Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Сұрақ. Ауызекі сөйлеу стилі,оның өзіндік тілдік ерекшеліктері.




Ауызекі сөйлеу тілі адамдардың бір бірімен күнделікті қатынасында пайдаланылады.Сондықтан, онда тілдің комуникативтік функциясы баса сезіледі. Ауызекі тіл, ауызекі сөйлеу — адамдардың тіл арқылы қарым-қатынас жасауының бір түрі. Ауызекі тілдің басты ерекшелігі — сөйлеудің алдын ала дайындықсыз, тікелей қарым-қатынас жасау барысында жүзеге асатындығы. Тіл білімінде ауызекі тілді функционалдық стильдердің бір түрі ретінде қарастырады. Басқа стильден оның біршама өзгешеліктері бар. Мұнда тіл мәдениетін қатаң сақтауға талап қою дұрыс бола бермейді. Негізгі мақсаты тікелей және тез хабар беріп, хабар алу болғандықтан ауызекі тілде әдеби тілдің нормасынан тыс сөздер мен сөз тіркестері — варваризмдер, кәсіби сөздер, жаргондар, диалектілер т.б. кездесуі әбден мүмкін. Бұл ауызекі тілдің заңдылығын бұзу болып есептелінбейді. Ауызекі тілдің тағы бір ерекшелігі — әңгіме тақырыбының тез өзгеріп отыратындығы (екі адам ауа райы туралы сөйлесіп тұрып, күтпеген жерден өндіріс мәселесін сөз етуі мүмкін). Тілдегі экспрессивті, эмоциональдық қасиеттер көп жағдайда ауызекі тілде байқалады. Ауызекі тілде тілдік (линвистикалық) факторлармен қоса, тілден тысқары факторлардың (экстралингвистикалық) да жарыса пайдаланылуы осы стильдің өзіндік ерекшелігі болып табылады (сөз болып отырған оқиға тыңдаушысына түсінікті болса да,

бет пішінінің, қолының қозғалыстары, дауысты көтере немесе сыбырлай сөйлеуі т.б.). Экспрессия және ықшамдылық үшін ауызекі тіл сөздерді өзгеше жұмсайды, ерекше синтаксистік бірліктер (сөз тіркестер мен сөйлемдер) құрайды. Ауызекі тілдің тек өзіне тән сөздік қоры болады, ол екпінге, сөйлемдегі мағынаға көбірек сүйенеді. Ауызекі тілді жалпыхалықтық тілдің бір түрі ретіндегі сөйлеу тілінен ажырата білудің елеулі мәні бар. Сөйлеудің ауызша түрі функционалдық стильдердің барлығында (сахнадан немесе радио мен теледидардан көркем шығармадан үзіндінің оқылуы, публицистикалық материалдың ауызша берілуі) кездеседі.

Ерекшеліктері:

а) ауызекі сөйлеу стилі диалогқа құрылады. Қатысушы екі адам. Интонация ерекше қызмет атқарады. Сөйлеу тілінің тағы бір ерекшеліті монолог (бір кісінің сөзі көпшілік алдында сөйлеу, баяндама, дәріс, консультация);

ә) Ауызекі сөйлеу стилі ерекшеліктерінің екінші түрі онын эмоциялылығы, өйткені айтушы өз эмоциясын сол сөздің аясына сыйғызуға тырысады. Мыс., "Көбірек сөйлеп кетті" (бәсендеу түрі, бірақ эмоция сезіледі), "Мылжыңдап кеттің ғой!" (эмоцияның катан түрі);

б) Ауызекі сөйлеу стилі әдеби кейіпкердің сөйлеу ерекшелігі мен мінезін таныту үшін ол өмір сүрген ортадағы жергілікті диалект сөздерді стильдік мақсатта әдеби қолданады;

в) Ауызекі сөйлеу стилінде қыстырма, қаратпа, одағай сөздер жиі қолданылады. Мыс., "Айналайын-ау, сені түсінеді деп айтып отырмын". Сондай-ақ, сыйлау, құрметтеу, кішірейту, еркелету амал-тәсілдері көбірек пайдаланылады;

г) Ауызекі сөйлеу стилі тілдің көркемдегіш бейнелеуші тәсілдері де қолданылады (теңеу, эпитет, гипербола). Мыс., "Өгіздей біреу алдымнан шыға келді";

д) Ауызекі сөйлеу стилі басқа стильдерден өзгешелігі мен ерекшелігі, ең алдымен синтаксистен сөйлем құрылысынан байқалады. Стильдің бул түрінде сұраулы, лепті сөйлемдер катысады. Диалогке құрылады. Ауызекі сөйлеу тілінің стилі ой көбіне автоматты түрде (аяқастынан) дайындықсыз айтылады.

