ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Баспасөз және мемлекеттік тіл мәселесі.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» ана тіліміздің терминогоия саласын қазіргі талаптарға сай кемелдендіру қазақ тілін іс жүзінде мемлекеттік тіл дәрежесіне көтеру жолындағы келелі міндет болып отырғаны айтылған. Бұл орайда қазақ тілінде сөйлеуге тиісті ғылым салаларының бірі – баспасөз тілі. Еліміз егемендік алғаннан кейін Қазақстан Республикасының Конституциясы қазақ тілін мемлекеттік тіл деп жариялады. «ҚР-дағы тілдер туралы» заң қазақ тілінің статусын көтеріп, оның дамуына заңдық негіз жасады. Қазақ тілі бұдан былай ғылым мен білім, конференциялар мен форумдар, ресми шаралар, қызметтік жиналыстар, корреспонденциялар мен құжаттар, іс-әрекет пен қарым-қатынастар, шетелдердегі дипломатиялық өкілдер қызметі, халықаралық келісім-шарт, ресми қабылдау тілі болуы керек. Осыларды іске асыру барысында жүзделген, мыңдаған баспасөз терминдер пайдаланылатыны белгілі. Аталған шаралардың бәрін орындау үшін ғылымның, техниканың, мәдіниеттің, іс қағаздарының барлық салалары бойынша екі тілді түсіндірме сөздіктер болуы қажет. Бұрыннан белгілі, бірақ басқа саяси жүйеде қабылданған кейбір интернационалдық терминдердің қазақша баламалары қайта қаралып түзетілді. Жаңадан таңдап алынған халықаралық және орыс терминдеріне қазақ тілінің бай лексикасынан олардың мазмұнын дұрыс және дәл ашатын, мәні мен мазмұны бірдей баламалар берілді. Бұрыннан әр түрлі себеппен қазақшаға аударылмай жүрген халыққа белгілі терминдердің біразына олардың мәні мен мазмұнын дәл ашатын жаңа баламалар берілді. Кей терминдердің қазақша баламалары дұрысталды, көптеген терминдердің түсіндірмесі қайта редакцияланып, қазіргі орфографиялық нормаға келтірілді. Сөздіктегі әрбір түсіндірме мақала терминнің ана тіліміздегі аталымынан басталады; одан әрі кейбір терминдердің орыс тіліндегі нұсқасын, қандай терминнен аударылып жасалғанын, қай елдің сөзінен шыққанын оқырманға аңдату мақсатында этимологиясы, яғни шығу тегі мен төркініне қатысты мәлімет беріліп отырды. Бұған жалғасатын анықтаманың мүмкіндігінше дәлме-дәл, тұжырымды, ықшам, ұғынықты болуына үлкен мән берілді. Одан арғы мәтіндегі ақпаратта түсіндірме сөздік түзу ережелеріне сәйкес ұғымның тарихы, қолданылу аясы, түрлері, қазіргі қолданымы секілді деректер ғана қамтылды. 81 «Қазақ әдебиеті» газетінің ерекшеліктері, айдарлары? Кезінде Қазақстан Жазушылар Одағының органы болған, қазіргі тәуелсіз Қазақстан Республикасының әдебиет, мәдениет және өнер газеті – «Қазақ әдебиеті» өзінің жетпіс бес жылдан астам тарихында қилы-қилы кезеңдерді бастан кешіре отырып, халықтың асыл арманын, көкейіндегі ойын терең ұғына білді, ақиқат пен әділдіктің төрешісі, ұлттық рух жаршысы болды. "Қазақ әдебиеті" ұлтымыздың рухани айнасы, еліміздің әдеби һәм мәдени өмірін жан-жақты қамтитын басылым. Апталық өнер сүйгіш оқырман қауымның эстетикалық талғамын тәрбиелеуде елеулі рөл атқарды. Газет қазақ әдебиетінің жоғары идеялық көркемдік сапасын арттырып, көркем өнердің өмірді танытушылық рөлі мен эстетикалық-тәрбиелік мәнін арттыру үшін күреседі. Әдебиет пен өнердің халық өмірімен тығыз байланыста болуына көмектеседі. Газет беттерінде қазақ ақын жазушыларының өлең, жыр, дастандары, әңгіме, очерктері, роман, повестерінен үзінділер, байырғы мәдени қазынамыздың ел аузында жүрген асыл үлгілері, көне тарихымызға қатысты деректер мен археологиялық-этнографиялық мұралар, қазақ әдебиетінің өткені мен бүгіні және келешегі жайлы байыпты әдеби-сын мақалалар; елдік елеулі мәселелер - қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени оқиғалар жөнінде публицистік өткір ой-толғаулар, дүние жүзі классиктерінің үздік туындыларынан аудармалар жарияланады. Сонымен бірге оқу-ағарту, білім, ғылым саласындағы әр алуан көкейкесті мәселелерді сөз етеді. Кино, театр, сымбат, қолөнерінің келелі тақырыптарын кеңінен толғап, белгілі әдебиет, өнер қайраткерлерімен сұхбат жүргізіп, олардың жаңа шығармашылық туындыларын оқырмандарға таныстырып отырады. 82 Қазақ баспасөзіндегі өнер тақырыбы. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|