Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Бас редактор және оның атқаратын қызметі




Бас редактор — баспа, газет пен журнал редакцияларында, радио, телехабар арналарында, көп томды басылымдар (сөздіктер, анықтамалықтар, энциклопедиялар) шығаратын ұжымда әдеби-шығармашылық, өндірістік ұйымдастырушылық жұмыстарды басқаратынлауазымды қызметкер. Бас редактор шығарм.-редакциялық жұмысқа тікелей басшылық жасайды, редакторлар кеңесі (баспаларда) мен редакция алқасының (газет, журналдарда) жұмысына бағыт беріп, жөн сілтеп отырады[1].

Редакциядағы барлық түрлеріне басшылық жасайды. Оның құрылымдық бөлімшелерінің теледидар хабарлары мен теледидар өнімдерінің басқа да түрлерін жоғары идеялық-көркемдік деңгейде жасау жөніндегі жұмысын ұйымдастырады және бағыштайды. Редакцияның хабарлар тарату тұғырнамасын қалыптастырады. Редакцияның перспективалық және ағымдық күнтізбелік-тақырыптық және өндірістік-қаржылық жоспарларын әзірлеуді басқарады, олардың нормативтік негіздегі теңбе-теңдігіне қол жеткізеді, бекітілген жоспарлық көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз етеді.

Басқарудың мемлекеттік және шаруашылық орғандарымен, қоғамдық ұйымдармен және шығармашылық одақтармен тұрақты байланысты жүзеге асырады. Редакция дайындаған теледидар бағдарламалары туралы қоғамдық пікірді анықтау жұмысын ұйымдастырады. Авторлар активін кеңейту және тұрақты жаңарту жөнінде шаралар қабылдайды. Еңбекті ұйымдастырудың алдыңғы қатарлы формаларын қолдану, редакторлық және көркемдік-өндірістік персоналдың шығармашылық қабілетін толықтай іске асыру және ұжымда шығармашылық ахуал қалыптастыру үшін жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді.Күнделікті іс-тәжірибеге хабарлар жасау, хабарлар таратудың түрлері мен формаларын жетілдіру жөніндегі отандық және шетелдік алдыңғы қатарлы тәжірибені енгізу бойынша шаралар қабылдайды. Қажет болған жағдайда неғұрлым күрделі және жауапты хабарларды дайындауға тікелей катысады. Редакцияның редакциялық-көркемдік кенесінің жұмысын басқарады. Дайын хабарларды қабылдайды және микрофондық материалдарды бекітеді.

Редакцияға бөлінген материалдық, қаржылық және техникалық құралдарды ұтымды пайдалануды қамтамасы етеді. Авторлармен және басқа кәсіпорындармен ұйымдармен және мекемелермен өз құзіреттілігі шек терінде шарттар жасасады. жоспардан тыс кірістерді қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастырады. Штаттағы және штаттан тыс қызметкерлердің, авторлар мен хабарларға қатысушылардың енбегіне ақы төлеу жөніндегі құжаттарды бекітеді. Кадрларды жұмысқа деген саналы. адал ниетті көзқарас рухын да тәрбиелеу, еңбек және өндірістік тәртіпті сақтау мен нығайтуды қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізеді. Әлеуметтік әділеттілік қағидаттарын дұрыс қолдануды, теледидар өндірісінің тиімділігін, телерадио бағдарламаларының сапасын арттыруда моральдық және материалдық ынталандыруды қамтамасыз етеді. Тарифтеу, жұмысқа қабылдау мен босату және үздік қызметкерлерді мадақтау, сондай-ақ еңбек және өндірістік тәртіпті бұзушыларына тәртіптік жазалау шараларын қолдану мәселелерін өз құзіреттілігі шектерін де шешеді және ұсыныстар енгізеді.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных