Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Түркістан» газетінің өнер-мәдениет мәселелерін жазудағы шеберлігі.




«Түркістан» халықаралық газеті 1994 жылдың 28 қаңтарынан бастап шыға бастады. Қазіргі таңда республиканың барлық облыстарына, оған қоса Ресей Федерациясына да тарайды. «Түркістан» газеті 2009 жылдан бастап «Роспечать» каталогына енгізілген, Ресейде тұратын қазақ оқырмандары біздің газетімізді осы каталог арқылы жаздырып, оқи алады. 2010 жылдың 22 наурызынан бастап газет А2 форматтағы 12 бет көлемінде және түрлі-түсті болып шыға бастады. Осы уақыттан бастап газет жанынан тұрақты төрт қосымша жарық көреді: «Ырыс», «Қоныс», «Тайқазан», «Жаһан». «

• Қоныс» – алыс-жақын шет елдерден атажұртына қоныс аударған оралмандар жағдайын еліміздегі демография мәселесіне ұштастыра отырып талқылауды көздейтін, сондай-ақ ұлттық мәдениетімізді жандандыруға атсалысатын қосымша.

• «Тайқазан» – ұлттық мәселелерді тереңнен қаузауға, ұлттық мүддені тіл, дін, діл, салт-дәстүр, саясат тұрғысынан талдауға арналған.

• «Жаһан» – халықаралық саясатқа, қазақ халқының түркітілдес халықтармен ынтымақтастығына баса назар аударатын, сыртқы саясаттағы басым бағыттарды насихаттайтын қосымша.

Дін, тарих, мәселесіндегі ол кісінің публицистикалық шығармалары оқырмандар көкейінен шығып отырды. Әсіресе, өткен ғасырдың 90-шы жылдарының соңында елімізде өте толғақты мәселелердің біріне арналған көші-қон проблемасына арнап, арнайы «Қоныс» қосымшасын жүргізуді қолға алды. Қосымшаның редакторы Айтан Нүсіпхан Қазақстанның көші-қон саласындағы іргелі саясатының қалыптасуы жайында көп проблемаларды сөз етті. Расында, “Түркістан” газеті негізі қаланған алғашқы жылдардан бастап, күні бүгінге мемлекеттің қалыптасуы мен қазақ руханиятының жандануына еңбек етіп келеді. Газет бетінде қаншама шетенді, күрмеуі қиын проблемалар жазылды, елдің тізгінін ұстаған азаматтармен бірге қоғамдық мәселелер талқыланды. Халқымыздың даңқты перзенттері “Түркістан” арқылы қазақ қоғамына жаңа қырынан танылды. “Түркістан” газеті Мұстафа Шоқайдың “Түркістан” идеясының атын өшірмей, бүгінге дейін жеткізді. Түркі жұртының қара шаңырағы – Қазақстанның басты басылымдарының біріне айналды.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных