Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тілдік қарым-қатынас туралы түсінік.Олардың стильдік ерекшеліктерін ашыңыз.




Н.Уәлидің көрсетуінше, тілдік қатынас өз ішінен әлеуметтік-тұрмыстық қатынас және ресми-іскерлік қатынас деп екіге бөлінеді.Әлеуметтік-тұрмыстық қатынастың мазмұны мынадай,яғни сипаты:бейресми, орны: үй іші,көрші,ағайын т.б, жағдаяты; еркін түрде, мақсаты:тілдесу. Ал ресми –іскерлік қатынастың мазмұны мынадай: сипаты: ресми, орны: мекеме, кәсіпорын т.б, жағдаяты: еркін емес, мақсаты:хабарлау.Сөйлеу актілерінің мазмұнының күрделілігі,бүгінде, коммуникативті деген тіл білімінің саласын қалыптастырды.Н.Уәли сөйлеу актілерінің мазмұны туралы былай дейді: «Адамдар арасындағы тілдік қарым –қатынастың түрі мен сипаты әр алуан.Отбасында,жора-жолдастар арасында,көпшілік мәдени орындарда,жұмыс немесе қызмет орындарында ой-пікірімізді, сезім күйімізді бір-бірімізге тіл арқылы жеткіземіз, сөз арқылы бір-бірімізбен қарым-қатынас жасаймыз. Бір-бірімізбен амандасу,қоштасу, қуанышқа ортақтасып құттықтау, қайғысын бөлісіп,көңіл айту,байқаусызда жіберіп алған ағаттығымыз үшін кешірім сұрау,сыпайылық білдіру т.б таныс-бейтаныс адамдар арасындағы қарым-қатынасқа жатады.» Д.А.Әлкебаева сөйлеу актілері туралы былай дейді: «Сөйлеу актілерінің белгілі социум арасында өтуіне байланысты стиль түзуші тәсілдердің әркелкілігі байқалады: бастық-,бағынушы; мұғалім-шәкірт; үлкендер-балалар; лидер-ұжым; жалдаушы-жалданушы; үй иесі –қонақ»

Ауызекі сөйлеу стилі тұрмыстық,тілдік қатынаста қолданылады.Оның басты ерекшелігі еркін түрде хабар беруде жатыр.Ауызекі сөйлеу стилінде адресант мен адресат арасындағы тілдік қатынас басты болады, сондықтан үнемдеу заңы басты қызметке ие болады.Д.А.Әлкебаева ауызекі сөйлеу стилінің мынадай тілдік белгілерін көрсетеді: «бейресмилік,сөйлеудің еркіндігі, сөйлеу қарым-қатынасының экспрессивтілігі; тілдік тәсілдерді сұрыптаудың қажетсіздігі,сөйлеудің автоматтығы,сөйлеудің мазмұны:диалогтық форма мен қарапайымдылық».Басқа тілдің экспансиясына алдымен ұшырайтын ауызекі сөйлеу стилі болғандықтан, онда тілдік нормалар сақталынбай,сөйлеу мәдениеті бұзыла бастайды.Оның үстіне,үнемдеу заңы да ауызекі сөйлеу стиліндегі нормаларды бұзады.Мыс: магнитафон-мафон,университет-универ.Бүгіндегі ауызекі сөйлеу стильдегі орыс сөздерінің көптеп қолданылуы кеңестік дәуірдегі саясаттың әсерінен болып отыр,сондықтан орыс тілінен енген сөздерді азайту,қолданбау тілдік норманы сақтау деген сөз.Сөйлеу мәдениеті алғаш байқалатын ауызекі сөйлеу стилін тілдік нормаларға сай дамыту әр қазақтың борышы деп есептеймін.

 

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных