Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Азіргі қазақ журналистерінің шығармашылық қолтаңбаларындағы ерекшелік сипаттары.




Бекқал Әбіш кезінде «Замана» мен оның қосымшасы – «Қызық газеттің» белсенді авторларының бірі болды. Республикалық «Жалын» журналында беделді қызметкерге айналып, соңғы кездері деректі фильм саласында режиссерлік талантымен ерекше көзге түсті. Артында «Тұңғиық», «Намыс», «Асылдан сынық» сияқты кітаптары қалды. Жалынды қыз Алматыдан қырғыз жеріне жол тартқан. Сол сапарға белгілі қоғам қайраткері, ақын Мұхтар Шаханов та бірге шықпақ болыпты. Бекқалдың соңғы демі үзілгенше қос қаламгердің шығармашылық байланысы үзілмеген екен. Марқұмның болмысы туралы кеңірек білу үшін Мұхтар ағаға хабарластық. Ауырлау болса да, ағамыздан апаттың қалай болғанын сұрадық. Ол кісінің айтуынша, 23 мамыр күні Қырғызстанда Шыңғыс Айтматовтың шығармашылығына байланысты үлкен конференция өтетін болыпты. Бекқал соған асыққан. Мұхтар ағаның: «Бармай-ақ қойсаң қайтеді? Осындағы жұмыстарыңды тындыра бер» дегеніне көнбепті. Халықаралық конференция болғандықтан, әлемнің түкпір-түкпірінен белгілі ғалымдар, зиялы қауым өкілдері жиналады екен. Сол мүмкіндікті пайдаланып, Айтматовқа қатысты тың деректер жинап қайтпақ болыпты. Жолға шығарда «Аға, әңгімелесіп, жол қысқартамыз. Біздің көлікке отырыңыз», − деп ағасына қолқа салған соң, Мұхтар аға келісіпті. Алайда, шұғыл жұмысы шығып, бөгелуіне тура келген. «Олар бір жарым сағаттай ерте кетті. Топшылауымызша, ағып келе жатқан көліктің рөлі бұруға көнбей қалған. Бекқалдың қасында екі оператор жігіт болыпты. Көлік бірнеше рет аударылған. Екі жігіт есік ашылып, түсіп қалыпты. Бекқал сақтандыру белбеуін шешіп үлгермесе керек. Оның үстіне, бір аяғы тізеден төмен қарай істемейді екен. Мұның алдында да жол апатына түсіп, аяғына зақым келген. Сол себептен де көліктен шыға алмапты. Көлігі түгелдей өртенген. Бекқал Әбіш – қазақ қыздарының ішіндегі елдік, ұлттық мүддеге ынты-шынтасымен берілген, болмысы бөлек қыз еді. Жазушылығы жағынан да оның орны бір төбе. Менің поэ-зиямды, қоғам қайраткері ретінде істеген барлық жұмыстарымды, Желтоқсан кезіндегі қызметімді – барлығын терең зерттеді. Ұзақ ізденістен кейін «Желтоқсанның асықпаған ақиқаты және бес комиссия мүддесі» деген үш сағаттық фильм түсірді. Бұл фильм осы уақытқа дейін бүркемеленген талай шындықтың бетін ашқан еді. Менің шығармашылығымды зерттеп, кандидаттық, докторлық диссертация қорғаған ғалымдар Қазақстанда да, Қырғызстан да да болды. Алайда, солардың ешқайсысы мені дәл Бекқалдай терең зерттеген жоқ. Сондықтан, оны жоғалту мен үшін үлкен қайғыға айналды.

Екінші кейіпкеріміз – қазақ тележурналистикасының саңлағы – Бейбіт Құсанбек. Небәрі 45 жасында бақилық болды. Оқиға 2007 жылдың 6 ақпанында орын алған. Бейбіттің автокөлігі «КамАЗ» жүк көлігінің табанында тапталды. Ол артында қалған үш ұлын ғана емес, бүкіл елін еңіретіп кетті. Өмірінің соңғы жылдары Бейбіт Құсанбек «Хабар» агенттігі Президент телерадиокешенінің публицистикалық бағдарламалар бөлімінің редакторы қызметін атқарған еді. Мыңдаған көрермен оны «Тіл», «Ел ағалары», «Бір сәт және бүкіл ғұмыр» жобалары арқылы таныды. Оның «Тіл» бағдарламасы 2005 жылдың үздік ток-шоуы деп танылса, 2006 жылы журналиске Елбасымыз алғыс жариялады. Бейбіт – лирик ақын, табиғаты ешкімге ұқсамайтын ғажап сазгер еді. Артында мөлдіреген жырлары, әсем әндері қалды. Күләш Ахметованың сөзіне жазылған Бағдат Сәмединова орындап жүрген «Бегімайдың әні», «Сырғалы сұлу» сынды бірнеше лирикалық ән жазды. Егер журналистика емес, сазгерлікті таңдаған болса, Бейбіт тамаша сазгер ретінде де тарихта қалатын азамат еді. Бірақ, өзгенің бәрінен өзі таңдаған даңғыл жол – журналистикасын жоғары қойды, оған өмірінің соңына дейін адал қызмет етті.

«Бәріміздің баратынымыз – қара жер» Опат боларынан бес күн бұрын Руслан Бөлебай осылай деген екен. Журналист Руслан, әнші Руслан, ақын Руслан, тіпті суретшілік те табылыпты бір бойынан. Апат 2009 жылы шілденің 16-сынан 17-сіне қараған түні орын алған. Дәл сол күні Руслан Анкарада өтетін үлкен концертке қатысуға тиіс болатын. «Ертең Анкараға жеткенше ұшақта ұйықтап үлгерермін. Әлі де біраз уақытымды достарыммен өткізуім керек» деп түн ортасында бір топ жолдасымен «атқа» қонады. Жастардың ойы – шолпан жұлдыз сөнгенше Алматыны шарлау еді. Әнші Нұржан Қалжанның «Тойотасын» таңдайды. Сағат 3.30-да Гагарин көшесімен жоғары көтеріліп келе жатқан автокөлікті Жамбыл көшесінен шыққан «Мерседес» үлкен жылдамдықпен сол жақ бүйірінен соғады. Сағат тілі тұп-тура 7-ні көрсеткенде өнер деп өрекпи соққан от жүрек мәңгіге тоқтайды. Небары 24 жасында құйрықты жұлдыздай ағып түскен талантты журналист санаулы ғұмырында талай биіктерді бағындырды. Руслан тілшілік қызметке 15 жасынан келген. Республикалық және қалалық газеттерде алғашқы тырнақалды мақалалары жарық көреді. Өзі аңсаған ҚазҰУ-дың журналистика факультетіне түсті, магистр дәрежесін алып шықты. Білім ала жүріп журналистік қызметпен айналысуға уақыт таба білді. 2003-2004 жылдары «Арай» журналының жауапты редакторы қызметін атқарса, 2004 жылы «Егер мен ВВС басшысы болсам» байқауының жеңімпазы атанып, Ұлыбританияның астанасы Лондонда ВВС радиосында өндірістік тәжірибеден өтті. Телевизиядағы алғашқы қадамын КТК телеарнасының ақпараттар бөлімінен бас-тады. 2007 жылдың қаңтар айынан бастап «Қазақстан» ұлттық арнасының «Таңшолпан» бағдарламасын жүргізді.

 

39. Синоним, омоним, антоним сөздер арқылы баспасөз материалдарын әсерлі ету жолдары.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных