Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Фактіні толық және логикалық жүйелі баяндау тәсілі жағынан ғылыми стильге жақын.




Публицистиканың жанрлары: бас мақала, ақпараттық хабар, очерк, памфлет, халықаралық шолу, теледидар мен радиодан берілетін әр түрлі хабарлар. Осы жанрлардың өзіндік ерекшеліктеріне қарай олардың сөз қолдану ерекшелігі, тіл ерекшелігі айқындалады.

Публицистикалық стильдің ауызша түрі - шешендік сөз.

«Шешендік сөз (ораторство) - Ежелгі Греция мен Рим заманынан бері қарай көптеген халықтардың мәдени-рухани өмір-тіршілігіндегі өнердің бір түрі. Шешендік өнер мен шешендік сөз бір-бірімен тығыз байланысты болғанымен, екеуі екі басқа түсінік атаулары: шешендік өнер актінің, яғни іс-әрекеттің атауы, ол әлеуметтік қызмет атқарады. Шешендік өнер (риторика) - өзінің нысанасы, теориясы, категориялары, тарихы бар жеке сала болып табылады. Ал шешендік сөз сол шешендік өнер иелерінің шаршы топ алдында сөйлейтін сөзі. Мұнан көпшілік алдында сөйлейтін сөздің кез келгені шешендік сөз деген ой тумаса керек. Шешендік сөз мынадай талаптарға жауап беру керек:

- белгілі бір әлеуметтік мәні бар тақырыпты қозғайтын және шаршы топ алдында айтылатын сөз болуы керек;

- әңгіме өзегінің дәлелі (аргументі) болуы тиіс, соның арқасында тыңдаушыларға бір нәрсені әуелі түсіндіріп, содан соң ойлантып, ақырында бір харекетке ұмтылдыруды көздеуі қажет;

- тыңдаушыларға жақсы әсер етіп, сүйсіндіретін эстетикалық қасиеті болуы тиіс.» Публицистикалық стиль қоғамдық талапқа сай жазылған шығармалардың негізінде қалыптасады. Белгілі бір тілде публицистиканың өз алдына бөлек стиль болып қалыптасуы қоғамдық сананың өскенін, артқанын көрсетеді. Тілдің басқа стильдері сияқты публицистикалық стиль де бірыңғай болып келмейді. Бірқатар лингвистер публицистикалық стильдің жазбаша түріне саяси тақырыпқа жазылған газет, журналдардағы мақалалар, памфлет, очерк т. б. шығармаларды, шешендік сөздер публицистикалық стильдің ауызша түріне жатады. Публицистикалық стильдің жазба түрінің ең алғаш қалыптаса бастауы халықтың жалпы мәдениеті мен экономикасына байланысты. Мәдениеті ерте дамыған елдерде публицистикалық жанр ерте қалыптасады. Оған орыс тілі мысал бола алады. Ресейде XVIII ғасырда ең бірінші газет жарық көрді; сықақ журналдар шыға бастайды.Радищевтің “Санкт-Петербургтен Москваға саяхаты” сол кезде жалынды публицистикалық шығарма болып есептелген. XIX ғасырдың екінші жартысы публицистикаға үлкен өзгерістер енген кез болды. Бұл кезде революцияшыл-демократтар публицистиканы царизмге қарсы күрес құралы етіп жүмсады. В. Г. Белинский, Н. А. Добролюбов, Н. Г. Чернышевский сияқты сыншы-публицистер өздерінің сын мақалаларында қоғамдық құрылысты қатты сынға алып, революциялық идеяны қуаттады. Революциялық публицистиканың ең жоғарғы үлгісі марксистік-лениндік классикалық еңбектер болып саналәды. Жазба публицистика баспасөз мәдениетінің өркендеп даму дәрежесін көрсетеді. Қазақ баспасөзі — Қазан төңкерісінің жемісі. “Қазақстанда революциядан бұрын баспа орны болған жоқ. Бірен-саран шыққан кітаптарда қазақ тілі бұрмаланып басылып жүрді. Қазақ тілінде ең тұңғыш басылған кітаптың бірі — “Қозы Қөрпеш — Баян сұлу” қиссасы (ең алғаш -1816 жылы басылыпты). Шоқанның, Ыбырайдың, Абайдың т. б. шығармалары Санкт-Петербургте, Қазан мен Уфада, Орынбор мен Ташкентте шыққан. 1913 жылы басылған азын-аулақ кітаптардың ішінде Спандияр Көбеевтің “Қалың мал” романы, “Айна”, “Қарлығаш” деген өлеңдері мен поэмалары Қазанда жарық көрді”.[1] Публицистикалық стиль жұртқа үндеу, үгіт айтуда пайдаланылады. Мұндай үндеуге, үгітке қоғам үшін және дәл сол кезеңде зор мәні бар мәселелер тақырып болады. Мысалы, саяси, экономикалық, экологиялық, мәдени, моральдық мәселелер. Үндеудің, үгіттеудің мақсаты - жұртшылықты қоғамдық мәні бар іске қатыстыру, жұртшылықтың санасына ықпал ету.[2]

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных