Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Ылыми басылымдар жарияланымдарының танымдық негіздері.




Ғылыми басылымдар-теориялық және эксперименталдық зерттеу нәтижелері және де баспаға ғылыми дайындалған мәдениет ескерткіштері мен тарихи құжаттар шығарылатын басылым. Ғылыми журналдар – ғылыми-зерттеулер мен жаңалықтарды насихаттап, жұртшылыққа таныстырып отыратын салалық не ғылыми-көпшілік мерзімді басылымдар. Ғылыми журналдар жедел ақпарат беру құралы ретіндегі баспасөздің бір саласы болғандықтан, оқырмандарға ғылыми жаңалықтарды уақтылы жеткізіп тұратын, сондай-ақ жаңа зерттеу жұмыстарын сарапқа, талқылауға және ғылыми айналымға ұсынатын маңызды басылымдар болып табылады. Олардың ғылым мен техниканың дамуы мен жетістіктеріне қосатын үлесі елеулі.

Ғылыми журналдар оқырмандардың белгілі бір тобына немесе жалпы көпшілікке арналуына байланысты таза ғылыми журнал және ғылыми-көпшілік журналдар болып жіктеледі. Таза ғылыми журналдарға ғылымның белгілі бір саласына, соған орай тек сол саламен айналысатындар мен әуестенушілердің шектеулі тобына арналған журналдарды жатқызуға болады. Мысалы, «Қазақ тілі мен әдебиет», т.б. Ал ғылыми-көпшілік журналдарға ғылыми негіздегі, бірақ тақырып аясы шектеусіз, жалпы халыққа арналған журналдар жатады.

Қазақстанда шығатын мұндай ғылыми-көпшілік басылымның ең алғашқыларының бірі – ай сайын шыққан «Зерде» (бұрынғы «Білім және еңбек») журналы болды. Кейін республикада әр түрлі ғылым салалары бойынша шығатын салалық, сонымен қатар ғылыми-көпшілік, ғылыми-танымдық, ғылым-педагогикалық журналдар саны көбейді. Мысалы, «Ізденіс – Поиск», «Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының хабаршысы», «Известия Академии наук Республики Казахстан», «Вестник Академии наук Республики Казахстан», «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Ақиқат», «Қазақстан мектебі», т.б

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных