ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Дара стиль, жазушы стильі ұғымын ашыңыз. 1 страницаЖазушының стилі — көркем шығарма жазу үстінде қалыпта-сатын әр жазушының өзіндік мәнері, сөз қолдану тәсілдері. Жа-зушыньщ стиль ерекшелігі, оның өзінін, өмір тануына, шырарма-сының идеялық мазңұнына сай жалпы халықтық тіл қазынасын меңгеріп, оны қалай қолданғандығынан байқалады. Ал жазушы-лардың тілдік қүралды қолдану тәсілдері біркелкі. болмайды, Өмірдегі адамдар каншалықты көп болып, олардың түрлері бір-біріне ұксас келмейтіні тәрізді жазушылардың да жазу мәнерінде, стилінде ұқсастық бола бермейді. Әр ақын-жазушылардың өзіндік ерекшелігі болады. Ақын-жазушылардың өзіндік стиль ерекшелік-тері, жазу мәнері жалпы халықтық тілдің негізінде қалыптасып жетіледі. Жазушынын, стиль ерекшелігі — жалпы халықтық тілдің жал-ғасы ретінде дамитын әдеби тілдің маңызды бөлшегі. Жазушынын, тілі, өзіндік (индивидуальды) стилі — ол сол дә-уірдегі көркем әдебиетке тән тілдік тәсілдерді өзінің эстетикалық талғамына сай өзінше пайдаланып дамыту жүйесі. Жазушы стиліне талдау жасаудың маңызы сол, ол туынды негізінде жатқан авторлық көзқарас, идеяны ашуға көмек жасайды. Жазушы стилі дегенде, ең алдымен, оның көркем тілі, поэтикалық бейнелер жасауы, жалпы халық тілін меңгеруі, сол арқылы әдеби тіл жасауын айтуға болады. 13. Қазақ тілінің стилистикасы және тіл мәдениеті негіздері пәндерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары. Стилистика, лингвостилистика – тіл білімінің, тілдің көркемдегіш амал-тәсілдерін, қолданылу аясын, қатысымдық әрекет-қызметін зерттейтін саласы.Стилистика тілдің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық тәсілдерді қолдану принциптерін реттейді, сөйлеу процесінде тілді пайдаланудың заңдылықтарын қарастырады, сондай-ақ тілдік амал-тәсілдер мен стилистикалық мүмкіндіктер арқылы коммуникативті-прагматикалық, эстетикалық қызмет үйретеді. Ол стилистикалық мүмкіндіктердің барлық базасын қамтуды көздейді, ұлттық әдеби тілдің нормасын сақтай отырып, стилистикалық норманы қалыптастырады. Стилистика ғылыми стилистикалық ұғымдар мен белгілердің межесін тірек ете отырып, теориялық мәселелерді қарастырады.Қазіргі стилистика ғылымы тілдік бірліктерді пайдаланудың тәсілдеріне үйретеді әрі коммуникативтік мақсатқа сай іріктеу ұстанымын негіз ете отырып, контекстің тікелей ықпалы арқылы дискурс пен мәтіндегі стилистикалық мүмкіндіктердің жүзеге асуын қамтамасыз етеді. Стилистика тіл ғылымының барлық саласын қамтиды: прагматик. факторды толық есепке алып отырады; тілдік емес ғылымдардың тиімді жақтарын саралайды; Стилистикада тілдік емес факторлардың қызметі стиль түзуге толық мүмкіндік алады; стилистикалық норманы қалыптастырады. Стилистика тілдің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық принциптерін ретке келтіріп қана қоймай, тілдік бірліктер қызметін жүзеге асырушы экстралингвистикадық және стилистикалық мүмкіндіктерді қарастырады. Қазіргі тіл білімінде стилистиканың бірнеше даму бағыттары орын алған, олардың қатарына ортостилистика, функционалдық стилистика, көркемдік тәсілдердің стилистикасы, прагмастилистика жатады. Қазіргі қазақ тіл ғылымында стилистиканың екі бағыты бар:1.Орталық бағыты, яғни функционалдық стилистика Функционалдық стилистика тілдің қолданысқа түсу заңдылықтары мен сөздің базалық, экстралингвистикалық және стиль құраушы факторлары ықпалынан пайда болған, ол қолданыс тілі стилистикасы деп те аталады.2.Ресурстар стилистикасы, бұл тіл стилистикасы деп те аталады, сөздердің мәтіннен тысқары күйіндегі қызметін айқындайды. Қолданыс тіліндегі стиль мәселесін стилистиканың жаңа бағыты прагмастилистика анықтайды.Интерпретация, сөйлеу формалары (диалог, әңгіме, дау), стильдегі объективті және субъективті ұғымдар мәселесі, деректі, дерексіз ситуациялар, тілдік емес объектілердің қатынасы, сөйлеудің әлеуметтік-этикалық қыры, т.б. мәселелер прагматикалық аспектіде қарастырылады. Қазақ тіл білімінде стилистика бағыттарынМ.Балақаев, М.Томанов, Е.Жанпейісов, Б.Манасбаев, Р.Сыздықова, М.Серғалиев, Б.Шалабай, т.б. ғалымдар зерттеген. Тіл мәдениеті және оның мәселелері. Тіл мәдениеті – әдеби тілдің нормасы мен оның дамуын, сөйлеу тілімен қарым-қатынасын зерттейтін тіл білімінің саласы. Тіл мәдениетінің тіл білімінің басқа салаларынан айырмашылығы – оның күнделікті өмірде тілді қолдану, жазу, сөйлеу мәдениетімен тығыз байланыста болатындығында. Тіл мәдениеті дегеніміз – коммуникативтік қарым-қатынас кезінде тілдік тәсілдерді дұрыс ұйымдастырып, белгілі бір тәртіппен жүйелі қолдану.Тіл мәдениеті тілдік норманың 3 түрін қамтиды:1.тілдік норма (лексикалық, сөзжасамдық, грамматикалық, дыбысталу нормасы);2.этика – сөз нормалары (сөйлеу этикасының ережелері);3.коммуникативті норма (сөйлеу қарым-қатынасының тиімділік қағидалары).Сөйлеу мәдениеті орфоэпиялық нормаға негізделеді. Орфоэпиялық норма – сөздерді дұрыс айту, лексикалық норма – сөздерді іріктеп, сұрыптап, талғаммен қолдану болса, грамматикалық норма сөйлеу мәдениетінде біршама тұрақталып, қалыптасқан норма саналады. Сөйлеу мәдениетінде ойдың дәлдігі, сөздің анықтығы, тазалығы, көңіл күйге әсер ететін шынайылығы (ол қарапайым сөзден немесе бейнелі образды сөздерден құралуына қарамастан), көркемдігі маңызды рөл атқарады.Сөз мәдениетін қалыптастыруға қажетті лингвистикалық орталықтар қатарына лингвистикалық болжау орталығы жатады. Лингвистикалық алдын ала болжау орталығы дәстүрлі тіл жүйесінің сапалық және сандық бағыттарын кешенді түрде зерттеу міндеттерін, сөз, сөйлеу қызметінің дәстүрін қалыптастыру мәселесін қарастырады. Сөз мәдениетіне қатысты лингвистикалық экология тіл және сөз мәдениетінің экологиясы деп аталады. Сөз мәдениетінің экологиясына тілдік ситуация, тілдік сана, тілдік орта, тілдік ортаның тазалығы, сөз қызметіндегі стилистикалық қатынастардың бұзылуы, сөйлеу этикасы мәселелері, сөз мәдениеті және мониторинг, т.б. мәселелер жатады.Тіл мәдениетіне тілдің құрылымдық жүйесіндегі орфоэпикалық, пунктуациялық, лексикалық-грамматикалық, синтаксистік нормалар қамтылып, олардың коммуникативтік эстетикалық қызметі толық айқындалған жағдайда стилистикалық норма жүзеге асады. Стилистикалық норма сөйлеушінің тілдік сөйлеу тәртібін қалыптастырады. Сөз мәдениеті көркем сөйлеуде, ғылыми-көпшілік немесе ресми ортада, тіпті ауызекі сөйлеу стилінде тілдің барлық салаларымен тамырлас келеді. Сөйлеу мәдениеті топ алдында мәдениетті сөйлеу, оның алғышарттарын, әдіс-тәсілін танып білу, озық үлгілерін меңгерудің жолдарын, нақты қасиеттерін ұғыну сияқты мәселелермен тығыз байланысты.Қазіргі уақыт талабына сай әлемдік тіл білімінде Тіл мәдениеті «сөйлеудің тиімділік теориясы» деп аталып, әсер ету мен әрекеттестік бағытында зерттелуде.Қазақ тілінің сөз мәдениетін көтеру – ұлттық мүдде талаптарының бірі. Қазақ Тіл мәдениетінің үлкен бір саласы – сөйлеу мәдениеті, оны жоғары деңгейге көтерудің басты заңдылығы – дұрыс айту нормасы. Жазу және сөйлеу мәдениетінің қазақ әдеби тілін қалыптастырудағы орны және оның орфографиялық ережелерді жүйелеу мәселелерімен байланысы қазақ тіл білімінде жан-жақты зерттеліп келеді. Сөйлеу мәдениетін ұлттық мүдде ретінде тану; сөз мәдениетіне әлеуметтік көзқарасты қалыптастыру, сөз мәдениетін әлеуметтік ғылымдар мен ұлттық мәдениеттің ең басты тірегі ретінде бағалау, сөз мәдениетін ұлт мәдениетімен қатар насихаттау, лингвистикалық болжау орталықтарын ашу, сөз мәдениетіне қарама-қарсы құбылыс - лингвистикалық экологияны жеке сала ретінде қарастыру, «әсем жеткізу» ұстанымдары негізінде сөз мәдениетін жетілдіру, т.б. мәселелерді дұрыс жолға қою негізінде Тіл мәдениеті дамиды. Тіл адамзат дамуымен бірге жасап келе жатқан қоғамдық құбылыс. Ол түрлі ортада, түрліше өзгеріп жатады. Тілдің қатынаспайтын жері болмайды, тілсіз қоғам болуы да мүмкін емес. Сол қоғамда өмір сүріп отырған әр азамат сөздік қорымыз бен сөздік құрамымыздағы сөздерді барынша орынды пайдалана, сақтай білсе, ана тіліміз жаңарған қалпында көріктене түсетіні сөзсіз.Н.Уәлиев қазақ тілі мәдениетін сөз еткенде ғылым жетістіктеріне сүйенеді. Өзге тілдің, туыстығы бөтен тілдің сипатымен жасалған, қолданылып жүрген сөздер мен сөз тіркестеріне, оның орфографиясына айрықша тоқталады.«Қазақ тілі – Қазақстан Республикасы деп аталатын тәуелсіз елдің мемлекеттік тілі. Олай болса, бұл тіл мемлекеттің ең негізгі қолданыс құралына айналуға тиіс». Бұл — Ә.Қайдар мен Ө.Айтбайұлының «Тіл майданы» (2000) еңбегінен келтірілген дәйексөз. Ғалымдардың көтеріп отырған мәселесі – мемлекеттік тіл өз мәртебесіне лайық, өз дәрежесінде қолданылып жүр ме, оны шешудің жолдары және ертеңгі жай-күйі деген ойларға саяды.Әдеби тілдің нормасы жөнінде С.Исаев қазақ әдеби тілінің тарихына байланысты оқу құралында (1989) «Әдеби тіл – белгілі бір халықтың сұрыпталған, нормаға түскен, баршаға ортақ тілі, сол халықтың қоғамдық мәдени өмірінің құралы мен рухани, әдеби байлығыни жеткізудің көрсеткіші»,-десе, Р.Сыздықова «Сөз сазы» еңбегінде (1989) былай деп жазады: «Әр тілдің өзіне ғана тән дыбысталу заңдылықтары бар. Бұл – сол тілдің дербес белгісі. Ол ерекшеліктер сақталмаса, сол тілдің табиғатына нұқсан келеді». Тіл мәдениеті мәселесінде көрсетілгендей, бұл заңдылықтар тіл білімінің салаларымен байланыста қарастырылады.Н.Уәлиев «Сөз мәдениеті» (1984) еңбегінде тіл мәдениетіне лексика тұрғысынан келеді. Кітап «Сөз байлығы», «Сөз тазалығы» т.б. тараулардан тұрады. Ғалымның осы еңбегі Ы.Мамановтың «Тіл мәдениеті» еңбегімен ұқсас.Ы.Маманов тіл мәдениеті мәселелеріне де байланысты пікір айтты. Ғалым қазақ тіліндегі айтылымы жазылымынан өзгеше айтылатын сөздердің бірсыпырасын жазылуы бойынша да айтуға болады дейді. Кейде «ас салсаң аз сал» дегенді «ас салсаң ас сал» деп ережеге бағынып айтсақ, мағынасы түсініксіз болып шығатынын айтады. Біз бұл жерде орфоэпиялық ережеге қарсы пікір білдірмейміз, Ы.Мамановтың пікірін де жоққа шығармаймыз. Өйткені әртүрлі мамандықтар бойынша білім алып жатқан орыс тілді аудиторияларда қазақ тілінің мүмкіншілігі шектеулі болғандықтан, үндестік заңының ережелері толық ескерілмейді де, студенттер сөздерді жазылу нормасына сай оқиды, айтады. Бұл арада Ы.Мамановтың пікірі орынды деп санаймыз.Профессор М.Балақаев сөз мәдениетінің теориялық негізін тілдік нормаман ұштастырады.Әдеби тіл нормасы тіл жүйесінің деңгейлерімен сәйкес келеді. Тіл мәдениеті мәселесінде белгілі бір грамматикалық тәсілді нормаға лайық немесе жат деу үшін «ол тілдік жүйенің кодификацияланған моделіне сәйкес пе, сәйкес емес пе – соны анықтап алу қажет». Яғни, қазіргі қазақ тілі грамматикасында әдеби тіл нормасы ретінде берілген сөз формалары ғана кодификацияланған норма деп танылады. қорытынды жалпы жұмыс мазмұны тиянақталып, ой-тұжырымдары айтылды. Ғалымның еңбегінде айтылған тың тұжырымдары қазірге дейін басы ашылмай келе жатқан кейбір тілдік фактілерді талдап түсіндіруге байланысты пікірлері, бүгінгі күні зерттеліп жатқан жаңа бағыттағы ғылыми мәселелердің ғалым еңбектерімен байланысын көрсетеді.Ы.Е.Мамановтың тіл білімінің морфология саласына қосқан үлесін саралай зерттеу оның ғалымдық тұлғасын танытып, ғылыми танымын тереңірек ашып көрсетуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ ғалымның лингвистикалық көзқарасының қалыптасуының ғылыми-теориялық негіздерін ашып көрсету, мүмкіндігінше, жан-жақты талдау жасау бұл мәселені ғылыми тұрғыдан зерттеп, табиғатын ашып көрсетуге жол ашады. Болашақта осы зерттеу еңбек жаңа ғылыми ізденістердің тууына себепкер болады деген сенімдеміз.
14. Стиль-стилистиканың негізгі ұғымы. «Стиль» терминің түсінігі.Стилистика ғылымында оның көптеген түсінігі бар. Олай болу себебі, біріншіден, стилистика ғылымының тарихи даму жағдайымен түсіндірілсе, екіншіден, «стиль» ұғымының күрделілігінен туындайды. Стиль – латынша stylos (қазақша – жазу құралы) деген сөз. Латын тілінде кейіннен стиль сөзі «жазу мәнері» деген мағынада қолданылатын болған. Стиль деп белгілі бір тілдегі лексикалық, грамматикалық және фонетикалық тәсілдердің қолданылу принциптерін айтамыз. Бір ұғымды айтып, не жазып жеткізу үшін қажетті тілдік тәсілдерді сұрыптап қолдануға болады.Дәстүрлі практикалық стилистикада «стиль» термині тілдің нормативті-стилистикалық ережелеріне сәйкес келу дәрежесін білдіреді (мысалы, «жақсы стиль», «жаман стиль»). Стиль терминінің кең мағынасы – сөйлеу мәнерін білдіріп келсе, тар мағынасы – жеке шығарманың немесе жазушы шығармашылығының тілдік ерекшелігі (көркем әдебиет стилистикасы тұрғысынан алғанда) дегенді білдіреді. Стиль (лат. stylus, грек. stylos – жазуға арналған таяқша) – қаламгердің жазу мәнері, ой түйінін ашу тәсілі, образдар жүйесінің тұрақты бірлігі. Стильдің жұмыс стилі, газет стилі, ғылым стилі, т.б. түрлері бар. Әдебиетте көркем құралдар тұтастығы, әдіс ретінде қолданылады. Көркемдік компоненттер мен түр ерекшеліктерін өз қажетіне асыруда, мазмұн байлығын тереңдете түсуде суреткердің стилдік ерекшелігі айқындалады. Стиль суреткердің қолтаңбасын анықтаумен қатар, сөз өнеріндегі көркемдік әдіс-тәсілдерді, әдебиеттің бағыт-бағдарын ажыратады. Стиль түр мен мазмұнның бірлігін қалыптастырып, көркем мәтіннің тұтастығын қамтамасыз етеді. Әдебиеттану ғылымында стильдің дәуір стилі (қайта өркендеу, барокко, классицизм, реализм), түрлі ағымдар мен бағыттардың стилі, ұлттық стиль және суреткерге тән жеке стиль, т.б. түрлері кездеседі. Антикалық дәуірде стиль сөйлеу мәнері, сөйлеу тәртібі ұғымдарын берген, осы негізде классицизм кезеңінде стильдің 3 түрі (жоғары, орташа, төмен) анықталған. 17 ғасырда стиль филологиялық пән ретінде қалыптасса, 18 ғасырда философиялық эстетиканың назарын аударды. И.В. Гете мен Г.Гегель стильді дүниені танудың көркем белгісі санаған. Стиль жайында В.В. Виноградов “стиль көп мәндес ” деген пікірді айтса, зерттеуші Л.Шепилова стильді әдіс ретінде танып, “әдіс – өмірді образ арқылы көрудің айрықша түрі” дейді. 20 ғасырдың 20-жылдары лингвистик. стилистика қалыптасып, кеңестік кезеңде стиль шығармалар әдіс ретінде танылды. Стиль тіл көрінісі ретінде өнердегі стильден ерекшеленіп, шығарманың мағыналы түрі, эстет. тұтастық ретінде мойындалды. Реалистік романның дамуы стильге жаңалықтар әкелді. М.М. Бахтинның пікірінше, пікірталас қарама-қайшылықтары жаңа стильді қалыптастырушы күшке ие болды. Қазақ әдебиеттану ғылымындаА.Байтұрсынов “Әдебиет танытқыш” еңбегінде стиль туралы “Әр ақын, әр жазушы сөздің басын өзінше құрастырып, өз оңтайымен тізеді, әрқайсысының лұғатында өзіндік айырымы, өзіндік белгісі болады. Ол белгі әркімнің өз ыңғайымен сөз тізіп, әдеттенуінен, салттануынан болады. Ол салттар жалпы сөз тізу салттарынан, шарттарынан аса алмайды. Сөз шығарушылар, әуелі сөз ұнасымына керек жалпы шарттарды орнына келтіріп, өзінің өзгеше әдісі болса, соның үстіне ғана қосады. Сондықтан сөз шығарушылар бәрінен бұрын лебіз дауысынан шыққан сөздің асыл болуының жалпы шарттарын білуі қажет” дейді. Ол стильді тіл қисыны мен лұғат қисынының бірігуі деп таниды. Абайдың стилін тануда ол: “Не нәрсе жайынан жазса да Абай түбірін, тамырын, ішкі сырын, қасиетін қармай жазады. Сөзі аз, мағынасы көп, терең. Сөз жазатын адам әрі жазушы, әрі сыншы болуы керек. Сөздің шырайлы, ажарлы болуына оның шеберлігі керек, мағыналы, маңызды болуына білім керек. Абайда осы үшеуі де болған” дейді. Зерттеуші Қ.Жұмалиев “Стиль – өнер ерекшелігі” (1966) атты еңбегінде қаламгердің жазу мәнерін, көркемдік шеберлігі мен талант табиғатын, ал З.Қабдолов “Әдебиет теориясының негіздерінде” суреткерге тән шығарм. ерекшелікті стиль ретінде қарастырды. Кеңестік әдебиетте төңкеріс кейіпкерлерінің тілі, сөйлеу мәнері бейнеленіп, қарапайым адамның сөзі, оның әңгімелері стиль ретінде көрініс тапты. Мыс., Б.Майлиннің “Мырқымбайы”, т.б. М.Әуезовтің алғашқы әңгімелеріндегі қыр өмірінің суреттері, “Абай жолы” роман-эпопеясында дәуір келбеті мен адам іс-әрекеттері негізінде кең тыныспен өріс алса, С.Сейфуллиннің “Альбатрос” поэмасында өзгерістер лебі танылды. Бұл шығармалардан қаламгерлердің өздеріне ғана тән стильдік ерекшеліктері, шеберліктері көрінеді. Т.Әлімқұлов, А.Сүлейменов,Ә.Кекілбаев, М.Мағауин, Қ.Ысқақ, О.Бөкей, С.Мұратбеков, Д.Исабеков, т.б. туындыларында қарапайым халық тілі жаңа стильдік арнада көрінді.
15. Синтаксистік стилистика туралы түсінік. Синтаксис — сөз тіркесінің, сөйлемнің құрылысын зерттейтін грамматиканың бір бөлімі. Бұл бөлімде сөздердід тіркесу қабілет-тілігі, байланысы, сөз тіркестері мен сөйлемдердің түр-түрі, құрамы қарастырылады. Сонымен қоса тілдін, синтаксистік ережелері мен синтаксистік заңдылықтарын айқындау мақсаты көзделеді, тілдің синтаксистік тұлғалары мен синтаксистік құбылыстарын айқындау мен олардың мағыналық ерекшеліктері де сөз болады.Тілде мағынасыз, мағына білдіруге қатыспайтын нәрсе жоқ. Әсіресе синтаксистік категория мен синтаксистік тұлғалар — адам ойын жинақты, тиянақты түрде білдірудің ұйымдастырушы бөл-шектері де, сөйлем — ойды білдірудің негізгі формасы болып есеп-теледі. Сондықтан синтаксисті оқыған кісі оның мағыналық жақ-тарына мән беруге тиіс, ал тіл ғылымында синтаксистің жеке мәселелері өздеріне тән мағыналарымен бірлікте қарастырылуға тиіс.Олай болса, стилистика ғылымының синтаксисті зерттеуінің мақсаты не болмақ?С т и л и с т и к а сөздер қалай тіркеседі, сөйлемдер қалай құ-ралады, олардың тілдегі қалыптасқан жүйелері қалай болады,’ дегендерге жауап іздемейді және олардың әрқайсысы қандай мағынада айтылады? деп те жатпайды,— кісінің мақсатты ойын қалайша дүрыс айтуға болады? Ол, міне, осы сұраққа жауап іздеу мақсатымен синтаксис мәселелерін қарастырады. Сонда стилистика синтаксистік тұлғалардың жұмсалу аясын, мағыналық ‘кұбылыстар-ын, кісіге етер әсерін, экспрессивтік мағыналарын тіл жұмсау шеберлігі тұрғысынан қарастырады.Сайын келгенде, стилистиканың мақсаты — дұрыс сөйлеуге, дұрыс жазуға үйрету.Шебер суретшінің Суреті, композитордың музыкасы, зергердің өнері — бәрі де нәзіктілікті керек етеді. Онысыз ешбір өнерде ше-берлік қасиет болмақ емес. Сөз шеберлерінің де жазғандарында қыбын тауып қиюластырып айтылған нәзік үн, әсерлі леп, терең мағына болуға тиіс.Тілдің ой өрнегін салу қасиетін ұлы Абай сондықтан да былай суреттейді: Өткірдің жүзі, Кестенің бізі, Өрнегін сендей сала алмас. Білгенге маржан, Білмеске арзан, Надандар бәhра ала алмас… Толғауы тоқсан, қызыл тіл, Сөйлеймін дөсең өзің біл! Стилистика ғылымы, соның бір саласы синтаксистік стилистика, осындай “толғауы тоқсан” тілдің ой өрнегін дұрыс салу мүмкін-шілігін қарастырады, сөз маржанын тани білуді, сөйлемді дұрыс құрай білуді үйрётеді.Әрине, айтылғанның, жазылғанның бәрі бірдей “маржан” емес. Олардың да жақсысы бар, жасығы бар. Стилистика жақсыдан үйренуге, қате-кемшіліктен аулақ болуға шақырады.Әрбір стильдің синтаксисінде өзіне тән ерекшеліктері болады. Мысалы, нақышы мол көркем тіл үлгілерін көркем әдебиет стилі-нен, синтаксистік амалдарды күрделі дәлме-дәл пайдаланып, сөй-лөмдерді қатал құрау үлгілерін ғылыми әдебиет стилінен бай-қаймыз. Әсіресе ғылыми стильде жазған адам ойының дәлме-дәл айтылуын көздейді. Ол логикалық байланыстағы ойды бұлтартпай, әрі дүрыс білдіретіндей тіл мүмкшшіліктерін пайдаланып, тура мағыналарында жұмсауға тырысады. Сондықтан ғылыми стиль синтаксисінде күрделі құрам, қүрмалас сөйлемдер жиі қолда-нылады.Әдеби тілдің қай стилінде болмасын,— оның бәріне тән нәрсе — о й а й қ ы н д ы л ы ғ ы, ол үшін сөйлем дүрыс құралу керек. Осы талап тұрғысынан әдеби тілдің сөйлемдері әбден қиюластырылып, сөздері рет-ретімен орналастырылып, синтаксистік басқа да тәсілдер белгілі қалыпқа түсіріліп жазылады. Әдеби тілде жазып отырған не сөйлеп тұрған кісі сөйлем қүраудыд бұл талаптарын да, оған керекті синтаксистік мүмкіншіліктерін де жақсы білуге тиіс. Әдеби тілдің синтаксисін дүрыс бағдарлау үшін оны сөйлеу-тілінің оинтаксисімен салыстыруға болады.Сөйлеу тілінің синтаксисі әрдайым жүйелі бола бермейді. Өйт-кені адамдар өз ара қарым-қатынас жасауда біріне-бірі әр алуан өмір әрекетінің жайын сөз қылады. Ондайда олар айтпақ пікірін алдын ала ойланып жазып алмай да сөйлей береді. Тіпті ойын ойланып, толғанып сөйлегенмен, оның сөйлем кұрауында тілдік нормалар сақтала бермеуі мүмкін. Әдетте сөйлеу тілінің синтаксисі қара-пайым, сөйлемдері кысқа—қысқа, көбнесе толымсыз болады.Әдеби тіл халық тілінің ең жоғарғы формасы болатындықтан, студенттер стилистика пәнін әдеби тіл материалдары негізінде игеруге тиіс.Әдеби тіл синтаксисінің стилистикаға да негізгі объекті бола-‘ тын бір бүтін бөлшегі — сөйлем. Сөйлемдер әр алуан сөзден, сөз тіркестерінен құралып, түрлі-түрлі мағынада, экспрессивтік қыз-метте жұмсалады, олардың түрі көп, стильдік сыр-сипаты, кедір-бұдыр қыры көп. Сонымен қатар ол кісі ойының ғажайып жеміс бақшасы тәрізді. Сол бақшаның жемісінен “дәм татам” деген кісі сөйлемдердің стильдік қызметіне қанық болып, өзі оларды дұрыс жұмсай алатын болады.Біздің басқаға хабарлайтын ойымыз жеке сөйлемдермен шек-телмей, ұласа айтылған көптеген сөйлемдер қатарымен тиянақта-лып тұрады. Сондықтан сөйлем тізбектері бір-бірімен өз ара дұрыс байланыста болуға тиіс. Бұл — стилистика ғылымының басты талабының бірі. Мына мысалды сол талапқа сай құралған сөйлем-дер тізбегі деуге болады.Күн батып бара жатқан кезде, күйеулер отырган үйден үш-төрт жігіт шығып, қыз-келіншек отырған үйге қарай жүрді. Төрт жігіттің біреуі батсайымен тыстаған ақ елтірі тымағын көзіне таман киіп, насыбай атқан ернін томпитып шырт түкіріп қойып, қолындағы кішкене ақ домбырасын сыңқылдатып шертіп келе жатты(С. Сейфуллин).Осындай, өз ара ішкі логикалық, әрі синтаксистік байланыстағы сөйлемдерде ой дәлдігі, сөзбен салынған сурет болса, оның эстетикалық әсерін бірден түсініп, тез сеземіз. Ал байланыстары айқын емес сөйлемдер қатары айтайын деген ойдың түсінігін ауырлатады, не мүлде түсініксіз етеді. Оның үстіне сөйлемдер қа-тары дұрыс тізіліп әрі мағыналық, әрі синтаксистік сымбаттылығын сақтамаса, айтылған ойда көрік болмайды, кейде бұлдыр, түсініксіз болады:1. Оның әйелге тән тартымды рең-басына маңғаз келбеті жа-расып-ақ тұр. Бірақ оған қарамастан Ольга Всеволодина ағынан жарылып аңқылдап, біздің сұрақтарымызға барынша зейін қойып, зердемізге толық жеткізгенше түсіндіруге тырысып бәйек болып-ақ отыр (“Адам және химия”, 72-6.). Бұл мысалда әйелдің әсем келбетіне сүңғақ денесі жарасып тұр деу үшін толып жатқан артық сөз қолданылған. “Оған қарамастан” екі сөйлемді ұластырушы жалғаулық қызметіндегі сөздер. Бұл арада олардың екі сөйлемді байланыстыру қызметінде жұмсалуының реті жоқ. Әйел тартымды, әдемі еді, соған қарамастан бізбен жақсы сөйлесті дегенде, қандай логика бар? Әйел ауру еді, соған қарамастан бізбен жақсы сөйлесті десе, оның жөні бір басқа. Онда оның — “дені сау”, өз ара дұрыс байланысқан салалас құрмалас сөйлем болғандағысы.2. Біз жоғарыда Орхон ескерткіштеріне жататын Тонькөкке ар-налған ескерткіштің тіліне біркелкі шолу жасадық. Осыған байла-нысты Тонькөк ескерткішін тек қазақ тілі материалы тұрғысынан қарауға болмайды. Мұндай ескерткіштер бүкіл түркі тілдеріне ор-тақ мұра. Бұл салада істелетін жұмыстар алда сан алуан (Қазак тілінің тарихы мен диалектологиясының мәселелері, 5-шығуы, 107-6.).Осында төрт сөйлем бар. Оның біріншісі мен екіншісі арасында, үшінші мен төртінші сөйлем арасында ешқандай мағыналық байланыс жоқ, төртеуі төрт жаққа қарап тұр. Олардың басы зорлықпен бір жіппен байланып, қосақтала салынған сияқты. Оның үстіне текстегі жеке сөздер дұрыс қолданылмаған. Сондықтан автордың ойы дұрыс шықпаған. Оның айтайын дегені мынау:Біз жоғарыда Орхон ескерткішінің бірі Тоньюкук ескерткіші тіліне біраз шолу жасадық. Соған қарағанда, ол ескерткіш тілінің мате-риалдары тек қазак, тіліне емес, бүкіл түркі тілдеріне ортақ мұра екендігі аңғарылады…Ойы анық, қаламының ебі бар адамның сөзінен сөз туып, сөй-леміне сөйлем ілесіп, ондағы сөздер қатары дұрыс тізіліп, олар әрі мағыналық, әрі синтаксистік байланыста айтылады. Бұл — жазу, сөйлеу өнерінің басты шарты. Сол өнерге баулитын да — стилис-тика ғылымы. Сонымен қатар стилистика ғылымының ерекше көңіл бөлетін мәселесінің бірі — синтаксистік синонимдердің қол-данылуы. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|