 

53-сұрақ. Ауызекі сөйлеу стилінің нормаға бағынбауы, бұзылу жақтарын ашып көрсетіңіз.

Ауызекі сөйлеу стилі тұрмыстық, тілдік қатынаста қолданылады. Оның басты ерекшелігі еркін түрде хабар беруде жатыр. Ауызекі сөйлеу стилінде адресант пен адресат арасындағы тілдік қатынас басты болады, Сондықтан үнемдеу заңы басты қызыметке ие болады. Әлкебаева ауызекі сөйлеу стилінің мынадай тілдік белгілерін көрсетеді: бейресмейлік, сөйлеудің еркіндігі, сөйлеу қарым-қатынасының экспрессивтігі, тілдік тәсілдерді сұрыптаудың қажетсіздігі, сөйлеудің автоматтығы, сөйлеудің мазмұны: диалогтық форма мен қарапайымдылық. Басқа тілдің экспансиясына алдымен ұшырайтын ауызекі сөйлеу стилі болғандықтан, онда тілдік нормалар сақталынбай, сөйлеу мәдениеті бұзыла бастайды. Оның үстіне, үнемдеу заңыда ауызекі сөйлеу стиліндегі нормаларды бұзады. Мәселен: магнитофон – мафон, университет – универ, дене тәрбиесі – дене, математика – матем. Тіл мәдениетін бұзатын сленг, жаргон, диалекті, кірме лексика алдымен осы стилде қолданылып барып, басқа стилдерге өте бастайды. Тілдік нормаға жатпайтын қолданыстар құдды бір жұқпалы вирус сияқты тілдің жоғары не сыртқы қабатын құрайтын ауызекі сөйлеу стилі арқылы ішкі стилдерге енеді де лексикалақ құрамда тұрақтала бастайды. Осы кезде тілдік нормалардың бұзылуы жүреді де өскелең ұрпақ бұл қолданыстарды норма сияқты қабылдап, қолдана бастайды. Тілші ғалымдар бұған қарсы күресті тоқтатпастан жүйелі түрде жүргізіп отырса ғана жақсы нәтижеге жетуге болады. Мәселен, М.Дулатов алғашқы шығармаларында араб – парсы сөздерін жиі қолданғанда, соңынан А.Байтұрсыновтың ықпалымен ол сөздерді күрт азайтқан. Сол кезде татар, башқұрт тілдерінде кірме сөздер көптеп қолданылатын, ал сы жағдай қазақ тілінде де орын алған еді. А.Байтұрсыновтың қажырлы еңбегінің арқасында бұндай кірме сөздер қазақ тілінде азайтылған болатын, ал татар башқұрт тілдері тазартылмай сол күйінде қалып қойдыда, бүгінде кірме лексика ол тілдерде тұрақталып кетті.

Ахаң тілге кіріссе, Мағжан педагогика тілін, Жүсіпбек психология тілін, Әлімхан Ермеков математика тілін қазақшалады. Бүгіндегі ауызекі стилдегі орыс сөздерінің көптеп қолданылуы кеңестік дәуірдегі саясаттың әсерінен болып отыр, сондықтан орыс тілінен енген сөздерді азайту, қолданбау тілдік норманы сақтау деген сөз. Сөйлеу мәдениеті алғаш байқалатын ауызекі сөйлеу стилін тілдік нормаларға сай дамыту, әр қазақтың борышы деп есептейміз.

 

54-сұрақ. Эмоционалды – экспрессивті сөздердің көркем әдебиет стилінде қолданылуы.

Тіліміздегі сөздер өздерінің экспрессивтілігі жағынан да әртүрлі. Демек экспрессивтік сапа белгілі бір сөздерден ғана байқалады. Мысалы, адам, көл, тау, көтеру, отын тәрізді бір топ сөзді қылпың, төпелеу, тыраю, пысықай дегендермен өзара салыстырсақ, өздерінің көркемдік бейнелілігі, эстетикалық әсерлілігі тұрғысынан бұлардың екі сала екенін оңай аңғаруға болады. Мысалы: соңғы топтағылар ғана экспрессивті сөздер. Бұлар көбінесе көркем әдебиет, сөйлеу, публицистикалық стилдерде жиі жұмсалады. Экспрессивтік бояу жеке сөздергеде, фразеологиялық орамдарғада сөз формаларында да синтаксистік конструкциялардың қай-қайсысынада тән. Экспрессивтік бояу әдетте екі тұрғыда сөз етілуі тиіс. Біріншіден, лексикалық мағынасы әуелден экспрессияға биім тұратын сөздер, екіншіден, қолдану процесінде жүре келе экспрессивтік бояу алатын есімдер мен етістіктер. Экспрессивтік сөз қолдану тәсілі сөз байлықты ғана емес, сондай-ақ материалды көркемдік мақсатқа сай қаншалықты дәл іріктеп алуымен байланысты. Сөздің мұндай қызметі көркем әдебиет стилінде барынша ерекшелене түседі. Мысалы: қызыл Құлжаны қымқырып алып, өз үйіне қарай жөнеле берген болатын.

Экспрессивтік бояу кейбір көне құбылыстан да айқын сезіледі. Мысалы: баяу зат есімі көркем әдебиет стилінде кейде көне бояқ формасында қолданылады. Дағдылы ауызекі тілде, кекесінді, юморлық ыңғайда кейбір адам жөнінде сөлпекбай немесе бөспебай депте өзара айтылады. Мұндағы экспрессивтік бояу Сарсенбай, Мұратбай тәрізді кісі аттарының ізімен жасалып тұр. Экспрессивтік бояу кез келген көркем шығарма тілінен бәрі бірдей байқала бермейді. Себебі, бұл әрбір автордың тіл шеберлігіне, әрбір шығарманың жазылу стилімен тікелей байланысты.

55- сұрақ. Қазақ ғылыми стилінің қалыптасуы және терминденуі мәселесі.

Ғылыми стиль қазақ тілінде енді ғана қарқынды даму үстінде, себебі тілшілер қазақ тілін ғылым тіліне айналдыру үшін қыруар жұмыстар атқаруда. Ғылыми стилдің дамуы баяу болғанымен, тілдік нормаларға тәуелділігі тез байқалады. Басты ерекшелігі мұнда пассив лексикадан терминдер көптеп қолданылғанымен диалектілер мүлде қолданылмайды. Ғылыми стилде қатаң құрлымдық жүйе болады, яғни мәтін адресаттың мәтінді адресантқа жолдауы. Басқаша айтқанда, ғалымның қауымға ғылыми еңбегін жолдауы. Ғылыми стиль мәтіндерден көрінеді, сондықтан мәтін көркем әдебиет стилі ғана емес, ғылыми стильдіңде орын алар жері. Мәтіндегі қатаң құрылым кіріспе, мақсат, міндет, бағалау, қорытудан тұрады. Әлкебаева былай деді: «Ғылыми стильде сөз әлемі өзінің сан алуан мағынасы мен жұмсалу ретіне қарай қисыны, дәлдігі, анықтығы, терминдік атаулық мағынасымен ерекше көзге түседі. Ғылыми мәтіндегі лексикалық нормалар ғана емес грамматикалық және синтаксистік нормалар бүгінгі қазақ ұлттық ғылым тілін жасауда өзінің даму, өзгеру, толығу, жетілу процесінде ғылыми стильдің стилистикалық нормасының басты талаптарын орындайды. Ғылыми стильде ғылыми терминдердің мол қолданылатындығы, сөйлемнің анық, түснікті болуы ғылыми жазбалардың стильдік белгілері болса мұнда да жалпы тілдің ортақ нормаларымен қатар ғылыми стильдің стилистикалық нормалары тұрақтанады. Ғылыми стильде нормадан тыс тұратын сөздер қолданылмайды, морфологиялық тұлғалардың да жалпы тілдік грамматикалық варианттары жұмсалады. Сөйлем құрлысыда тілдік норманың қатаң тәртібін сақтайды».

56-сұрақ. Актив сөздер, пассив сөздер, олардың стильдік қызметі.

Актив сөздерге осы тілде сөйлейтін адамдар тек түсініп қана қоймай, өзінің сөйлеген сөзінде жиі қолдана білетін сөздер жатады. Демек, актив сөздер осы тілде сөйлейтін адамдардың бәріне ортақ болып табылады. Бұған күнделікті өмірде өзіміз айтып әрі естіп жүрген таныс сөздердің бәрін жатқызуға болады. Кеңес үкіметі жылдарында қазақ тілінің сөздік құрамында өзгерістер болды. Қазақ лексикасы жаңа сөздермен толығып байыды. Бұлар өндіріс, ауыл шаруашылығы, техника мен ғылым салаларындағы жаңалықтармен байланысты еді. Соның нәтижесінде неологизм, терминология салалары пайда болды. Пассив сөздерге көпшілік түсінгенімен, бірақ онша жиі қолдана бермейтін сөздер кіреді. Бұған әр ғылымның өзіне ғана тән тар көлемдегі терминдері, көнерген сөздер, тарихи сөздер, кәсіби сөздер, кітаби лексикалар жатады. Ескі салт-сана әдет-ғұрыпқа қатысты, көне құрлыс жүйесіне бір қатар сөздер күнделікті қолданыстан шығып қалды. Сөйтіп сөздік құрамдағы пассив сөзге айналды. Актив сөздер мен пассив сөздердің шекарасы қатып қалған дүние емес, жылжымалы, өзгермелі деп түсіну қажет. Актив сөздердің мол болуы адамның сөйлеу әрекетіне, айналысқан кәсібіне байланысты. Егер ересек адамдардың актив сөздері орта есеппен 6000-7000дай болып келсе, жазушылар мен ақындардың, ғалымдардың актив сөздері 10000-13000 ға жетеді. Мәселен, Шекспирдің актив сөздері 12000 дай болған.

 

57.Ресми іс-қағаздар стильі, ерекшеліктері,зерттелуі.

Ресми стиль — ресми қатынастар аясында қызмет ететін стильдің бірі. Ресми құжаттар мен іс қағаздарының стилі деп те аталады. Ресми стильге тілдік тұрғыдан төмендегідей талаптар қойылады:1.түйіндеменің дәлдігі немесе бір мағыналылығы;2.айқындық немесе жүйелілік;3.логикалық, яғни қайшылықтың болмауы, дәлелділігі;4.баяндаудың ықшамдылығы, артық сөздің болмауы.Лингвистиканың салалық тұрғысынан да мәтінге қойылатын талаптар болады.

· Лексикада — ресми құжаттар мен іс-қағаздарына тікелей қатысы бар сөздерді орнымен қолдану, көнерген сөздерді бейтарап, кітаби немесе әдеби сөздермен алмастыру;

· морфологияда — жалпылық мағына беретін сілтеу өсімдіктерін қолданбау;

· синтаксисте — сабақтас құрмалас сөйлемдердің (себеп, мақсат, салдар, шарт бағыныңқылы) көбірек жұмсалуына мүмкіндік беру;

· қыстырма конструкцияларды қолдануды дағдыға айналдырмау сияқты принциптердің сақталуы бұл стильдің ерекшелігін айқындай түседі.Ресми стильдің шағын үш түрі бар: кеңсе (іс-қағаздары, қ. Кеңсе тілі); дипломат. және заң Ресми стильдері.

· Кеңселік іс қағаздар тілінің ерекшеліктері мәселесін талдамас бұрын, ең алдымен оның тілдік тұрғыдан басты деңгейі мен жүйесін нақтылап алған жөн. Бұл ретте, аталған тілдік мәселелерге қатысты жиі қолданылатын термин – ресми-іскерлік стиль деп аталады. Ресми-іскерлік стиль деп ресми қатынастар, басқару мен құқықтық қарым-қатынастар салаларында қолданылатын сөйлеудің тілдесім ортасы, тілдің функционалды стилі аталады. Аталмыш салаға халықаралық қатынастар, заңнамалық құжаттамалар, экономика; әскери салаға қатысты құжаттар, жарнама, ресми мекемелердегі тілдесім, үкімет қызметі және т.б. жатқызылады.
Оның негізгі кішірігім стильдеріне мыналардың қатысы бар:
- заңнамалық (мемлекеттің басқару саласында қолданылады);
- әкімшілік-кеңселік (мекеме құжаттары мен жеке іскери қағаздардың жүргізілуі);
- дипломатиялық (үкімет пен дипломаттар арасындағы қатынастардың халықаралық деңгейдегі сипаты).

· Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігінде оған төмендегідей анықтама келтірілген: «Ресми тіл (лат. officialis) (лауазымды) – белгілі бір территорияда мемлекеттік заңдар, қаулы-қарарлар мен іс-қағаздарында қолданылатын құқықтық мәртебесі бар тіл. Ресми тіл мәселесінің шешілуі барлық елдерде бірдей емес. Көп ұлтты мемлекеттердің (Үндістан, Канада, Швейцария т.б.) конституцияларында қай тілге ресми тіл мәртебесі берілетіні көрсетіліп отырады. Кейбір мемлекеттерде (Азия, Африка елдерінде) жергілікті ұлттық тілмен қатар бұрынғы метрополия тілдері (ағылшын, француз, испан т.б.) ресми тіл болып қабылданған. Кейбір мемлекеттерде (Ресейде т.б.) ресми тіл мен мемлекеттік тіл ұғымдары бір-бірімен сәйкес келіп, ауысып қолданыла береді. Бірақ оларды бірдей деп қарауға болмайды. Мемлекеттік тіл – қоғамдық, саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдениеттік т.б. салаларда кең қолданылатын тіл. Ал ресми тіл қолданылу аясы негізінен ресми қатынастар шегінен аспайды. Қазақстан Республикасы Конституциясында қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ресми тіл болып қабылданған. 1997 ж. 11 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңның 5-бабында мемлекеттік ұйымдар мен өзін-өзі басқаратын жергілікті органдарда қазақ тілімен қатар орыс тілі ресми қолданылатыны айтылған. Қазақстанда құжаттар қазақ тілінде де, орыс тілінде де жүргізіледі» [1, 263-264 бб.].
Ал, «ресми-іскерлік стилі» термині «функционалдық стильдер» қатарында қарастырылып, оған мынадай анықтама берілген: «Функционалдық стильдер – белгілі бір елеулі әлеуметтік салада адамдардың қоғамдық-сөйлеу тәжірибесі нәтижесінде қалыптасқан әдеби тілдің түрі. Функционалдық стильдің тууы тілдің қызметімен, атап айтқанда, оның қарым-қатынас жасаудағы, бір нәрсе жайында хабарлаудағы және адамдардың санасына ықпал етудегі қызметімен және осы қызметтің үнемі кеңейіп отыруымен байланысты. Бұдан басқа функционалдық стильдің тууына қоғамдық сана, әлеуметтік қарым-қатынас, өндірістер сияқты тілден тыс факторлар әсер ететін мемлекеттік орындарда, ресми не жеке адамдардың сөздері (автор сөзі) мен олардың тыңдаушылары арасындағы қарым-қатынас та маңызды рөл атқарады. Функционалдық стиль тіл дамуының әр дәуірінде әлеуметтік, тарихи сипаты өзгеріп отыратын категория болып табылады. Функционалдық стиль ауызша және жазбаша түрде дамиды, оның ерекшеліктері лексика, фразеология, сөзжасам, грамматика, фонетика салаларынан, эмоционалды-экспрессивті сөздерден көрінеді.
Осы күнгі әдеби тілдердің көпшілігінде: күнделікті-әдеби, публицистикалық, ресми-іскерлік, өндірістік-техникалық, көркем әдебиет және ғылыми функционалдық стильдер қалыптасқан. Күнделікті-әдеби стиль – күнделікті бейресми қарым-қатынаста кең қолданылатын және әдеби тілдің «бейтарап» түрі болып табылатын сөз қолданыс қызметін; публицистикалық стиль – қоғамдық, саяси өмірмен байланысты адамдардың санасына ықпал ету мақсатындағы сөз қолданыс қызметін; ресми-іскерлік стиль – құжаттар мен экономика, құқық, дипломатия салаларындағы, мемлекеттік орындардағы қарым-қатынас қызметін; өндірістік-техникалық стиль – өндіріс, техника саласындағы сөз қолданыс қызметін; көркем әдебиет стилі – көркем әдебиетте (проза, поэзия, драмматургия) сөз қолданыс қызметін; ғылыми стиль – ғылым салаларында сөз қолданыс қызметін атқарады...» [1, 390-391 бб.].
Тілдің кітаби стильдерінің ішінде ресми-іскерлік стиль басқалардан өзінің тұрақтылығы мен тар шеңберлі қолданыс ерекшелігімен сипатталады. Әрине, уақыт өте мазмұн сипатына орай ол өзгерістерге ұшырап отырады, алайда оның көптеген белгілері, тарихи тұрғыдан қалыптасқан жанрлар түрлері, ерекше лексикасы мен фразеологиясы, синтаксистік құрылымдары, жалпы оған консервативтік мәнде өзгешеленуін айқындайды.
Кез келген әдеби тіл дамуының ішкі заңдылықтары, ең алдымен оның мынадай салаларынан көрініс табады: сөздік қордың толығуы, яғни сөзжасам, синтаксис және семантика. Осы тұрғыдан алғанда, әрбір тілдің ұлттық сипатта қалыптасуы тілдегі өзгерістермен байланысты. Бұл саладағы өзгерістер сөз мағынасының, құрылымының, қызметінің өзгеруімен сипатталады. Сөз мағынасының өзгеруі мен жаңа сөз орамдары, терминдердің пайда болу себептерін тіл мамандары екі факторға негіздеп қарастырады: біріншісі – экстралингвистикалық фактор, бұл фактор қоғамда, саяси, мәдени т.б. өзгерістерге байланысты жаңа атаулар мен сөздердің қалыптасуына әсер етеді. Екінші фактор – лингвистикалық деп аталады, яғни тілдегі бұрыннан бар сөздер мен атаулардың уақыт өте мағынасы өзгеріп басқа қызметке жұмсалуы болып табылады.
Белгілі бір ұлттың қоғамдық-саяси, мәдени өмірінде болып жатқан өзгерістердің барлығы ресми тілде де көрініс табады. Тілдің даму тарихын халық өмірінде болған өзгерістермен байланыстырып қарау қазіргі тіл білімінің негізгі зерттеу ұстанымы болып табылады. Сол себепті біз ресми тілді қоғам өміріндегі өзгерістермен тікелей байланыста қарастырамыз. Өйткені қоғам қашанда қозғалысқа, өзгеріске, дамуға бейім тұрады. Осыған орай тіл де дамиды.
Кез келген тілдің кәсіби, ресми тілінің лексикасы, оның даму жолдары, қалыптасуы жан-жақты зерттеуді талап етеді. Өткен ғасырлардан бастап қазіргі заманға дейінгі аталмыш лексикалық топ атаулары қалыптасуының ерекшеліктерін зерттеу тіл дамуындағы сыртқы және ішкі факторларының өзара әрекеттестігінің нәтижесінде туындайтын аталым тетігінің жалпы заңдылықтарын айқындауға мүмкіндік береді. Тіл білімі ғылымында қалыптасқан көзқарас бойынша қай тілдің болсын лексикасының дамуы сыртқы факторлардың әрекеттерімен бірге тілдің ішкі үрдістерімен анықталады. Бұл үрдістер тілдің дамуының екі қырын сипаттайды: бір жағынан, тұрақтылық үрдісі, екінші жағынан, экспрессивтілік үрдісі. Осы аталған үрдістер тілдік жүйенің түрлі деңгейлерінде бір-бірімен күрделі өзара әрекеттестікте болып, басқа да категориялармен өзара байланысқа түседі. Мысалы, мұндай категориялар қатарына мыналарды жатқызуға болады: дәстүр, тілдік бедел, әдеби норма, әдеби стандарт.
Ресми-іскерлік стильдің ең басты белгісі ретінде оның көптеген сөйлеу стандарттары, яғни клишелері қабылданады. Егерде басқа стильдер үшін шаблонды құрылымдар стилистикалық жетіспеушілік болып саналса, ресми-іскерлік стиль үшін олар қалыпты, қажетті құбылыс ретінде қабылданады. Іскерлік құжаттардың басым көпшілігі материал берілуі мен баяндау формаларының жалпы қалыптасқан түрін айқындайды. Ал бұл өз кезегінде, оларды қолдану тәсілінің жеңіл әрі қарапайым болуын қамтамасыз етеді. Мәселен, іскерлік тәжірибесінің кейбір жағдайларында олардың тек толтырылуын қажет ететін дайын бланкілер қолданылады. Оның үстіне конверттердің өзін белгілі бір тәртіпте ғана толтыру қажет. Бұл сол конвертті толтыру үшін де, пошта қызметкерлері үшін де өте тиімді болып саналады. Сол себепті де кез келген сөйлеу клишелері іскерлік коммуникацияның жылдам жүзеге асуы мен жеңіл жүргізілуіне ықпал етіп, олардың құжаттарда орын алуы заңды болып табылады.
