Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Азіргі отандық баспасөздің жастарды патриоттық рухқа тәрбиелеудегі ізденістері.




Тәуелсіздік алған кезіміздегі мер­зімді басылымдарда жарияланған ма­қалалар ұлттың сусындап отырған өзек­ті мәселелерін дәл көтеруімен ерек­ше­ленеді. Биыл жарық көргеніне 100 жыл толып отырған «Қазақ» газе­тін­дегі материалдар мен қазіргі баспа­сөздегі материалдарды сараласақ, айыр­ма­шы­лық көзге бірден байқалады. «Қа­­зақ» газетіне бүкіл қазақ зиялысы атсалысты. «Қазаққа» жазғандардың бәрі бір-бір саланың білгірі, маманы болды. Қазір 100 жыл өтсе де, сол кезде баспасөзде көтерілген тіл, дін, жер, латын әліпбиіне көшу мәселелері бүгінгі күнмен сабақ­тасып жатыр. Бүгінгі таңда елімізде 2 532 газет-журнал болса, соның 500-ден астамы ғана мемлекеттік тілде шы­ғады, соның өзінде де олар күн тәрті­бінен түс­пей жатқан проблемаларды қозғап келе жатқаны ащы да болса шындық. Ресми басылымдар мен оппозициялық басылым­дардағы тарихқа қатысты материалдар өте аз. Ресми газеттердің бе­кітілген бес­жылдық жоспарлары бар, ал оппозициялық басылымдарымыз рулық жанжалдар мен сенсациялық мақа­ла­лардан асып отыр­ғаны шамалы. Ұлы Отан соғысы кезін алып қарайықшы. Бізде осыған қатысты дерек­тердің басым көпшілігі Ресейдің мұрағатында сақтаулы. Оған қол жеткізу де оңай емес. Мәселен, қазақ ұлтының жасаған еңбектерінің барлығын үстем ұлт пайдаланды. С.Баймағамбетов жасаған ерлікті А.Матросовқа теліді. Осындай мысалдар өте көп. Дәл осы себеппен көп ерлік бағаланбады кезінде. Ал өскелең жас ұрпақ ерліктің бағасын біледі. Біз де өз кезегімізде мектеп оқулықтарында батырларды барынша дәріптеуге тиіспіз. Осылайша жастарды патриоттық сезімге тәрбиелеуге болады.

Мысалы Жас Алаш, 88 жылдық тарихы бар басылым жарнамалауды қажет етпейдi. Газеттiң басты принципi – мем­лекетшiлдiк, ұлттық мүдде. Ұжымдағы әрбiр қызметкер осы сертке берiк. Бұл шенеунiктердiң президентке берген уәдесi мен сертiнен мүлде бөлек. Бiздiң серт – мем­лекеттiң мүддесi, ұлттың қамы, елдiң, халықтың келешегi үшiн күресу. Бұл жолдан “Жас Алаш” ешуақытта да таймайды.

Бiздiң әрқайсымыз ұлтжанды болуымыз керек. Ұлттың басына қиындық туған кезде әр қазақ, әр азамат елдiң ертеңiн ойлауы тиiс. 18 жыл бұрын тәуелсiздiк алдық. Осы уақыт аралығында жүргiзiлген мемлекеттiк саясаттың олқы тұстары көп. Билiктiң ұстанған пози­ция­сы мен саясаты да халықтың көңiлiнен шықпайды. Зиялы қауым өкiлдерiнiң жағынғыштығы мен жағымпаздығы да жұрттың ашу-ызасын қоздырады. Осының бәрiн “Жас Алаш” бетiнен оқып жүрсiз­дер. Билiктi де, жантықтарды да сын тезiне алып, қауiптi құбылыстың әкелiп соқтырар зардаптарын ескертiп келемiз. Бүгiнгi таңда қоғамды мазалаған бiрден-бiр проблема – мемлекеттiк тiл мәселесi. Қазақ тiлiнiң мемлекеттiк мәртебе алғанына 20 жылдан асса да, ана тiлiмiз кемтар, кембағал, мүгедек күйде қалып отыр. Мемлекет басшысы шетел сапарында мемлекеттiк тiлде сөйлей ме? Сөйлемейдi. Орыс мемлекетiнiң өкiлi тәрiздi орыс тiлiнде сөйлейдi.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных