Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Оғамдық пікірдің ұлттық санаға әсері.




Қоғамдық пікір дегеніміз зерттеу нысаны үлкен әлеуметтік, саяси қауымдастықтардың қоғамдық қызығушылы-ғын көрсететін, қазіргі кездің өзекті мәселелеріне деген бағалық қатынасының қалыптасуы мен жүзеге асуының заңдылықтары мен тетіктерін анықтау болып табылатын әлеуметтік-саяси пән.

Қоғамдық пікір – жалпы қоғам немесе қоғамның белгілі бір бөлігінің ашық көрінетін іс-әрекеттер мен ұстанымдарды жақтауы немесе оларға қарсы болуы. Қоғамдық пікір қоғамдық жүйе үшін маңызды мәселелерге байланысты өз ойларын ашық білдіретін адамдардың үлкен топтарының тарихи кесімді және өзгеріп отыратын қоғамдық санасы. Қазіргі кездегі ғылыми әдебиетте қоғамдық пікірдің әртүрлі,көптеген анықтамаларын көруге болады. Бұл анықтамаларды қорыта отырып,әлеуметтік-саяси құбылыс ретінде осы феноменнің маңызды белгілерін «қамтитын» бірнеше логикалық нұсқаларды бөліп қарастыруға болады. Біріншіден, қоғамдық пікір жеке индивидтердің барлық көзқарастарын емес,тек осы индивидтер жиынтығының қауымдастық ретіндегі әрекетіне байланысты мәселелерге немесе жағдайларға қатысты көзқарастарды қамтитынын ескеру қажет. Екіншіден, нақты мәселеге және нақты жағдайға байланысты қоғамдық пікір басқа мәселеге және басқа жағдайға немесе басқа жағдайдағы сол нақты мәселеге қатысты қоғамдық пікірден түбегейлі өзгеше болады. Басқаша айтсақ, абстрактілі және тарихи жағдайдан тыс қоғамдық пікір болмайды және болуы да мүмкін емес. Үшіншіден, қоғамдық пікір ашық білдіріліп, қоғамға немесе адамдардың қандай да бір қауымдастығына жеткізілуі тиіс, бұлай болмағанда ол жеке адамдардың өзіндік көзқарасы болып қалады. Төртіншіден, нақты қоғам немесе нақты бір адамдар қауымдастығы – қызығушылық танытатын мәселелерге қатысты айтылатын ойлар ғана қоғамдық пікірге айналады. Бесіншіден, қоғамдық пікір көпшілік нақты бір мәселеге немесе мәселелер тобына байланысты мәліметтерге қолжетімді болғанда ғана қалыптасады. Осыған орай қоғамдық пікірдің жағдайдың шынайы көрінісін білдіретін, сонымен қатар ақиқаттың бұрмаланған кезіндегі мәліметтер негізінде де қалыптасатынын ескеру керек. Алтыншыдан, қоғамдық пікір әрдайым тұрақты құбылыс болмаса да, оған жеткілікті деңгейде айқындық, қарқындылық тән болуы және белгілі бір уақыт аралығында сақталуы тиіс.

Қоғамдық пікір қоғамдық сананың бірде -бір түрімен сәйкес келмейді, әйтседе, ол олардың өзіндік қиюы – «сананың күйі» болып табылады. Іс жүзінде ол басқару жүйесіндегі екіжақты байланысты жүзеге асырады,нақты демократияның пәрменді арнасы, әлеуметтік-саяси үрдістерді басқарудың және әлеуметтік-саяси бақылаудың тиімді тәсілі. Қоғамдық пікірді жан-жақты талдау мен есепке алусыз қоғамның өзін өзі басқаруын, билікті ұйымдастырудың демократиялық түрлерін дамыту мүмкін емес.Қоғамдық пікірді дамыту және есепке алу басқару мәдениетін жоғары деңгейге көтеруге көмектеседі.

Қоғамдық пікірдің субъектісі дегеніміз ортақ белгілері бойынша,мысалы белгілі бір аймақта, қалада тұратын, бір мамандық иелері және т.б., біріккен адамдардың үлкен топтары. Олай болса, қоғамдық пікір субъектісінің – халықтың көпшілігінің, қолданбалы зерттеулерде ескеру маңызды болып табылатын ішкі құрылымы бар. Бұл құрылымның элементтері – таптар, әлеуметтік топтар, жіктер, ұлттар, басқа да әлеуметтік-саяси қауымдастықтар және жеке тұлғалар. Осы қауымдастықтар ішінде қоғамдық пікір қалыптасады және де олар сол пікірді білдірушілер болып табылады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных