ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Сұрақ. Пассив лексика қабатына жататын тілдік бірліктердің стильдік қызметі.Пассив сөздер сирек пайдаланылатын, мән-мағынасын түсінгенмен, күн сайын қолданылмайтын сөздер. Мұндай сөздерге, көбінесе, ғылыми-техникалық атаулар және ескірген сөздер жатады. Пассив сөздерге көпшілік түсінгенмен, бірақ онша жиі қолдана бермейтін сөздер кіреді. Бұған әр ғылымның өзіне ғана тән тар көлемдегі терминдері, көнерген сөздер, тарихи сөздер, кәсіби сөздер кітаби лексикалар жатады. Актив сөздер мен пассив сөз-дердің шекарасы қатып қалған дүние емес, жылжымалы, өзгермелі депп түсіну қажет. Казақ тілінің лексикасы бұрынды-соңды тарихта болып көрмеген күшті қарқынмен дамып, жаца сөздермен толығып, кемелденіп байыды. Бұлар жаңа өндірістің, жаңа ауыл ша- руашылығының, жаңа системаның, жаңа мәдениеттің, жаңа моральдың, техника мен ғылымның дамуымен байланысты тасқындап енді. Ескі салт-сана, әдет-гұрыпқа қатысты, көнс құрылыс пен көне тұрмысқа байланысты бірқыдыру сөздер күнделікті қолданыстан шығып қалды. Сөйтіп сөздік құрамдағы пассив сөзге айналды. Мысалы: барымта, әмеңгер, дүре, калың мал, болыс малай, жалшы, шабарман, кебеже, ұлық, сәукеле, бесік қүда,ұрын келу, отқа салар т. б. Бұрын көп мағыналы болып келген кейбір сөздер қазір мағынасын тарылтьш, аз мағыналы сөзге айналған. Мәселен, бұрын ел билеген үстем тап өкілдерін жуандар, күштілер деп атаған еді Казір бұл сөздер ол мағыналарынан мүлдем қол үзді. Мәселен, ұлық, төре, мырза, атқамінер, қасқа менен жайсаңдар; деген сөздер бүрын ең қадірлі сөз болса, осы кезде бұл сөздер жағымсыз мән тудырып отыр. Қазір бүл сөздердің орнын халык, қалаулылары, халық сүйгсн кандидат, Еқбек Ері, еқбек озаты, басшылар, екпінділер деген толып жатқан жаңа сөздер басты. Сондай-ақ, нашар, буқара, кедей, шаруа дегендердің де стиль-дік_мәні өзгерді, жағымсыздан жагымдыға ауысты. Бір дәуірдегі жаңа сөз көнеге, көнесі жаңаға, аз мағыналы сөз көп мағыналыға актив сөз пассив, пассив сөз активке, бейнелі сөз қарапайым сөзге, жай сөз бейнеліге ауысып отыру заңдылығы әрбір тілдің сөздік күрамына тән нәрсе.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|