ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Айқын» газетінде экономикалық мәселелердің көрініс табуы.Тәуелсіздік кезеңде қазақ публицистикасы тектік, түрлік, жанрлық, стильдік тұрғыдан қалыптасып, дамыды. Публицистиканың өз алдына дербес теориясы да жасалды. Осы өзгерістерге орыс публицистикасының теориясы мен тәжірибесі орасан зор ықпал етті. «Айқын» басылымының бетінде талдамалы жанрдағы публицистика қалыптасты. Тәуелсіздік кезеңде публицистиканың бай жанрлық палитрасы көрініс тауып, өркендеді. Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ публицистикасы, оның ішінде сұхбат жанры жаңа даму жолына түсті. Бұл кезеңде тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы саяси өзгерістер, экономикалық мәселелер, рухани жайттар шығарма өзегіне айналды. Жетістіктер де, емшіліктер де сұхбат жанрынан ақиқат керініс тапты. Ең алдымен «Айқынның» қазақ баспасӛзінде бұрын-соңды болмаған жаңа жобамен, яғни апталық газеттерден ӛзгеше, күнделікті ақпаратқа негізделіп шыққанын ауызға алған жӛн. Ал бұл бүгінгі әлемдік ӛркениеттің талабы екені даусыз. «Айқынға» дейін аптасына бес рет шығатын қазақ тілді газет тек «Егемен Қазақстан» ғана еді. Соған орай жаңа идея, жаңа дизайн туындады. Аптасына бес рет шығатын газеттің әрбір саны әуел баста алынған бір-бір асумен тең болғаны да шындық. Бір қызығы, нӛмір сайын алға жылжыған «Айқын» еңбектеген жоқ, «туа сала» бірден аяғынан тік тұрып, қоғам ӛміріне белсене араласып кетті десек, ол да асыра айтқандық емес. Бұл біздің емес, сол кездегі кәнігі оқырмандардың, тіс қаққан әріптестеріміздің берген бағасы болатын. Туа сала азу тісін кӛрсеткен сол «сәби» қаз-қаз басқан қадамынан жаңылған да, жығылған да жоқ. Қайта күннен-күнге кӛпшілік қауымның ыстық ықыласына бӛлене берді. Тоғыз жыл бұрын жарық дүние есігін ашқалы бері ел ӛмірінің «Айқын» араласпаған саласы жоқ. Қысылған талай жанға кӛмекке ұмтылды, олқылықтарды сын тезіне алды, тұрлаусыз тағдырларға араша түсті. Әлеуметтік әділдік туын кӛтерді, ұлттық мүддені ұран етті. Семсердей ӛткір сӛзімен мүлгіген министрлерді мүйіздеді, енжар шенеуніктерді шырт ұйқысынан түртіп оятты. Мәселен, газеттің алғашқы санынан бастап қалай шабуылдағанымыз еске түседі. «Кӛктӛбе» «кӛшкелі» тұр» деген «Айқынның» ащы айғайынан кейін араға екі күн салып, қалалық әкімшіліктің тӛтенше жағдай жариялағаны әлі есте. Астанада тұғырына қона алмай қор болған Бӛгенбай батыр жайлы газет кӛтерген мәселеден кейін Президент Әкімшілігінің сол кездегі басшысы Иманғали Тасмағамбетовтің Астана қаласының сол кездегі әкімі мен Мәдениет министріне жазбаша тапсырма бергені де күні бүгінгідей жадымызда. «Айқынның» арқасында бірталай танымал азамат баспаналы болғанын ӛздері айтып та жүр. Бұл - мыңнан бір-екі мысал ғана. Не керек, «Айқын» аз уақытта-ақ ӛзіндік арналы ағысына салмақты қанат қағысын сайлап, еңсесін ерекшелеп, бағытын бӛлекшелеп, жалыны мен шалымын ӛзгешелеп үлгерді. Қаптаған басылымдардың ішінен ӛз бет-бейнесі мен нақты орнын иеленді. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|