ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Функционалдық стильдердегі дайын сөз бірліктерінің стилистикалық қызметі.Функционалдық стильдердегі сөз бірліктерінің мәселесі прагмастилистикадан бұрын да қарастырылды. Функционалды стильдерде жиі қолданылатын сөз бірліктері стильдердің ерекшеліктеріне байланысты. Дайын сөз бірліктерін ғалымдар арнаулы сөздер мен стереотип сөздер деп екіге жіктейді. Стильдерде өзіндік модельдер мен сөз бірліктері қалыптасады және дамиды. Д.А.Әлкебаева дайын сөз бірліктері туралы былай дейді: «Стилистикалық дайын сөз оралымдарының қатарына штамп, клише, стереотип жатады. Тілдік клише де негізінен функционалдық стилистикада және фразеологияда қарастырылып жүр. Штамп стилистикалық боямасы бар сөйлеу құралы, сөз стереотипі психологиялық стереотиппен сәйкес келеді. Сөз стереотипі қолданушыға автоматты түрде көмекке келеді. Штамп сөзінің негізгі мазмұндық мағыналық бірлігіне сөз, сөз тіркесі, сөйлем, қанатты сөздер, мақал мәтелдер жатады. Стереотип ұғымдық образ, ол адам санасында орныққан түсінік пен құбылыстың ақиқаттылығы ретінде ассоциацияланып тұрады. Тіпті, оны стилистикалық фреймдер ретінде бағалауға болады». Публицистикалық стильдегі дайын сөздерге мысал келтірейік: темір тұлпар, ақ алтын, көгілдір отын, ақ халатты абзал жан т.с.с. Ресми стильде: төменде қол қойғандар, тараптар міндеті, нормативті құқықтық актілер, материалды көмек сұраймын, хабарлай отырып, сотқа жолдансын т.б. Кейбір стереотитер мен штампылардың стильдік бояуы қанық немесе солғын болады. Д.А.Әлкебаеваның көрсетуінше, «функционалды стильдердегі дайын сөз орамдарының екі түрлі жасалу жолы бар. Біріншісі орыс тілінен енген, екіншісі төл тілдің дайын сөз формаларының жасалуы». Осының ішінде, орыс тілінен енген сөз оралымдары тіл мәдениетін жиі бұзады да, төл тілдің сөз орамдары, көбіне стильдік қателері туғызады. Дайын сөз тіркестері, барлық функционалды стильдер стильдік мақсатта қолданылады. Мысалы, ауызекі сөйлеу стилінде: құдай қаласа, бұйырса, әңгіме жоқ, жол түссе, жол болсын; Сонымен қатар, көптеген фразеологизмдер, қанатты сөздер, мақал мен мәтелдер осы стиль түрінде жиі қолданылады. Публицистикалық стильде: жаныңда жүр жақсы адам, қаулы талқылау, жаңа айдар, тың тақырып, жазылған жайдың жаңғырығы, т.б. Осы стиль түрінде штамптар өте жиі кездеседі. Көркем әдебиет стилінде дайын сөз оралымдары, стереотиптер, штамптар сирек кездеседі. Оның басты себебі, көркем әдебиет стилінде қысқа нақты жазу үрдісі мүлде қабылданбаған. Штампылар, стереотиптер, қасаң сөз үлгілері көркем әдебиет стилінің жаулары екенін білген жөн. Ю.А.Бельчиковтің «Лексикалық стилистикасы» зерттеуінде көркем әдебиет стилінде дайын сөздердің болмауы, сөз таңдау үдерісінің жүруі штамптардың болмауына өз әсерін тигізеті айтылады.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|