ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
О Белгілі бір жазушы немесе журналистің тілдік, стилдік ерекшеліктерін зерттеу.Камал Смайылов- Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қайраткер, С.Сейфуллин атындағы сыйлықтың лауреаты, жазушы –публицист. Ол шығармашылық өмірінде 300-ге жуық мақала жазып, 17 кітап жариялаған екен. «Сенің бақытың», «Өмірдің өзімен өлшесек», «Фильм осылай туды», «Ғасыр қырқасында», «ХХ ғасырға саяхат», «Жолданбаған 27 хат», «Оянған ойлар», «Елім саған айтам, Елбасы, сен де тыңда», «Жеті қыр, бір сыр», «Қиғаш кітап» сияқты еңбектері жарық көрген. Қаламгер публицистикасы жанр жағынан алғанда түрге бай болып келеді. Онда қарапайым заметкадан бастап, репортаж, корреспонденция, мақала, рецензия, очерк, фельетон секілді публицистиканың әр алуан жанрлары кездеседі. Талант иесінің осылай жанр табиғатын меңгеріп, оны игеруі әрі баспасөз бетінде жиі көрінуі шығармашылық мүмкіндігінің мол болғандығын көрсетсе керек. Қаламгердің шеберлігі қай кезде де жеке –дара көрінеді, ол оның шығармашылық стилінен көрініс табады. Стиль – қаламгердің шеберлігін, өзіндік даралығын, талантын дәлелдейтін үлкен көрсеткіштің бірі. Көп оқып терең ізденетін публицист бір ой айту үшін бірнеше деректерге жүгінеді. Бұл қасиеті де оның стильдік өзгешелігі. Камал Смайылов –эпистолярлық жанрда да біраз қалам тартқан шебер журналистердің бірі. Оның «Жолданбаған 27 хатында» қоғамда, өмірде пайда болған күрделі жағдайлардың, қайшылықтардың, адамдардың ойында туған әрқалай, түрлі пікірлердің табиғатын аша отырып, өзі қадірлейтін зиялы қауым өкілдеріне сырттай жүргізген сұхбат-әңгімелері арқылы саяси өмірдің өткен жолдарына бүгінгі көзқараста терең баяндап береді. Автор ретінде жолданбаған хаттардың астарында қозғалып отырған тақырыпты жақсы білетін азаматтардың пікір- пайымымен үндестіре отырып, келелі әңгімеге бара алады. Камал Смайыловтың журналистік шығармашылық ерекшелік сипаты мыналардан көрініс табады: -ойы көркем, мазмұны тартымды болып келеді; -тартымды, тағылымды ой айтады; -нақты деректер мен фактілерге сүйенеді; -дерексіз, дәлелсіз ой айтпайды; - мәселенің мәнін әбден түсініп, дәлелденгеннен кейін ғана тұжырым жасайды; -тілі ғылыми болғанымен көпшілікке қол жетімді; - тіркестер орнымен қолданылады, сөйлемдері тиянақты; - сөз қумайды, ой түйіндей білудің шебері; - кез келген тақырыпты аша біледі.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|