Жалпы алғанда, ресми-іскерлік стиль – бұл түрлі құжаттардың стилі: халықаралық келісімшарттар, мемлекеттік актілер, заңдар, үкімдер, жарғылар, нұсқаулықтар, қызметтік хаттар, іскери қағаздар және т.б. Ресми-іскерлік стиль өзінің түрлі жанрлары мен мазмұндарына қарамастан, барлығына бірдей бірнеше ортақ белгілермен сипатталады. Олар:
- тілдік құралдардың үнемді пайдаланылуы, ықшамдылық, шағындылық;
- материалдың стандартты орналастырылуы, белгілі бір форма болуының міндеттілігі (жеке куәлігі, түрлі дипломдар, туу және неке туралы куәліктері, ақшаға байланысты құжаттар және т.б.);
- терминологияның, атаулардың (заң, дипломатия, әскери, әкімшілік және т.б. терминология) кеңінен қолданылуы, ерекше лексика мен фразеология (ресми, кеңселік) қорының болуы, қысқарған сөздер мен аббревиатуралардың мәтінге алынуы;
- ерекше грамматикалық құрылысын, түрлі тұрақты сөз тіркестерінің қолданылуы;
- түрлі аталымдық сөйлемдердің санамалау негізінде пайдаланылуы;
- бір фактілердің басқаларға қисынды тәуелділігін айқындайтын күрделі сөйлемдерді қолдану үрдісі;
- эмоционалды-экспрессивті сөйлеу тәсілдерінің толық немесе мүлдем болмауы;
- стильдің төмен индивидуалдануы.
Жоғарыда келтірілген аталған стильдің ерекшелігі ретінде терминологияның басым қолданылуы атап көрсетілген, яғни терминологиялық бірліктер бұл стильдің ең бір маңызды айрықша сипаты қатарына жатқызылады. Ал, ғылыми дәстүр бойынша, қазақ терминологиясының даму кезеңдері үшке бөлінеді:
І кезең – «Қазақ терминологиясының қазан төңкерісіне дейінгі және кейінгі кезеңі (1910-1935 ж.ж.);
ІІ кезең – Қазақ терминологиясының терминдер қалыптастырудағы жалпыкеңестік кезеңі (1935–1990 ж.ж.);
ІІI кезең – Тәуелсіз Қазақстан терминологиясы дамуының бағыт-бағдарын айқындау кезеңі (1990 жылдан бергі уақыт).
Осы мәселеге байланысты профессор Б. Әбілқасымов былай деп жазады: «1808 жылы жазылған бір құжат «Билет уа йахуд бүтүкнама» деп аталыпты. Бұл құжат Орынбордың коменданты полковник Тарарикин атынан Жайық өзенінің ішкі Бөкей Ордасына жаз жайлау үшін өткен адамдарға берілген рұқсат қағаз болғанға ұқсайды. Бұл құжат тілдік жағынан өте ауыр, түсініксіз. Оның басты себебі, лексикасының басым көпшілігі – араб және парсы сөздері. Мәтіндегі 225 сөздің 113-і, яғни тең жартысынан артығы – араб және парсы сөздері. Түркі немесе қазақ сөздерінің саны 70-тей яғни 30-35%, қалған 15 пайыздайы орыс сөздері мен ономастикалық атаулардың үлесіне тиеді. Араб және парсы сөздерінің ішінде сөйлеу тілінде айтылмайтын кәндір, ғалишан, мужиб, бинан, азуланмиш, т.б. тәрізді лексемалар мен дахил уа малақат, ғалиасиаға муафих сияқты сөз тіркестері ұшырайды» [2, 31-32 бб.].
Термин ғылым мен техниканың, ресми құжаттар тілі екенін ескерсек, қазақ топырағында ғылыми ой-пікірдің, ресми тіл өрбуін зерттеушілер XIX ғасырдың екінші жартысынан бастайды. Ғылым туралы тұңғыш деректер мен ғылыми мақалалар алғашқы қазақ газеттері – «Түркістан уалаяты газеті» (1870) мен «Дала уалаяты газеті» (1888) беттерінде жарияланған.
Профессор Б. Әбілқасымовтың «Алғашқы қазақ газеттерінің тілі» атты еңбегінде: «... бұл газеттердегі ғылыми мақалалардың көбі сол кездегі ғылыми экспедиция материалдары, солардың жұмысы туралы есеп не солар жайында хабар болып келеді. Сонымен бірге тіл, әдебиет, тарих этнографияға қатысты мақалалар да жарияланып отырған. Бұларда кездесетін ғылыми ұғымдарды газет қазақ ұғымында бұрыннан бар сөздер арқылы түсіндірмек жолымен аударып беруге тырысқан, кей кездерде сол терминдік мағынадағы орыс сөздерінің өзін қалдырып та отырған» [3, 19-20 бб.].
Газет тіліндегі терминдер ретінде қолданылған кірме сөздер жөнінде осы еңбегінде Б. Әбілқасымов: ««Түркістан уалаяты» газетінің тілінде араб-парсы сөздері өте сирек кездеседі, кездескенінің өзі о бастағы тұлғасын мүлде өзгерткен, халықтың ауызекі тілінде қолданылып кеткендері ғана. Ал «Дала уалаяты газеті» шыға бастаған ХIХ ғасырдың 80 – жылдары араб-парсы сөздерінің кіру қарқынының мүлде әлсіреп, тіпті тоқталған кезі болатын. Газет сол кездегі халық ұғымына әбден сіңіп, оның қажетіне асып жүрген араб-парсы сөздерін батыл қолданады», - деп жазады [3, 19-20 бб.]]. Бұл баспасөз тілін жан-жақты зерттеп, даму жолдарын арнайы сөз еткен құнды еңбектен шығыс тілдерінен енген терминологиялық сөздер жайында едәуір мағлұмат аламыз.
Сонымен бірге бұл кезең – терминжасам, ресми тіл қалыптасу үдерісінің бастапқы кезеңі болуымен де қазақ тіл білімі тарихында айрықша орын алады. Сол тұста терминжасамда негізінен тіліміздің бар байлығын сарқа пайдалану бағыты, терминдерді «қазақиландыру» бағыты басым болды. Дегенмен бұл кезде газет-журналдарда қазақ мәдениетінің мәселелері көтеріліп, орфография, орфоэпия салаларына да көңіл бөліне бастайды. Сол кездің өзінде баспасөз материалдарынан көптеген интернационалдық терминдердің қазақша баламалары жасалып, орыс сөздерінің қазақша нұсқалары қолданысқа ене бастағанын байқауға болады.
Қазіргі кезде терминология, ресми тілдің ұлттық тіл негізінде қалыптастыру мәселесі тіл ғылымында ғана емес, жалпы баспасөз және ақпарат беттерінде ең көкейкесті тақырыпқа айналып, ұлттық терминологиялық қор жасау қажеттілігінен туындайды. Тілде жаңа ұғымдар мен атаулардың пайда болуы ғылым мен техника саласындағы өзгерістермен, жаңалықтармен тығыз байланысты. Осы тұрғыда жиырма бірінші ғасыр ғылым мен техниканың ең жоғары дамыған кезеңі, яғни нағыз терминологияның шарықтау ғасыры болып табылады.
Қоғамдағы өзгерістер, саяси-әлеуметтік және экономикалық қатынастардың жаңа күйге ауысуы тіршілігімізге жаңалықтар енгізіп, тілімізде жаңа термин мен атаулардың пайда болуына әсер етеді. Қазақ терминжасам ісі, ресми-іскери қатынастар ұлт тілі негізінде жүргізіліп, тілде бұрыннан бар сөздер мен түбірлерді терминдер шығармашылығында кеңінен пайдалану үрдісі байқалады. Сонымен бірге дайын сөзжасамдық үлгілерге де арқа сүйей отырып, өзіндік жаңа формалар мен терминдік парадигмалардың пайда болуын атауға болады.
Қарастырылып отырған стильде, оның сан алуан түрлі жанрлары мен тақырып түрлілігі оның негізгі екі түрін ажыратып беруге мүмкіндік жасайды: ресми құжаттама стилі және күнделікті-іскерлік стилі. Өз кезегінде, біріншісінде мемлекеттік органдардың қызметімен байланысты заңнамалық құжаттар тілін және халықаралық қатынастармен байланысты дипломатиялық актілер тілін атап көрсетуге болады.
Күнделікті-іскерлік стильге мазмұны мен жанрларына, тілдік тәсілдерді қолдану сипатына қатысты мекемелер мен ұйымдардың арасындағы қызметтік хаттар түрлері және жеке іскерлік қағаздары жатқызылады. Осы тұрғыдан алғанда, әкімшілік-кеңселік кішігірім тіл негіздерін қарастыру өте маңызды, себебі әрбір азамат үшін бұл тіл ерекшелігімен жете таныс болу аса қажет. Мәселен, оның мынадай түрлері күнделікті өмірде де, жұмыс, қызмет барысында да жиі кездесіп отырады: өтініш, қолхат, түсініктемехат және т.б. Ал, қажетті «қағазды» жазып беру дағдысы адамның тіл мәдениеті мен сауаттылығының басты дәлелі болып саналады. Сондықтан да бұл саланың тілдік тұрғыдан жан-жақты зерттелуі сөйлеу жағдаяты, айтылым мақсаты мен мазмұнын, оның адрестілігін есепке алатын тілдік амал-тәсілдерді тиімді пайдалану үшін аса қажет.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных