Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Шешендік сөздердің стильдік ерекшеліктерін ашыңыз.




Шешендік сөздер әртүрлі қырынан біршама зерттелінген. Жариялану, зерттелу тарихы осыған дейінгі ғылыми еңбектерде айтылған және көптеген қазақтың ұлы ғалымдары, жазушылары талдау жасаған. Шешендік сөздердің жанрлық ерекшеліктері және оның әдебиет пен фольклорға қатысы жөніндегі сауалдарға ғылыми тұрғыдан жауап беру бүгінгі таңда өзекті. Ең алдымен шешендік сөздерді жаратушы тұлға және жанр атауының мәні зерделенуі тиіс. Бұлар бір-бірімен тығыз байланысты. Қазіргі қазақ фольклортануында шешендік сөздерді тудырушы тұлға ретінде би- шешендер айтылып жүр. Екі атау әрдайым қосарланып айтылғанымен, олардың өз алдына дербес мағынасы бар. Халық ауызында бұл атаулар жеке адамдардың есіміне қосақталған кезде көбіне олардың біреуі ғана айтылуынан көп сырды аңғаруға болады. Жиренше есіміне үнемі «шешен» сөзі тіркессе, Төле есіміне «би» сөзі тіркелген. Қазақтың көне шешендік өнерінің тарихын шартты түрде үлкен үш кезеңге бөлуге болады: 1) Қазақ хандығы қалыптасқанға дейінгі; 2) Хандық дәуір кезіндегі; 3) XIX ғасырдың екінші жартысынан кейінгі. Алғашқы кездегі шешендік сөз үлгілерінен бізге жеткендері некен-саяқ. Бұл кезеңдегі би- шешендерден Кетбұға, Майқы, Саңғыл, Жиренше, Ақжол есімдері белгілі. Олар елшілік даулардан гөрі ірі әлеуметтік мәселелерге байланысты сөйлеген сияқты. Осы кездегі би- шешендер өзінің көп қасиетімен жырауларға ұқсас тұрады. Екінші кезең билерінің хандарға өктемдік көрсетер сәттері жиі кездескен. Бұл құбылыс, сірә, Едіге бидің Тоқтамыс ханды тақтан тайдыруынан болса керек. Осы оқиғаның нәтижесінде түзілген Ноғай Ордасы мемлекетін билер басқарған. Осының ықпалы көршілес Қазақ хандығының басқару жүйесіне де әсер еткен тәрізді. Қазақ шещендік өнерінің үшінші кезеңінде билердің рөлі біршама төмендеді. Оған сырттан күшпен енгізілген әкімшілік-териториялық басқару жүйесі басты себеп болды. Бұл тұста би болған шешендер мен қарапайым шешендердің қоғамдық өмірінен алатын орны бір-біріне жақындай түсті. Жеке бас мәселелеріне арналған, сатиралық-юморлық пафосы басым шешендік сөздер көптеп дүниеге келді. XI-XVI ғғ. шешендері – «ел құрысқан шешендер», XVII-XVIII ғғ. – «ел қорғасқан шешендер», XVIIXVIII ғғ. – «хан сұлтандарға қарсы», ал XVIII-XIX ғғ. «би-болыстарға қарсы шешендер» деп аталды, бұл өнер тарихын үш кезеңге бөлуге негіз бола алады. Шешендік сөздер танымдық-ғибраттық қолданбалы қызмет атқаратын жанрлармен ғана емес, таза көркемдік мақсатта айтылатын жанрлармен де байланыса берді. Шешендік арнаулар – тұрмыс-салт жырларына, нақыл сөздерге, шешендік толғаулар жыраулық поэзия үлгілеріне жақындаса, шешендік дау айтылу ерекшелігі құрылысы жағынан айтыстарға көп жақындайды.

Ал айтыс – таза эстетикалық мақсатты көздейтін жанр. Жұмбақтар – шешендік сөздермен тығыз байланыста болып, кейбір ерекшеліктері ортақтасып кететін жанрдың бірі. Осы екі жанрды зерттеген еңбектер қорытындыларына зер салсақ, олардың түпкі қайнарлары бір болғанын аңғарамыз. Әрине, жұмбақтың шығу төркіні тым ерте замандарға кетсе, шешендік сөздер қоғамдық сөздер сананың марқайған кезінде пайда болған. Мақал-мәтел, нақылдар, толғаулар мен термелер, айтыстар, жұмбақтарды шешендік сөздің ішіндегі түйінді сөздермен салыстырса, оның түсіндірме сөзі немесе қарасөзді баяндаулары фольклордағы аңыздар мен әңгімелермен ұқсас сипатын көбейтеді. Көптеген зерттеушілер шешендік сөзін аңызға айналды деп есептеген. Шын мәнінде, аңыз әңгімеге айналатын шешендік сөздер емес. Оларды туғызған өмірлік оқиғалар және сол сөздерді айтқан кездегі шешендердің іс-әрекеті. Ал шешендер аузынан айтылған сөздер қаншама өңдеуге түскенімен, олар сол монолог немесе диалог сипатында қалды. Басқа да фольклорлық жанрлар сияқты шешендік сөздердің де тақырыбы дәстүрлі болып келеді. Бұл жанрға жататын туындылардың тақырыбы шектеулі ауқымнан шықпайды. Сондықтан көркемдік категориялардың қатарына жатқанымен, оны өз алдына талдаудың мүмкіндігі аз.

Жоқ таппадым






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных