Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






АЙСАР ДА ҚАЙТПАС БАСЫЛЫМ




Өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдарының басында “Қызыл Қазақстан” деген атпен жарық көріп, бүгінгі тәуелсіз еліміздің айшықты басылымына айналған “Ақиқат” журналының шыға бастағанына 85 жыл толып отыр. Басылым тарихы – ұлт тарихының айнасы дейтін болсақ, еліміздің күнгейлі шуақты, көлеңкелі ызғарлы 85 жылдық тарихы “Ақиқатпен” біте қайнасып жатыр. Уақыт шіркін бұл ба­сы­лым­ды тар жол тайғақ кешуден өт­кізді. Қазақ зиялыларының басына бұлт үйрілген зұлмат жылдарда осы журналдың қолымен от көседі, қаһарлы жылдар мен партияның қылышынан қан тамған одан кейінгі кезеңдер де өз қиыншы­лық­тарымен тарих беттеріне жазылды. Солай бола тұра, ол қай кезде де өз халқының мінберінен сөй­леп, оның әрі тірегі, әрі жан­ашы­ры бола білді. Қандай қиын кезде де уақыт үрдісіне орай күр­делі-күрделі мәселелерді көтеріп отырды.

Баспасөз болмысымыздың баро­метрі дейтін болсақ, “Ақиқат” та дәуір тынысына, заман рухына сай қоғамдық-әлеуметтік ойдың қалып­тасуына өріс ашты. Халықтың саяси, рухани және мәдени жағынан түлеп, өсіп-өркендеуіне айтарлықтай ықпал етті. Еліміздің тарихы, қасиетті жері үшін өз басын құрбан еткен боз­дақ­тарымыздың өмірімен таныстырып, отаншылдық сезімге тәрбиелеуде де үлкен ықпал етті. Бұл, әсіресе, еліміз егемендік алып, журнал өз атын “Ақиқат” деп атағалы бері айқын аң­ғарыла бастады. “Ақиқат” демекші, журнал осы атты иемденгенше оның аты да, шығарушы құрылтайшылары да бірнеше мәрте өзгерді. Бастап­қы­да РК(б)П Қырғыз (қазақ) облыстық комитетінің журналы ретінде тұ­сауын кескен бұл басылым 1921 жылы 15 қыркүйекте жарық көрді. 1924 жылдан ол Қазақстан КП(б) өлкелік комитетінің органы болып шыға бастады. 1931-1932 жылдары ол оқырмандарының қолына “Қазақ­стан большевигі” деген атпен тиіп тұрады. 1932 жылы аз ғана уақыт “Ауыл коммунисі” деген атқа ие болған журнал “Коммунист” аталып, 1942 жылға дейін шығып тұрды. Журнал жылнамашыларының де­рек­теріне сүйенсек, Ұлы Отан соғы­сы­ның ауыртпалығына байланысты 1942-1944 жылдар аралығында уақытша жабылып қалған. Бұл Ұлы Отан со­ғысы жылдарының ауыр зардап­тары­ның журнал өміріндегі бір көрінісі еді. 1945 жылдың басынан “Қазақстан боль­шевигі” қайтадан өз оқырман­дары­мен қауышты. Ал 1947 жылы өз тарихында екінші рет “Коммунист” деген атауға қайта оралып, 1952 жылға дейін осы атпен жарық көрсе, 1952 жылдан “Қазақстан ком­мунисі” деген атқа ие болды. Жур­нал осы “Қазақстан ком­му­нисі” атауымен 40 жылға жуық уақыт шықты. Еліміздегі демо­кратиялық өзгерістер, қоғамдық сананы сілкіндірген соны леп бұл басылымның өміріне де өз жаңалығын ала келді. Сөйтіп, 1991 жылдың қараша айынан журнал “Ақиқат” деген атпен жарық көріп келеді. Оның не себепті “Ақиқат” деп аталғаны туралы журналдың сол кездегі бас редакторы, белгілі қоғам қайраткері Камал Смайылов өз естелігінде былай деп жазады: “1991 жылы Орталық партия комитеті тарап, журнал бұрынғы атпен шығуын тоқтатқанда, оны қалай сақтау керек деген мәселе туды. Ұлттық Ғылым академиясына, “Білім” қоғамына барыңдар деді. Олардың өздері де жетісіп отырған жоқ, журналды қалай алсын. Содан ойланып, бір телефоннан соң сол кездегі Жоғарғы Кеңестің төрағасы Ерік Асанбаевқа бардым, әңгімелестім. Екеуміз Орталық комитетте қатар қызмет істегенбіз. Оған жағдайды айтып едім, келісе кетті. Екі газеті бар Жоғарғы Кеңес енді екі теориялық-саяси журналды алса да көптік жасамайды ғой деп ұйғардық. Ендігі саясат – халықтыкі, идеология, теория – мемлекеттік дегенге келдік. Оның атын өзгерту керек болды.

Редакцияда бәріміз жиналып, атын іздедік. “Саясат”, “Шындық”, “Ой көкжиегі” деген аттар ауызға алынды. Біреулер: “Парасат” деген ат тамаша келіп тұр, бірақ сіз оны ана журналға беріп кеттіңіз ғой” деді. Сонда маған “Парасатқа” ұқсас, мағыналас сөз еске келді. Мен “Ақиқат” деп атайық деген ұсыныс жасадым. Бәрі қос­тады. Осылайша, мен екі журналдың аты­ның авторы бол­дым”.

Міне, журналдың аты неше мәрте өз­гер­генімен оның заты, ұстаған бағыт-бағдары өзгерген жоқ. Қайта ел еге­мен­­дігімен бірге өзіне үлкен жауап­кер­шілік жүктеп, заман талабына сай пайым-парасаты биік сан қырлы тың дүниелер бере бастады. Өйткені, тарих ақиқаты түпкілікті айтылса, онда басылымның беті ашық, жүзі жарқын, жолы даңғыл, оқырманы көп болады емес пе? Бұл заңды да еді. Өйткені, толайлы тағдыр осы журналдың қолымен от көседі, талай рет қияметтің қыл көпірінен өткізді. Солай бола тұра, журнал өзінің алғашқы қадамынан халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтап, елдің мүддесі мен мақсатын көздей білді. Бұл орайда журналдың аяқтанып кетуіне сол тұстағы “Елім, жұртым, халқым” деп еңіреген ұлт зиялыларының барлығы атсалысты. Журналдың қайнар бастауында – Абдолла Асылбеков, Ерғали Алдоңғаров, Нәзипа Құлжанова, Нығмет Нұрмақов, Сейділда Төлешов, Смағұл Сәдуақасовтардың басылымға басшылық жасауы үлкен бедел әкелді. Олар салған сара жолды қоғам қайраткерлері – М.Атаниязов, Ә.Әйтиев, Н.Бозжанов, Ғ.Бұзырбаев, О.Жандосов, Т.Жүргенов, О.Исаев, І.Қабылов, С.Меңдешов, Л.Мир­зоян, Т.Рысқұлов, атақты ақын-жазу­шылар С.Сейфуллин, Б.Май­лин, І.Жансүгіров, М.Әуезов, Ғ.Мү­сірепов, С.Мұқанов, И.Байзақов, белгілі журналист-ғалымдар Ж.Арыс­танов, С.Бәйішев, С.Бей­сенбаев, С.Ордабеков, А.Ел­ші­беков, С.Есова, Қ.Сәтбаев, Қ.Са­ғындықов, М.Мамажанов, К.Қа­зыбаев, К.Смайылов, С.Ақтаев, А.Жақсыбаев, Н.Оразбек сынды қайраткерлер іскерлікпен жал­ғас­тыра білді. Бұлардың қай-қайсысы болса да күш-қуатын басылымның ұстаханасына арнаған. Бүгінгі “Ақиқат” сол тамыры тереңде жат­қан, рухы биікте қалқыған үлгі-өнеге мектебін жалғастырып келеді.

Журналдың даму, өсу жолы ел тарихының айтулы, маңызды кезең­дерімен тығыз байланысты. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру, қазақ халқының ғылым-білімге ұмтылысы, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ел басына түскен қабырға қайыстырар ауыртпалықтар, тың игеру, одан бергі санамызда жаңғырған басқа да оқиғалар басылым беттерінен айшықты түрде көрініс тауып отырды. Ал журналдың соңғы жыл­дардағы сандарында республика­мыздың егемендік алғаннан кейінгі қадамдары, оны нығайту жолындағы мемлекет, қоғам қайраткерлерінің, зиялы қауым өкілдерінің ой-толғаныстары, сыни пікірлері жарияланып келеді. Ана тіліміз бен дініміз туралы, экономикалық, әлеуметтік және мәдени өміріміздегі шындықты еш боямасыз жариялап келе жатқан да осы “Ақиқат”.

Қай кезде де дүниенің тынысын дөп басып, ақиқат пен әділдіктің жауынгері бола білген ұлттық, қоғамдық-саяси журнал “Ақиқат­тың” бүгін үлкен мерейтойы. Бұл тойды күллі ұлтымыздың тойы десе де болғандай. Себебі, өзінің 85 жылдық тарихында халқымыздың үніне рухани мінбер бола білген “Ақиқаттың” қашанда ел үшін орны ерекше қадірлі. Алда да бұл басылым көпшіліктің көңілінен шығып, бедел биігінен көріне береді деуге толық мүмкіндігіміз бар.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных