ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
БАҚ – төртінші билік пе?
(Намазалы ОМАШЕВ, БАҚ мәселелерін зерттейтін Журналистика институтының директоры:
– Парламентте отырған адамдардың, одан қалса, мұғалім, дәрігерлердің де өзіндік статусы бар. Әлеуметтік статус туралы сөз болғанда, ең алдымен, тұрмыстық жағдай айтылу керек. Себебі К.Маркстың «сананы тұрмыс билейді» дегеніндей, тұрмыстың тауқыметін тартып жүрген адам қоғамның сөзін сөйлеуге бара бермейді. Өзге саланың қызметкерлері мемлекетке қызмет етіп жатқан тұлға ретінде сан түрлі мемлекеттік бағдарламалар арқылы үй алады, басқа да жеңілдіктерге ие болады. Бірақ журналист те қоғам үшін өзгелерден кем еңбектеніп жатқан жоқ қой. Сондықтан қоғам дамуына ерекше еңбек сіңіріп жатқан БАҚ саласына өзіндік мәртебе беруге болар еді. Мысалы, Иманғали Тасмағамбетов Алматының әкімі болып тұрған кезде журналистерге жағдай жасау ерекше қолға алынды. Егер құлық танытса, мұны заңдық жолмен реттеуге еш кедергі жоқ. Шынайы демократиялық, зайырлы қоғамда журналистика саласы, расында да, төртінші билік деңгейіне көтерілген. Заң шығарушы, атқарушы сот органдарынан кейінгі кезектегі күш ретінде мойындалатыны рас. Бірақ әлемдегі мемлекеттердің барлығы демократиялық, зайырлы қоғамда өмір сүріп жатқан жоқ. Сондықтан журналистиканың алатын орны әр елде әрқилы. Бүгінгі қазақ қоғамындағы журналистиканы «төртінші билік» деп атай салуға ауыз бармайды. Мен Америка, Канада секілді бірқатар дамыған елдерге барып, журналистикасын зерттедім. Оларда журналист адамның мәртебесі жоғары. Әртүрлі жолдармен журналист адамның тұрмыстық жағдайын жасауға мемлекет тарапынан жағдай жасалған екен.
Дидар Амантай, жазушы, публицист, кинодраматург:
– Бұқаралық ақпарат құралдары жөніндегі заң жобасының негізінде журналистердің статусын айқындауға, жоғарылата түсуге болады. Ақпарат құралдары – билік пен халықтың бетпе-бет кездесетін алаң. Осы функцияны күшейту үшін журналистердің мәртебесі мен құзыретін заң жолымен көтеруге еш кедергі көріп тұрған жоқпын. Ол үшін журналистің билік адамына қойған сұрағына жауап беру мәселесін заңдық негізде міндеттей түсу керек. Егер заң БАҚ саласының еркін түрде жұмыс жасауына кеңінен мүмкіндік ашса, бұл жур-налист статусының жоғарылағаны болар еді. Дегенмен біздің бүгінгі қоғамдағы журналистика «төртінші билік» деген атауға әбден лайық. БАҚ көтерген көптеген мәселелер билік органдарында кеңінен талқыланып жатады. Шенеуніктер газет бетіне шығып кетуден қорқады. Журналист тек ұнамсыз нәрселерді ғана жазып отырса, ол – кемшілік емес. Сондықтан журналистерге не жазу қажеттігін сілтеп отыру келеңсіз құбылыс болар еді. Журналист статусы жоғарылаған сайын зайырлы қоғамның дамуы да соғұрлым жеделдей түседі.)
77- Журналистика (французша – journal, немісше - journalіstіk, ағылшынша - journalіst) – 1) баспасөз, радио,теледидар, кино, интернет сияқты ақпарат құралдары арқылы елдегі және әлемдегі жаңалықтар мен оқиғалар, саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени, рухани және табиғи құбылыстар жөнінде жұртшылыққа мағлұмат беріп, қоғамдық пікір қалыптастыратын әдеби-шығармашылық қызмет түрі; 2) белгілі бір халықтың нақты бір кезеңде шыққан газет-журналдарының жүйесі, оларда жарияланған материалдар жиынтығы; 3) баспасөз тарихын, теориясы мен практикасын зерттейтін ғылым саласы. авторлық құқық — программалық бұйымды әзірлеуге қатысты автордың құқықтық жағдайын анықтайтын заң шығаратын нормалар жиынтығы. Авторлық құқық ғылым, әдебиет, өнер шығармаларын шығару және пайдалануға байланысты қатынасты реттейтін азаматтық құкық тарауы; ол ұлттық құқық пен авторлық құқықты қорғау жөніндегі халықаралық конвенциялармен реттеледі. Ғылым, әдебиет және өнер шығармаларын жасаумен және пайдаланумен (басып шығару,орындау және т.б.) байланысты қатынастарды реттейтін азаматтық құқық бөлімі. Авторлық құқықты қорғау жөніндегі ұлттық құқықпен және халықаралық конвенциялармен реттеледі. Құқықты калпына келтіру, сондай-ақ келтірілген залалды өтеу туралы талап арыздың көмегімен, бұзылған құқықтарды қорғау, сотта істі қарау тәртібімен жүзеге асырылады. Авторлық шарт Автор(немесе оның мұрагерлері) мен баспа, театр, киностудия және т.б. арасында әдебиет, ғылым немесе өнер шығармаларын қолдану жөніндегі шарт. Авторлық шарт жағдайы азаматтық заңнамалармен айқындалады. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|