ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
ылыми стиль, зерттелуі, өзіндік тілдік-стильдік ерекшеліктері.Функциональдық стильдің бір түрі - ғылыми стиль. Ғылыми стильге ғылымның әр саласына қатысты жазылған ғылыми еңбектер кіреді. Белгілі бір ғылыми еңбектің зерттеу нысаны болған зат немесе құбылыс ғылыми негізделіп, сипаттауды, дәлелдеуді қажет етеді. Ал негіздеу ғылыми сипаттау, ойлау арқылы жүзеге асады. Дұрыс ойлап, пікірдің дұрыстығын дәлелдеу, әрине, логикаға (қисын) тікелей байланысты. Логикалық жүйелі ой қорытындысы - ғылыми стиль мәтіндерінің басты ерекшелігі. Ғылыми еңбек сол ғылым саласының белгілі бір заңдарына,қағидаларына бағынады, ал оған негізделген ой қорытындысы нақты, жүйелі әрі қисынды болады. Жазба стильдің басқа түрлері сияқты ғылыми стиль де жалпы халықтық әдеби тілде жазылады. Бірақ тілдік тәсілдерді пайдалануда, әрине, өзіндік ерекшеліктері бар. Ғылыми стиль өз ішінде шағын стильдерге бөлінеді. Бұл мәселе орыс тіл білімінде былай қарастырылады: " …в научном стиле можно отнести следующие типы текстов: 1.Академические (собственно-научные) тексты представленные следующими жанрами: монография, статья, тезисы, диссертация, научно-технические отчеты, доклады, научные сообщения, выступление. 2. Информационно-реферативные (жанры: реферат, аннотация,); 3. Справочно-энциклопедические (жанры: словарь, справочник и т. д.); 4. Научно-оценочные (жанры: рецензия, отзыв, экспертное заключение, полемическое выступление); 5. Научно-учебные (жанры: учебник, учебные пособия, лекция); 6. Научно-инструктивные (инструкция, руководство, памятка, рекомендации); 7. Научно-деловые (жанры: патент, авторское свидетельство описание изобретения, заявка, акт, постаноление, решение, отчет)". Ал қазақ тілінде ғылыми стиль шартты түрде былай бөлінеді: таза ғылыми стиль, ғылыми-оқулық стиль, ғылыми-көпшілік стиль. Ғылыми стильдің белгілері Ғылыми стильге ғылымының әр саласына қатысты жазылған ғылыми еңбектер кіреді. Логикалық жүйелі ой қорытындысы – ғылыми стиль мәтіндерінің басты ерекшелігі. Ғылыми стиль түрлері: таза ғылыми стиль, ғылыми-оқулық стилі, ғылыми көпшілік стиль. Ғылыми стильдің мазмұндық белгілері: нақтылық, объективтілік, қисындылық. Терминдер – ғылым мен техниканың, өнер мен саясаттың белгілі бір саласында қолданылатын нақты бір ұғымның атауын білдіретін сөз немесе сөз тіркесі. Терминдер салалық, салааралық және жалпы ғылыми болып қарастырылады. Ғылыми стильдің басты лексикалық ерекшелігі – терминдер. Ғылыми стиль — жазба стилінің бір түрі. Бұған казақ тілінде әр салада жазылған ғылыми шығармалар жатады. Ғылыми стильде зерттеу объектісі болатын — зат не құбылыс ғылыми негізде сипатталып, дәлелдеуді қажет етеді. Ал, пікір дұрыстығын дәлелдеу үшін мұнда логика заңына, яғни дұрыс ойлау заңына, сүйену қажет. Сондықтан, ғылыми стильде логиканың маңызы ерекше. Ғылыми шығармалар жалпы халықтық әдеби тілде жазылады. Бірақ тілдік тәсілдерді пайдалануда, оның өзінің ерекшелігі болады. Ғылыми стильдің лексикасындағы ерекшелік: сөз тек өзінің негізгі мағынасында жұмсалады. Сөздің көп мағыналылығы, образды сөздер мұнда аз кездеседі. Ғылым салаларының ерекшеліктеріне қарай әр саланың арнайы термин сөздері болады. Мысалы, тіл білімінде лингвистика, лексика, фразеология, семасиология т.б. физикада анод, вакуум, атом, атомдық салмақ, шама т. б. Сонымен бірге белгілі бір ғылымның саласында қолдану аясына байланысты жалпылама лексиканың кейбір сөздері термин сөзге айналады.Ғылым ылғи алга басып, дамып отыратыны белгілі. Ғылымның дамуымен бірге жаңа ұғымдар туып отырады. Оны белгілейтін жаңа сөз — неологизмдер — туады. Ғылымның белгілі бір саласында қолдану нәтижесінде пайда болған неологизмдердің өмірінің ұзақ, қысқа болуы ғылымның сол саласының өмірде алатын орнына, практикалық мәніне байланысты. Ғылыми стиль — ғылыми шығармалардың тілі мен жазылу түрін анықтайтын басты фактор. Ғылыми стильдің тілдік көріністері. Сөздер тура мағынасында қолданылып, дәл айтылады. Образды сөздер аз, термин сөздер көп кездеседі. Ой күрделі баяндалып, анықтама, дәлелдеме, формулаларға негізделеді. Ғылыми стильдің мақсаты — заттар мен құбылыстардың жалпы ерекшелігін ашып, мәлімет беру. Ғылыми стильді осы бағытта түсіндіре отырып, оқушылардың назарын төмендегі мәтіндерге аударуға болады. …Жер бетінің жазық, өте кішірейтілген бейнесін географиялық карта деп атайды, онда географиялық объектілер шартты белгілер арқылы көрсетіледі. Географиялық карталардың масштабы ұсақ болатындықтан, оларда жер бетіндегі ең ірі және маңызды нәрселер ғана, мысалы басты салалармен қоса үлкен өзендер, ірі қалалар, аса маңызды жолдар, бейнеленеді… Глобус — Жердің моделі. Жердің пішінін оның кішірейтілген моделі — шардан көруге болады. Шарды жер глобусы деп атайды. Оның бетінде құрлықтар, аралдар, мұхиттар мен теңіздер бейнеленген. Олардың кескіні мен орналасуы да жердің өзіндегідей, тек бірнеше миллион есе кішірейтілген. (Оқулықтан). Бастауыш — атау тұлғадағы зат есімнен, баяндауыш етістіктің тұйық райынан болғанда, бастауыш пен баяндауыштың арасына сызықша қойылады. Бастауыш — реттік мағына беретін тәуелдік тұлғалы есім сөздерден, ал баяндауышы атау не тәуелдік тұлғадағы есім сөздерден болғанда, олардың арасына сызықша қойылады. (Оқу құралынан). Осындай мысалдарды плакатқа күні бұрын жазып қойып, оқушылардың өздеріне дауыстап оқытып, олармен бірге ғылыми стильдің лексикасындағы ерекшеліктерді атаймыз: — сөздің негізгі мағынада жұмсалуы; — термин сөздердің көп қолданылуы; — ғылыми ұғымдардың дәл айтылуы; — ойдың дәл, нақты болуы; — образды сөздердің болмауы. Үзінділердегі терминдік сөздерді ауызша ататып, бұл сөздердің жалпыға бірдей түсінікті еместігі, осы бағыттағы мамандарға ғана түсінікті екендіктеріне көз жеткізгеннен кейін, бұл да ғылыми стильдің ең негізгі ерекшелігі екеніне баса назар аударамыз. Сыныпта төмендегі бағыт бойынша бірнеше ғылым салаларынан алған үзінді мәтіндерді оқушыларға салыстыра оқытқызып, ортақ белгілерін, ұқсастықтарын ататамыз. Батыс Азиядағы үшінші ұлы патшалық — Ассирия державасы күйрегеннен кейін бүкіл Қос өзен Вавилон патшасының қол астына қарады. Вавилон Азиядағы ең үлкен, ең атақты қала болды. Көпестер мұнда әлемнің түкпір -түкпірінен тауарлар әкеліп жатты. Берік дуалмен қоршалған қала алынбас қамалдай көрінді. Вавилон әскерлері Финикия қалаларын, Сирия мен Палестинаны басып алды. Қоршауға Иерусалим де төтеп бере алмады. Бір кезде Сүлеймен салдырған храм талқандалды, халқын тұтқындап, айдап әкетті. Вавилон патшалығы алдындағы Ассирияға жетеғабыл патшалық болды. Кіші Азия түбегінің батыс бөлігін Лидия патшалығы мекен етті. Кіші Азия өзендерінің құмайтты жағалауларынан алтын қиыршықтарын табуға болатын… Лидиядан шығысқа қарай үшінші ұлы патшалық — Мидия патшалығы жалғасып жатты. Оның жер аумағы үлкен болды. (Оқулықтан). Өсімдіктің өсуі — айқын байқалатын құбылыс. Ол клеткалардың көбеюіне және өсімдік құрамына кіретін заттардың қайта бөлініп, таралуына байланысты. Жарықта жасыл өсімдіктің өсуі, әдетте, оның салмағының өзгеруіне әкеп соғады. Өйткені жиналған органикалық заттардың мөлшері олардың тыныс алуына жұмсалған мөлшерінен асып кетеді. Қараңғыда өсімдіктердің өсуі, тыныс алуы органикалық заттардың жұмсалуы есебінен жүреді. (Оқулықтан). Мәтіндерді пайдалана отырып, оның негізгі ерекшеліктерін ажырата білуге үйретумен қатар, кейбір сөздердің ғылыми стильге байланысты синонимдерін ауыстырып, сөйлемдерді қайтадан құруға жаттықтырған жөн. Тапсырманы жетілдіре түсу мақсатымен ғылыми стильде берілген тақырып бойынша шағын мәтін жазу тапсырылып немесе кейбір мәтіндерді ғылыми стильге сай жөндеп жетілдіре алу жұмыстарын орындату баланың материалды жан-жақты меңгеруіне мүмкіндік береді. Оқушыларға стилистикалық тілдік белгілердің дұрыс қолдану нормасын, тілдік құралдарын тиімді пайдалана білудің мәнін ұғындыру бағытында мұғалімге бірнеше сабақ үлгілерін ұсынуды жөн көрдік. Сабақтың тақырыбы. Ауызекі сөйлеу стилі (оның ауызша, жазбаша формаларының өзіндік ерекшеліктерін таныту). Сабақтың мақсаты. Тілдің байланыс қызметін баса сезіндіру, сөйлеу стилінің қолданылатын орындары мен қолданылатын формаларын білдіру. Ауызекі сөйлеу стилінде жазылған мәтіндерді ажырата білу, талдай білу. Ауызекі сөйлеу стилінің тілдік құралдарын пайдалана отырып, соған байланысты мысалдарды келтіре алу. Сабақтың көрнекілігі. Сөйлеу тақырыбына сай тұрмыста көп жұмсалатын үйреншікті сөздер мен сөз тіркестерінің қолданылу түрлеріне жасалған кесте; М.Балакаев, Е.Жанпейісов т.б. «Қазақ тілінің стилистикасы» (қосымша әдебиет); магнитофон үнтаспасына жазылған, радиодан сөйленген сөз үлгісі. Сабақтың түрі. Жаңа білім беру сабағы. Сабақтың әдісі. Сұрақ-жауап, баяндау. Сабақтың барысы. Ұйымдастыру кезеңі. Жаңа материалды меңгертуге бағытталған жұмыс түрлері. Сөйлеу тілі — адамдардың күнделікті бір-бірімен қарым-қатынасқа түсетін құралы. Сөйлеу стилі белгілі бір тікелей жасалатын қатынас стилі болғандықтан, ол ауызекі сөйлеуге байланысты жүзеге асады. Ауызекі сөйлеудің өзіндік ерекшелігі — адамдар ойын еркін жеткізеді. Онда күнделікті өмірге байланысты мәселелер айтылады. Сондықтан күнделікті тұрмыста өздерің естіп, қолданып жүрген үйреншікті сөздер мен сөз тіркестері қолданылады. Ауызекі тілдесу кісілердің бетпе-бет қатысуы негізінде жүреді. Мына кестедегі сөйлеу тілі екі түрлі. Мысалдарға назар аударыңдар. — Денсаулығың қалай? — Жаман емес. — Не жаңалықтарың бар? Ауылға барып тұрасың ба? — Жақында өздері келген. (Сөйлеу тілінен) - Мылжыңдап барасың, антұрған. — Құдай ақы, рас. Біздің қатыннан құрт сүрап әкетті. (Ғ. Мұстафин) Сөйлеу стилінің өзіндік ерекшелігін жасайтын белгілі бір жағдайға байланысты сөйлеу мәнері бар екендігін байқап отырсыздар. Сөйлеу тілінің әртүрлілігімен қоса, олардың лексикалық құрамына назар аударыңдар. Жоғарғы диалогте лексикалық құрам қарапайым сөздерден тұрса, төменгі диалогте тұрпайы сөздерден тұрады. Сөйлеу стиліне, яғни сөйлеу тілі лексикасына тән сөздергеқарапайым сөздер, тұрпайы сөздер, диалектизмдер, кәсіби сөздер жататындығын айта келіп, оқушылардың назарын келесі кестеге аудару керек. Мысалдарды оқытып, диалекті және кәсіби сөздерді табу қажет. — Ояққа сондай жақсы атың барып жатса, бұяқта досың артып жатсын!… (М. Әуезов). - Мен бүгін сүген ұстадым. Аудың жалғыз көзіне сағалынан ғана ілініп түр екен. (Ә. Нүрпейісов) Күнделікті өмірдің барлық саласында сөйлеу тілі кеңінен қолданылатындықтан, ауызекі сөйлеу стилі бірнеше түрге бөлінеді: 1) дидарластық сөз (әңгімелесуі, сұхбаттасу); 2) полемикалық (пікірталас) сөз; 3) көпшілікке арналған сөз (баяндама, лекция). Ауызекі сөйлеу тілінің түрлеріне жеке-жеке түсініктеме берілген соң жаттығулар орындатылады. Сабақтың соңында радио мен теледидардан магнитофон үнтаспасынан жазылған ауызекі сөйлеу тілі үлгілерін оқушыларға тыңдата отырып, күнделікті тіршіліктегі ауызекі сөйлеу тілінен гөрі әдеби норманың сақталатындығы, тақырыбы әр түрлі болып келетіндігі талқыланады. Сабақ қорытындыланады. Сабақтың тақырыбы. Көркем әдебиет стилі. Сабақтың мақсаты: 1.Білімдік: көркем әдебиет стилі көркем сөз арқылы бейнеленетіндігін, басқа стильдерден өзіндік ерекшелігін таныту. Көркем шығармаларды ажырата білу. Көркем мәтінді тілдік құралдары мен стильдік ерекшелігі бойынша ажырату. 2.Тәрбиелік: оқушыларды өзінің ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыруға, оны құрметтеуге, байланыстырып сөйлеу мен сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға тәрбиелеу. 3. Дамытушылық: оқушылардың шығармашылық ойлау дағдысын, жоғары зияткерлік (интеллектуалдық) ой-өрісін дамыту. Ана тіліне қызығушылығын арттыру. Көрнекілік. Ақын-жазушылардың шығармалары (кітап бұрышы); кестелер, кодоскоп, магнитофон. Сабақтың түрі. Жаңа материалды меңгерту сабағы. Сабақтың әдіс-тәсілдері. Талдау, салыстыру. Сабақтың барысы. Ұйымдастыру кезеңі. Көркем әдебиет стилі — өмірді көркем сөз арқылы өрнектейтін өнердің бір түрі. Көркем шығармада тіл ерекше эстетикалық қызмет атқарады, сөздер сараланып қолданылып, стильдік мақсатта жұмсалады. Көркем шығармада жағымды және жағымсыз бейнелер кездеседі. Әрбір кейіпкердің сырт пішін; — портреті жасалып, іс-әрекеттері, өмірге өзіндік көзқарасы, ой өрісі суреттеліп, тіл ерекшеліктері қалыптасады. Оқиға болған күннің реті, жер жағдайы аталады. Мына кестедегі сөйлемдерді оқып, көркемдегіш құралдарды дәптерлеріңе жазып отырыңдар. Бірінші кестені оқып шыққан оқушы теңеулерді тауып, қалған оқушылар дәптерлеріне жазып алады. 1. Қызыл шырайлы келген жап-жас әйел. Сөзі мірдің оғындай. Болыстың бұрынғы хатшысы ұры иттей жылмыңдап, Бекбосынға бәйек болып жүр. (Б. Майлин). Екінші кестені оқып шыққан оқушы метонимияны тауып, оқушылар дәптерлеріне жазып алуы тиіс. 2. Теңіз астында найзағай көбейген, жарқылдау көбейген. Сол найзағайлар барлық ана балықтарға ұлы жорықтың бет алысын, жөнін сілтейді. (Ғ. Мүсірепов). Осы сияқты тапсырмалар үшінші және төртінші кестелерге де беріледі. Үшінші кестеден метафораны табу, ал төртінші кестеден жігіттің сыртқы портретін дәптерлеріне жазып алу тапсырылады. 3. Мал аласы сыртында, адам аласы ішінде. (Мақал) 4. Қоңқақ мұрынды қара сүр жүзі жаратпағанын білдіргендей, Ағыбай бұрынғыдан да сұхтана түсіп, шамданып қалды. Төмендегі үзінділер кодоскоптан оқылады. 5.Кеңгірбайдың зиратына барып тұрып, серт, уәдені сонда шешеміз. Бұнысы бір ант-серттей… Дәрмен өз ішінен Абай қабіріне қарап, үздіксіз ант-серт айтып отырғандай болды. (М. Әуезов) 6. Бір жағына бір кірпіштен соң бір кірпішті қойып, телмірген көздерден денесін жасыра бастады. Қалаға барып, ескі көздерді көрген соң, қыр есінен шығып кетті. (М. Әуезов) Бұл үзінділердегі көркемдегіш құралдарды да оқушылар дәптерлеріне жазып алады. 7.Көркем әдебиет стилінде басқа көркемдегіш құралдармен қатар, эпитеттер де болады. Төмендегі эпитеттерді қатыстыра отырып, яғни сыртқы портреттеуге арналған сөз тіркестерін пайдалана отырып, «Қобыланды батыр» жырындағы Құртқаға мінездеме жазу. Мінездемені бірнеше оқушыға оқытып, эпитет, мінездеме деген сөздерді әрі қарай дәптерлеріне жазу тапсырылады. Төмендегі сөз тіркестерінен қарапайым фразеологизмдерді бір бөлек, тұрпайы фразеологизмдерді бір бөлек жазыңдар. Итжанды; ит жоқта шошқа үреді; өзің білме, білгеннің тілін алма; сиыр су ішсе, бұзау мұз жалайды. Оқушылар бұл жұмысты орындап болғаннан кейін төмендегі литоталарды қатыстырып сөйлем құрайды. Бір тарының қауызына сыйғызу; иненің жасуындай; темір етік теңгедей, темір таяқ тебендей; тізе бүкпеу; бел жазбау; көз ілмеу; кірпік қақпау; дүниені бір уыс қылу. Оқушыларға оқыған кестелері мен орындаған тапсырмаларындағы көркем әдебиет стиліне тән ерекшеліктер мен көркемдегіш құралдың түрлерін оқыңдар деген тапсырма беріледі. 1. Теңеу (мірдің оғындай, ұры иттей). 2.Метонимия. 3. Мақал, метофора. 4. Жігіттің сыртқы портреті. 5. Синонимдік қатарлар. 6. Сөздердің көп мағыналылығы (телмірген көздер, ескі көздер). 7. Эпитеттер, мінездеме. 8. Фразеологизмдер. 9. Литоталар. Осылайша, образды сөздердің, троптың көптеген түрлері қамтылады. Көркем шығармаларға троптың бұдан басқа да түрлері, фигуралар қатысады. Яғни көркем әдебиет стилінің өзіне тән ерекшеліктері мынадай: 1. Образды сөздерді молынан пайдалану. 2. Экспрессивті-бояулы сөздер көп кездеседі. 3. Шығарма тартымды болуы үшін синонимдер, антонимдер көбірек қатысады. Қазақ көркем әдебиет стилінің қалыптасуына, дамуына қазақтың көрнекті ақын-жазушылары зор үлес қосты. Олар қазақ жазба әдебиетінің негізін салып, жанрларын қалыптастырды. Енді оқушылар әдеби шығармалардан алынған мәтіндермен жұмыс істейді. Жаңа сабақты қорытындылау. Қонақ үйлер дағды бойынша көп жеді… Ділдә келісімен ас жасалып, төр де, шымылдық іші де ас жеді. (М. Әуезов) Үзіндіні кестеден оқыған оқушыға стильдік талдау жасату. Оқушы сұрақ-жауап арқылы көркем әдебиет стилінің өзіне тән ерекшеліктерін атайды. Оқушылардың белсенділігі сабаққа ат салысуларына қарай бағаланады.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|