Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






О. Корреспонденция туралы түсінік




Баспасөздегі корреспонденция. Корреспонденция негізіне өз алдына бөлек, әлеуметтік маңызы бар оқиға алынады. Журналистің оқиға ортасында болуы маңызды емес, ол оқиғаны көзімен көрген, басы-қасында болған куәгерлердің әңгімесінен, не болмаса дерек көздеріне сүйеніп жазуға болады.

Қазіргі таңда кейбір зерттеушілер корреспон.-ң екі тобын бөліп көрсетеді – ақпараттық және талдамалы. Алайда, ақпараттық корресп.-ң өзіне талдамалы жанр элементтері, яғни бағалау, болжам және т.б.кездеседі. Сондықтан да корресп. талдамалы жанрға жатқызған дұрыс. Орыс ғалымы Н.Голядкин жанрды қалыптастыратын мынадай белгілерді атайды:

- Зерттеу құралы ретінде пробл.тұтастықтағы жеке жағдай;

- Нақты жағдайды талдау негізінде ағымдағы болмыстың даму заңдылықтарын табу;

- Дерек мәтіннің негізі ретінде, оны түсіндіру;

- Жүйеленген деректердің қорытудан шығатын авторлық ой-пікір;

- Айқын көрсетілген тізбек, тезис, дәлелдеме, айғақ, қорытынды.

Корресп.-публицистикадағы кең тараған жанр. Бұл жанр баспасөздің пайда болуымен қатар дамыды. XIX ғ.қазақ баспасөзінде корресп.жанрындағы материалдар алғашқы мерзімдік басылымдарда жарық көре бастады. «Дала уәлаяты», «Түркістан уәлаяты», «Қазақ» т.б.газет-журналдарда корресп.жанрындағы материалдар жеке айдар болып қалыптасты. Газетті корресп.-сыз елестету мүмкін емес. бұл жанр мақаламен қатар газетте маңызды рөл атқарады. Корресп.-журн-ң зерттейтін әлеуметтік мәні бар мәселе жайлы туындысы, уақытпен шектелген публ.-ң жанры.

Корресп.-ң ерекш:

- Корресп.-ң мақсаты – болып жатқан оқиға жайлы хабардар ету, жеңіл түрде есеп беру, кейде үгіттеу элементі орын алады;

- Корресп.-ғы шындық бейнесін айқындайтын басты әдісі – болып жатқан оқиғаны бақылау, қосымша ретінде құжаттары зерттеу, сонымен қатар, журн-ғ өзіндік көзқарасы;

- Корресп.-ғы шындық белгілі бір аудиторияны қамтиды;

- Корресп.-да бейнелеу, суреттеу құралдары қолданылады;

Жалпы корресп.-ң міндеттерін былай сипаттауға болады:

- Қазіргі шындықты зерттеудегі заңдылықты анықтау;

- Қоғамда болып жатқан оқиғалармен байланысын анықтау;

- Толық түрдегі нақты құбылыстарын көрсету;

- Тәжірибені белгілі бір тақырып бойынша зерттеу.

Корресп. түрлері:

Ақпараттық корресп. Оқиғаның, не құбылыстың уақыты мен орны байланысқан хабардың мазмұны. Бұл кеңейтілген мақала. Не? Қайда? Қашан? Деген сұрақтарға жауап оқиғаның кейіпкерлері жайлы мәліметтермен, оқиғаға дейінгі және кейінгі мәліметтермен толықтырылады. Басты талап – оқиғаны нақты, байланысқан түрде, дер кезінде жеткізу.

Сараптамалық корресп. Хабар берумен қатар, оған талдау жасайды. Не? Қайда? Қашан? Деген сұрақтарымен қоса не мақсатпен? Қалайша? деген сұрақтарға жауап іздейді.

Суреттеме-корреспонденция. Уақыт және оқиға орнымен шектеледі, автордың бейнелеуі мен суреттеуі арқылы беріледі. Автор материалдың мазмұнына оқиғаға деген көзқарасын білдіруге мүмкіндік алады. Корресп.-ң бұл түрі әдеби тіл мен көркем – публ.-қ тілді пайдалануды талап етеді.

Корресп.-я – нақты материалға құрылған, өзекті тақырыпты арқау ететін, белгілі бір мәселеге талдау жасайтын жанр және өмір шындығының үзіндісі. Корресп.-да мақалаға қарағанда дедукция-бөлшектеу әдісі қолд, яғни мәселе жекеден жалпыға көшіп отырады.

Радиодағы корресп.-я – «өмір бөлігінің» суреттелуі, ол сараптамалық жоспармен маңызды тақырыпты арқау етіп, белгілі бір мәселе туралы деректер нақты, дәл материалдан құралған жанр. Мұнда маңызды рөлді жеделдік, тақырыптың дәлдігі, анық адрес атқарады. Жаңалықтарда журналист әр кезде нақты ақпарат көздеріне сүйенеді. Радиокорресп.-да өткен жағдай жөнінде журналист немесе куәгер болған оқиғалардың ізін суытпай жұмыс атқарады. Радиодағы корресп.-ң түрлері:

1. Радиодағы ақпараттық корресп.-да материалдың кең ауқымда қарастырылуы жағдайға байланысты тақырыптың дамуымен ерекшеленеді.

2. Радиодағы сараптамалық корресп.-да суреттелетіп отырған құбылыстың, оқиғаның себептері ашылады.

3. Радиодағы қойлымдық корресп.-да күнделікті, маңызды жағдайды, деректің сараптамасы мен синтезі негізінде жасалады.

4. Радиодағы ойшыл корресп.-да журналист оқырманмен бірге сараптама жасайды, сәйкестендіреді, теңестіреді, күллі деректер тізімін бағалайды.

Телекорресп-я өзге талдамалы публицистика жанрлары сияқты телевидениеге газет пен радиодан келді. «корресп-я» орнына телевидениеде «бағдарлама» термині кең көлемде қолд. Телевизиялық корресп-я газет-журналдардағы корресп-я мен пробл.мақалалардың экранға көшкен түрі.

Телевизиялық корресп-я авторы – тілші кадрдан тыс қалса да өзінің жанрлық белгілерін жоғалтпайды. Телеэкрандағы корресп-ң екі толыққанды авторы болады. Олар: әдеби қызметкер мен оператор. Мұнда сөзден бөлек, көркемдік бейненің берілуі де маңызды.

6Қазіргі қазақ журналистерінің шығармашылық қолтаңбаларындағы ерекшелік сипаттары.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных