Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Cұрақ. Әдеби тіл нормаларының стиль түрлеріне өзіндік әсерін ашыңыз.




Тіл нормасы – адамдардың бір-бірімен қатынас жасау нәтижесінде қалыптасып бекіген, жалпы халыққа тегіс танылған тілдік құбылыс. Тіл нормасы – тарихи құбылыс. Ол сөйлеу және жазу арқылы қалыптасып, адамдардың санасында сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа ұласып, дамып, жетіліп отырады. Соған орай, әр кезде тіл қолдану заңдылықтарын білдіретін ұғымдарда өзгеше болды. Мысалы, белгілі бір тарихи кезең үшін «дәстүр» деп қолдану орынды болса, қазір «тіл нормасы», «әдеби норма», «әдеби тіл» терминдері қалыптасты.

Әдебиет ұғымына әлеуметтік мәні бар, жазу үлгілерінің бәрі енеді, мысалы, саяси әдебиет, ғылыми әдебиет, медициналық әдебиет және көркем әдебиет. Ал, бұлардың барлығыда жалпыхалықтық тілдің жазбаша түріне жатады да әдеби тілде жазылады. Сонымен бірге, сөйлеудің ауызша және жазбаша формалары бір-бірімен ара қатынаста болады. Әдеби тілдің нормасы жазба тіл арқылы қалаптасып, шыңдалып отырады. Ал оның өңделіп жетілуі және халық арасында тарап, жалпыға танылуы ұлттық әдебиеттің дамуымен байланысты. Қазақта тұңғыш жазба әдеби тіл үлгісін жасағандар – Абай мен Ыбырай. Олар жалпыхалықтық тіл қорының тек түсінікті формаларын ғана шығармаларында қолданған. Фолклорлық бай мұраны шебер пайдалана білген. Сүйтіп, Абай мен Ыбырай шығармалары жалпыхалықтық тіл қорының бай қазынасын ең тамаша қасиеттерін бойына сіңірген. Сондықтан да, ол шығармалар көркем сөздің ерекше үлгісі ретінде мәңгі жасамақ.

Ескерте кететін бір жайт, әдеби тіл мен көркем шығарма тілі екеуі бір ұғымды білдірмейді. Әдеби тіл ол тек көркем шығарманың ғана тілі емес, жалпы жазба тіл түрлерінің бәрін түгел қамтиды. Солаай бола тұрсада көркем шығарма тілінен оның шеңбері тар. Өйткені, әдеби тіл – сөйлеуде және жазуда пайдаланылып нормаланған тілдік белгілер. Ал нормаланған тілдің «қалыптылығыы» басым болады. Көркем шығармада олай емес, онда стильдік мақсатта жалпыхалықтық тілдегі қарапайым, тұрпайы және жергілікті ерекшелік сипатындағы сөздердің бәріде қолданылады. Сондықтан әдеби тілден оның аясы кең. Сонымен бірге тілдің басқа формаларына қарағанда, көркем шығарма тілі көрнекті орын алады. Көркем шығарма тілінің даму тарихы бірден қалыптаса қоятын құбылыс емес, көркем шығарма тілінің маңызды рөлі, әсіресе ұлт тілінің қалыптаса бастаған кезінен, әсіресе осы жаңа дәуірдегі әдеби тілімізден айқын сезіледі.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных