ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Сұрақ. Қатаң норма. Босаң норма. Олардың стилистикалық ерекшеліктері.Қатаң норма – тілдің заңдастырылған нормаларымен бекітілген, тілдегі әртүрлі нұсқада айтылатын сөздерді бірізділікке бір арнаға түсіретін қазақ тілінің тілдік нормасы. Қатаң норма – тіл жүйесімен болжымас бірлікте болады. Тіл заңдылықтарын жете білетін адамға бұл еш қиындық тудырмайды. Тілде белгілі бір сөзді әр жерде әрқалай айтуы мүмкін. Осы жерде қай сөзді дұрыс қолдануды айғақтап беру үшін қатаң норма еңгізілген. Мысалы, қазақ тілінде бұйрық райдың екінші жағындағы етістікті үш түрлі айтады: сен бар, сен барғың, сен барың. Қазіргі қатаң нормаға сәйкес аталмыш үш нұсқаның біріншісі, яғни сен бар нұсқасы айтылып жүр. Ал қалғаны диалектілерге жатады. Үш нұсқаның жанына жақын тартқанын таңдап алуы сөйлеушінің ырқында болмайды. Тіл тәжірибесінде сыннан өтіп, жұртшылық таныған түрін ғана сөйлеуші қарым-қатынас мақсатында қолдана алады. Бұл қатаң норманың грамматикалық мысалы, фонетика, лексика саласында да кездеседі. Кейде тілдегі сан алуан варианттарды талғап таңдауда аса қатаң талап қойылмайды. Ондай варианттардың қай түрін қолдану сөйлеушінің өз ырқында. Мысалы, ақшалай – ақшадай, барлы-жоқты – барды-жоқты, екіншілей – екіншідей, ескілей – ескідей. Әдеби тіл нормасының мұндай түрі босаң норма деп аталады. Тілдегі бұл тәрізді варианттар кейбіреулерге тілдегі мүкістіктей болыпта көрінеді. Шындығында олай емес, бұл тілдің жанды дүниедей түлеп, өзгеріп отыруының белгісі, өлі тілде ғана мұндай құбылыс болмайды. Тілдегі сан алуан варианттардың жарыса қолданылу себебі кеше мен бүгінді, бүгін мен ертеңді ұластыру қызметіне байланысты болып жатады. Бірақ осыған қарап босаң нормаға байланысты варианттарда қолдануда талғау – саралау деген мүлдем жоқ деуге болмайды.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|