Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Сұрақ. Тілдік жүйе және нормалардың түрлері.




Жалпы норма туралы ұғым кең ұғым, өйткені бұған жалпы этикет, халақаралық қатынас нормалары туралы ұғымдар енеді. Норма деген ұғымға «тәртіп ережелері, белгілі реттілік» деген ұғымдар кіреді. Осы тұрғыдан келгенде, жалпы нормаларды қабылданып, қолданылатын орнына қарай әртүрлі типтерге бөлуге болады. Бұл мәселемен айналысып жүрген академик Рабиға Сыздық.

Норма тарихы көне замандардан басталады, сондықтан бүгінде қабылданған нормалар әртүрлі өркениет пен әртүрлі мәдениеттің өзара интеграциясынан туып дамыған. Даму барысында жинақталған нормалар жүйесі туады да, өзара синтезделген мәдениет нышандары нормаларды белгілейді. Жалпы әлемдік тарихта шығыс өркениеті мен батыс өркениеті деген шартты атауға ие болған өркениеттен туған мәдениет белгілі. Бұл екі мәдениеттің өзіндік нормаларының мазмұны ұқсас болғанымен, жекелей қарама-қайшылықтары бар. Біздің ұлтымыздың мәдениеті шығыс мәдениеттің бөлшегі, сондықтан біздің мәдениетіміз дала өркениетінен бастау алады. «бас аман болсын», «қуған жетпес, бұйырған кетпес» осы тектес лингвомәдени бірліктер қазақ ұлтына тән мәдени нормаларына куә. Жаһандану үдерісі жалпы нормаларды өзгеріске түсіргенде жалпы нормалардың құрамына енетін тілдік нормаларда өзгеріске ұшырай бастайтыны түсінікті. Мәселен, көне Рим әскерлері шалбар дегенді білмей, қысқа қылышпен соғысып жүрдіде, сөйтіп ат мінген «ат – адамнан» күйрей жеңілгені тарихтан мәлім. Көшпелі хундар Рим империясын үш рет талқандайды, осының нәтижесінде көшпелі мәдениеттің ықпалынан Римдіктер шалбар кие бастағаны белгілі.

Норма болу үшін, оны қоғам тарапынан бағалау үдерісі жүру керек. Бүгінде жалпы нормаларды типіне қарай былай бөлеміз: ұлттық, халықаралық, мәдени, тілдік, құқықтық нормалар.

Тілдік нормалар кез келген тілдің бекітілген сөйлеу және жазу нормаларының жүйесі. Ұлттық нормаларға әр ұлтқа тән мінез, қимыл, іс-әрекет жүйесі жатады. Халықаралық нормаларға көптеген мемлекеттер өзара келісім бойынша қабылдаған ережелер жатады. Мәдени нормаларға жалпы әлемде қабылданған этикет нормалары жатады. Құқықтық нормалар кез келген елде заңнамалық актілермен қабылданған нормалар жүйесі.

Тілдік норма – кең мазмұнды ұғым, себебі оған өз даму тарихында бойына жинаған барлық байлығын жинаған тілдің қабылданған басты ұстанымдары енеді.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных