ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Баспасөздегі спорт тақырыбы.Спорт тақырыбы қай басылымның да шырайын келтіре алады. Сондықтан осы тақырыпты жазуға қойылатын талапты көтерген жөн. Спорт тақырыбы, әлемдік сайыстар мен ойындардан репортаждар баспасөздерде де жүйелі жазылып жүр. Осы тұрғыда басылымның тұрақты оқырманы ретінде айтайын дегенім – құрғақ, қызыл сөздер көбірек кетіп қалады. Нақтылық жетіспейді. Спорт тақырыбы мейлінше ақпараттық ықшамдылықты, дәлдікті керек етеді деген ойдамын. Кейде газет тілшілері жазған ұзақ-сонар суреттемелерден іздегенімді, яғни жарыстың нақты нәтижелері мен көрсеткіштерін қапелімде таба алмай қара терге түсемін. Сондықтан мұндай мәліметтердің қысқа да нұсқа берілу үлгілері ойластырылса екен. Сонда оқырмандар қызығушылығы одан әрі артып, олар спорттық нәтижелерді іздеп интернетке, басқа да басылымдарға жүгірмес еді. Спортқа арнайы бет беріп отырса деген тілекті де айта кетсем деймін. Ыз-келіншектер басылымының көтерер жүгі. Бүгінде күн сайын дүниеге жаңа басылым келіп жатса жаңалық емес, алайда сөзі түзу, салиқалы ой айтатын, оқырманына қай жағынан алып қарағанда да берер тағылымы мол журнал ашылса – жақсылық. Quot;Ас болсын" жорналы қазақтың қыз - келіншектеріне арналған басылым. Бұл басылым жас келіншектер мен қыздарды ас дайындауға баулып, үй тағамдарын меңгеруге үйретеді. Бұл басылымда түрлі тағамдарды қалай дайындау қажеттігі және мәзірі бейнелеген. Осы басылым арқылы қазақтың әрбір қыз - келіншектері өз бетінше тағам жасауды меңгере алады. Өткен жылы Республика күніне орай республикалық “Дәуір” полиграфиялық баспа кешені “Ару жан” деп аталатын қоғамдық әйелдер журналын жарыққа шығарған-ды. Содан бері оқырмандар қолына бұл журналдың төрт нөмірі тиіп үлгерді. Өз оқырманын тауып алмай, тұшымды дүние жасамай тұрып “сүйіншілетуді” жөн көрмеген журнал ұжымы жуырда ғана “Ару жан” журналының тұсауын кесті. Мұқабасы көркем, мазмұны терең журналдың тұсаукесеріне еліміздің өнер жұлдыздары, зиялы қауым өкілдері, әр салада кәсіпқойлығымен аты шыққан қыз-келіншектер жиналып, жылы лебіздерін білдірді. Еліміз әйелдердің көкейкесті мәселелерін көтеріп, олардың жоғын жоқтайтын басылымдарға, әрине, кенде емес. Әсіресе, орыс тілінде жарық көретін журналдар жеткілікті. Қарап отырсақ, қазақстандық әйелдер еуропалықтарға да, азиялықтарға да жатпайды. Сонау ықылым замандардан бері Шығыста гендерлік теңдік қазақтікіндей болмағанын кім жоққа шығарады. Журнал беттері мұсылмандықтың иманды жолынан да аттап кетпей, өркениеттің де көшінен қалмай, адамзаттың өркендеуінде өз үлестерін қосып, қоғамның түрлі саласында қолтаңбасын қалдырып жүрген қазақ қыздары мен қазақстандық қыз-келіншектердің табыстары мен түрлі тағдырларына толы. Журнал әлемге әйгілі әйелдердің өміріне арналған айдарларға, өмірден алынған тағылымдық оқиғалар мен кеңестерге толы. Жас ұжым тақырып таңдау мен материалдарды беру тәсіліне барынша кәсіпқойлықпен де келгені байқалады. Әйтпесе, бүгінгі бәсеке мықты заманда көптің көлеңкесінде қалып қою қаупін жақсы ұққан жаңа журналда тосын тақырыптар да жеткілікті. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|