі толық айқындалған жағдайда стилистикалық норма жүзеге асады. Стилистикалық норма сөйлеушінің тілдік сөйлеу тәртібін қалыптастырады. Сөз мәдениеті көркем сөйлеуде, ғылыми-көпшілік немесе ресми ортада, тіпті ауызекі сөйлеу стилінде тілдің барлық салаларымен тамырлас келеді. Сөйлеу мәдениеті топ алдында мәдениетті сөйлеу, оның алғышарттарын, әдіс-тәсілін танып білу, озық үлгілерін меңгерудің жолдарын, нақты қасиеттерін ұғыну сияқты мәселелермен тығыз байланысты.

Қазіргі уақыт талабына сай әлемдік тіл білімінде Тіл мәдениеті «сөйлеудің тиімділік теориясы» деп аталып, әсер ету мен әрекеттестік бағытында зерттелуде.

Қазақ тілінің сөз мәдениетін көтеру – ұлттық мүдде талаптарының бірі. Қазақ Тіл мәдениетінің үлкен бір саласы – сөйлеу мәдениеті, оны жоғары деңгейге көтерудің басты заңдылығы – дұрыс айту нормасы. Жазу және сөйлеу мәдениетінің қазақ әдеби тілін қалыптастырудағы орны және оның орфографиялық ережелерді жүйелеу мәселелерімен байланысы қазақ тіл білімінде жан-жақты зерттеліп келеді. Сөйлеу мәдениетін ұлттық мүдде ретінде тану; сөз мәдениетіне әлеуметтік көзқарасты қалыптастыру, сөз мәдениетін әлеуметтік ғылымдар мен ұлттық мәдениеттің ең басты тірегі ретінде бағалау, сөз мәдениетін ұлт мәдениетімен қатар насихаттау, лингвистикалық болжау орталықтарын ашу, сөз мәдениетіне қарама-қарсы құбылыс - лингвистикалық экологияны жеке сала ретінде қарастыру, «әсем жеткізу» ұстанымдары негізінде сөз мәдениетін жетілдіру, т.б. мәселелерді дұрыс жолға қою негізінде Тіл мәдениеті дамиды

 

Қазіргі күнде тіл тазалығы сақталмай келетіні өкінішті-ақ. Қазақша сөйлеп келе жатып, арасында орыс тіліндегі сөздерді айтпай қалмаймыз. Олар: как будто, именно, представляешь, потому что, сотка, т.с.с. Біреу қазақша сөйлеп келе жатып, осы сөздерді араластырып жібергенде құлаққа жағымсыз естіледі екен. Әсіресе теледидардан.
Тағы да көңілді түсіретіні, жақ деген қазақтың сөзін ала шапанды ағайындарша йақ, йах деп айтуы. Мына жақ дегенді ми йақ, ол жақта дегенді о йахта, т.с.с.
Атам заманда қазақтар бұлай сөйлемеген. Ата-бабаларымыз құстың қанаты таларлықтай ұлан-ғайыр жерді біз үшін сақтап қалған. Бірақ ата-баба аманаты жер ғана емес, жер сақтау арқылы аман қалған тіліміз де, ділімізде, дініміз де. Ата-баба аманатына қиянат жасамайық. Оның бір жолы – тіл тазалығы. Ауру қалса да әдет қалмайды дейміз, бәлкім тіл тазалығын сақтамауымыз қазақ тілінің дамуына кедергі келтірген аурудың (өз тілінде сөйлеуді қор, шет тілде сөйлеуді зор санау) қалдығы (әдеті) болса керек.
Орыс, өзбек сөздері қосатындай қазақ тілі кедей емес. Әдеби жағынан өте бай. Ал кейбір тұстарда (мысалы, техника саласында) қолдану қиыншылық туғызып жатса – ол біздің кінәміз.

 

 

Билет

Функционалды стильдер тілден тысқары (экстралингвистикалық) жағдайлардың негізінде жасалады. Алайда стиль тілдің (сөздің) бір түрі болғандықтан, ол тілдік (лингвистикалық) жағынан да сипатталады, яғни әр стильге тән, оның ерекшелігін белгілейтін тілдік құралдар болады.

Стиль құрайтын тілдік құралдар екі топқа бөлінеді. Біріншісіне тілдің стилистикалық парадигматикасын құрайтын тілдік құралдар (стилистикалық бояуға ие құралдар, стилистикалық синонимдер мен варианттар) кіреді. Екіншісіне функционалды-тілдік құралдар жатады, яғни әр стиль түрінде басым қолданылатын тілдік құралдар болады. Функционалды стильдер стилистикалық бояулы және функционалды-тілдік құралдар мен бейтарап тілдік құралдардың бірігуі арқылы жасалады. Осы тұрғыдан функционалды стильдердің ерекшелігі төмендегідей сипатқа ие болып келеді.

Ғылыми стильдің стилистикалық бояуы бірыңғай сипатқа ие. Олар негізінен жазба тілге тән сөздер, морфологиялық тұлғалар, синтаксистік құрылымдар болып келеді. Функционалды-тілдік құралдардан мағынасы жалпыланған, дерексізденген сөздер мен грамматикалық тұлғалар көбірек қолданылады: дерексіз сөздер, етістіктің уақыттан тыс осы шақтық тұлғасы, есімдіктің көпше түрі (мен емес, біз түрінде қолдану) және соған сәйкес баяндауыш тұлғасы т.б.

Ресми іс қағаздар стилі стильдік бояуы жағынан ғылыми стильге жақын, алайда оған қарағанда біртектес және синтаксисі бірқалыпты болып келеді. Оған қарапайым сөздер, ауыс мағыналы, бейнелі сөздер, теңеу т.б. тән емес. Функционалды-тілдік құралдардан ресми тональділікке ие сөздер, мысалы, кеңсе ісіне тән сөздер, етістіктің тұйық, бұйрық рай тұлғалары т.б. тән.

Ауызекі-тұрмыстық сөйлеу стиліне қарапайым сөздер, эмоциялық бояуға ие сөздер тән. Ауызша сөйлеу оның синтаксистік құрылымына да әсер етеді; толымсыз сөйлемдер, аяқталмаған сөйлемдер көп қолданылады. Функционалды тілдік құралдардан оған нақты мәнге ие сөздер, етістіктің нақ осы шақ тұлғасы т.б. тән.

Көркем сөз стилі функционалды стильдердің ішінде ерекше орында тұрады. Тілдік құралдарының стилистикалық бояуы өте кең, бай және әр түрлі болып келеді. Көркемдік мақсатқа барлық тілдік құралдар қызмет етеді.

Публицистикалық стиль де әртүрлі стильдік бояуға ие тілдік құралдардың кең қолданысымен ерекшеленеді. Олардың ара қатынасы шығарманың жанры мен стиліне байланысты. Мысалы, очерк жанры көркем стильге жақын болса, ақпараттық мақала іс қағаздары стиліне жақын.

Жалпы, бір тілдік құралдың өзі барлық стильде де қолданыла беруі мүмкін, бірақ олардың рөлі әрқайсысында әр түрлі болады. Сондықтан әр стиль басты және қосымша белгілерге ие: мысалы, ғылыми стильдің басты және тұ-рақты белгісі — терминдердің көп қолданылуы болса, бейнелілік -көркем сөздің басты белгісі.

Сөйтіп, функционалды стильдің әрқайсысы өзіндік тілдік құралдарының ерекше жүйесімен сипатталады.

Функционалды стильдерге байланысты айтылғандарды жинақтай келгенде мынадай қағидалар басты назарда болады:

— функционалды стильдер — тілдік құралдардың бейтарап және стилистикалық бояуға ие түрлерінен құралатын жүйелер;

— стильдер тұйықталған емес, өзара байланыста, қатынаста болып, бірінен-біріне өте береді;

— стильдер тілден тысқары (қатынас саласы, сөйлеу жағдайының сипаты, сөйлеу актісіне қатысушылардың саны т.б.) және лингвистикалық факторлардың әсерінен пайда болады;

— белгілі бір стильдің ерекшеліктерін зерттеу тілден тысқары жағдайларды ескерумен бірге әр деңгейдің (фонетикалық, лексикалық, грамматикалық) тілдік құралдарын қарастыруды қажет етеді;

— функционалды стильдер одан әрі ұсақ стильдік (стилішілік) тармақтарға бөлінеді.

 

 

20.

Сөйлеу актілерінің теориясы (сөйлеу іс-әрекетінің теориясы) Джон Л. Остин (1962) мен Джон Р. Серлдің шығармасы болып танылатын күнделікті тіл философиясының қайнарында туған. Бұл теорияда не істейтініміз, сөйлейтініміз жайлы түсінік беріледі. Бұл теория бастапқыда тіл философиясы мен прагматикалық бағдардағы жалпы қызмет теориясында, кейін ғана лингвисканың бірқатар бағыттарында дамыған.

Сөйлеу актілерінің теориясында бүгін семантикалық бағдарланған және прагматикалық бағдарланған екі ағым байқалады. Сөйлеу актілерінің құрылымдары генеративтік семантика тұрғысынан да зерттелуде (Джерролд М. Сердюк).

Сөйлеу актісінің таксономиясы саласы мен оны түсіндіруде сандаған модификациялар пайда болды (Д. Вундерлих, Т. Баллмер В. Бреннен Штуль, Д. Вандервекен, Дж. Версурен, М. Бирвиш, Ж. Фоконье, Ф. Реканати, Ф. Капер және т.б.).

Сөйлеу актілерінің теориясы коммуникативтік грамматика, дискурс талдауы, консервациялық талдау (әсіресе оның неміс түрі сөйлеуді талдау) проблемаларының жасалуына ықпалын тигізді. Қазір сөйлеу актілерінің теориясы кеңінен түсінілетін лингвистикалық прагматикаға енеді. Идеяларының жасанды интеллект жөніндегі еңбектерге кіргені байқалады.

Прагмалингвистика (лингвистикалық прагматика) айтушы / жазушы мен тыңдаушы / оқушы өзара карым-қатынасқа түсетін белгілі бір коммуникативтік-прагматикалық кеңістікте қолданылатын тіл бірліктерінің арақатынасы мен шартын және сипаты үшін қатынас актісінің мақсаты мен күтіліміне байланысты сөйлесу орны мен уақытының нақты көрсетулуінің маңыздылығын нысан етіп алған лингвистикалық зерттеу саласы ретінде бөлінеді.

Прагмалингвистика тіл сипатына акциональдық (қызметтік) аспект енгізді. Қатысушыларды қоса отырып, динамикалық, процессуальдық аспектіде белгі жағдайы (семиозис) құрылымын зерделеуді мақсат тұтқан семиотика жөніндегі алғашқы еңбектерде прагматика ұғымы пайда болады (Ч. Дирс, Ч. Моррис).






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных