Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






О Журналистиканың қазіргі жай-күйі, проблемалары.




Бүгінгі таңда «журналистер республикасында» қордаланып, шешімін күтіп қалған проблемалар жетіп артылады. Ол журналистік білім беру саясатынан бастап, бүгінгі ұлттық коммуникация құралдарының шығармашылық және технологиялық мәселелерін түгелдей қамтиды. Ендеше, бүгінгі қазақ журна-листикасының көкейтесті проблемала-рын мемлекеттік деңгейде талқылау-дың кезегі келіп-ақ тұр.  
ҚР Білім және ғылым министрлігі мұрындық болып математиктердің, тарихшылардың ха-лықаралық жиындарын өткізіп, екі саланы ғылыми бастамашы етіп отырғанын журналистер қауымы құптай да қуана жазды. Енді дәл сондай мәртебелі мәжіліске, меніңше, қазақ журналис-тикасы тарихының зерттелуі, ұлттық баспасөздің бүгінгі күнгі практикасы мен ертеңгі күнгі тағдыр-талайы, жоғары оқу орындарында журналистика кадрларын даярлау мектебінің жай-күйі ортақ қолдай тақырып бола алады. Тек мұндай келелі басқосуға Білім және ғылым, Ақпарат, Мәдениет министрліктерінің ортақ мәмілесі мен ықыласты шырайы керек. Ұлттық журналистика бұл күндері тепе-теңдік заңының аясында тіршілік етуде, сондықтан ол — тек идеологиялық әдіс қана емес, сонымен бірге рухани капитал, бизнес саласы. Ендеше, қазақ журналистикасының ақпараттық рыноктағы ахуалын тексеретін, мониторинг жүргізетін Стандард Пур секілді агенттік керек сияқты.

Артықшылықтар мен кемшіліктер

Журналистика қашанда адамгершілікпен, эстетикамен, биік талғаммен, көркемдік түсінікпен тығыз байланыс- ты. Ол қасиетті адам бабалар генінен, тәрбиесінен, өмір тәжірибесінен, оқу-тоқудан жұқтырады. Көп оқыма-ған, көкжиегі қысаң жан жатаған, жалбақтағыш болып қалыптасады. Біз-дің көсемсөзшілер, саяси шолушылар: «өліарада өмір сүр» дегенді қытай данышпандары айтыпты-мыс дегенді жиі-жиі мысалға келтіреді. Ал қазақ даналық мектебінің қарғысқа бергісіз бір тәмсілі – кещенің ғибратын тыңда, наданның қол астында жұмыс істе. Желбуаз, күмпілдек жанның серігі – жағымпаз бен жандайшаптар. Бұл да, өкінішке қарай, қазақы тарихи үдеріс. Әсіре бейімделуге, өңін өзгертуге, жылтырап көрінуге жылпос- тар мен фарисейлер бек төселіп алған. Осындай ілкімділікті әбден меңгерген дүмше «ұстаздар» мектебінен өткен жас шығармашылық өскіннің ертеңі не болмақ? Сондықтан оқытушылардың сапалық құрамын ұйыстыруда, ежелден келе жатқан шынайы, таза конкурстық жүйені қайтадан қалпына келтірген жөн. Праймериз ұйымдастырып – ұжым мен студенттер алдын ала дауыс беріп, белгілі бір тұлғаға көзқарасын білдіргені абзал. Ол сол ортаға сіңімділікті, бедел-берекетті анықтайды. Менің жеке пікірім: дүрмекке ілесіп алаөкпе бола бергенше, журналистика саласында нағыз университеттік толымды білімге, бес жылдық бағдарламаға қайта көшкен жөн. Сонда сан да, сапа да артады. Еш ұтылмаймыз. Жыл сайын журналистика факультетіне 200-дей адам оқуға түссе, олар бес жыл оқыса – 1000 студент деген сөз. Олардың ішінен 1 жылдық магистратураға 20-30 адам алып қала алсақ жеткілікті. Нақты мысал керек болса, Ұлыбрита-ния университеттерінің магистратурасы 1 жылдық. Талай сынақтан өткен ғылыми-тәлімгерлік тәжірибе көрсетіп отырғанындай, ғылым мен педагогикаға бейімі бар студенттерді магистратураға 4-5 курстарда іріктей бастаған абзал. Осы ретте бұрынғы үлгі-өнегені де ұмытпаған жөн. Мәселен, танымал ғалымдарға міндетті түрде докторанттар, магистранттар таңдап алуға құқық берілуі керек. Ғылыми-зерттеу университеті саясатын дәйекті жүзеге асыру үшін потенциалы мықты профессорлардың іздену жұмысымен айналысуға, ғылыми еңбек жазуға қолын босатқан абзал, ежелгідей оларға ассистенттер бекітіп беру де еш артықтық етпейді. Ізбасарлар қалдыру, мектеп қалыптастыру үшін де қолайлы жағдай керек. Профессор Бейсембай Кенжебаев ұлағатын еске алсақ, оның өзі іріктеп алған Рымғали Нұрғалиев, Мұхтар Мағауин, Мырзатай Жолдасбеков, Алма Қыраубаева сынды дарынды шәкірттерінің қандай биіктерге көтерілгенін көзі ашық жұрттың бәрі біледі.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных