ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Сөз қолданудағы стильдік қателер.Стилистика тілдің қолдану заңдылықтарын зерттейтін ғылым болғандықтан, тілдік белгілердің дұрыс қолданылу нұсқасын көздейді. Тілдік құралдарды дұрыс, ұтымды қолдана білудің қоғамдық үлкен мәні бар. Тілдік белгілерді сұрыптап қолдану заңдылықтары әдетте айтылатын ойдың мазмұнына байланысты. Ойлау жұмысының нәтижесін тіл сөз арқылы бейнелейді. Ал сөз арқылы жеткізілетін ой мен оның мазмұнының арасында тығыз байланыстылық болады. Егер ой түсініксіз болса, онда ой да түсініксіз шығады. Стилистика әдеби нормадан ауытқымай, тілді тек дұрыс қолдануды үйретеді, әдеби тілдің стильдік сапасын көрсетеді. Мысалы: «Палеонтолог – мамандар бұл теңіз корольдары планетамыздың дамуындағы тас көмір дәуірінде болған деп топшылайды, бұдан үш жүз миллион жылдай бұрынғы ол кезде «дүние шатырының» қазіргі алып таулы аймағы орнында ұшы қиырына көз жетпейтін мұхит шалқып жатқан». Сөйлемді түсіну өте қиын. Айтылатын ойды сауатты жеткізе білмеу тек сөйлеушінің не жазушының жалпы мәдениетінің төмендігін ғана білдіріп қоймайды, түсіністікті қиындатады. Баяндау түрінде жазылған материалдарда қарапайым және жергілікті ерекшелік сипатындағы сөздерді қолдануға болмайды. Бірақ, стилистикалық бұл талап ескеріле бермейді: «Өсу, өрлеу жылдарының әперген жеңістерін көз алдыңнан тағы өткергің келеді». Мына бір хатқа зейін салсақ: «Айтпағыл көп ретте келіншектер от басында қалып қояды. Кейде күйеуінің бір мезгіл орынсыз ашуына киліксе үндемейді. Бірақ, әркім де өмірдегі, өз еншісіндегі қызықтан құр қалмауы керек емес пе? Тұрмысқа шыққасын тоқырау керекпе? Жоқ. Осыған орай әріптестерім, жас келіншектердің көңілін-дегілерін білгім келетінін де жасырмаймын». Хат қысқа жазылған. Мұнда автордың ойы түсініксіз, жас келіншектерді нендей игілікті, жақсы істерге шақыратындығын айқын, нақтылы жеткізе алмаған. «Күйеуінің бір мезгіл орынсыз ашуына киліксе үндемейді», «тұрмысқа шыққасын тоқырау керек пе?» дегендерді қалай түсінуге болады? Тілді бұлайша қолдану логикалық қате болып есептеледі. Сол сияқты сөйлеу тілі ыңғайында жұмсалатын «апай» сөзінің және ресми қатынаста қолданылатын «жолдас» сөзінің газетте қолданылуы да дұрыс емес. Сонымен қатар қалыптасқан сөздердің де талғамсыз қолданылуы да жиі кездеседі: «Олар сонау бір кездегі Қажымұқанның арманын іс жүзіне асырап келеді» т.б. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|